
- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
- •3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6 Тақырып . Инввестиция есебі (қаржылық салымдар). Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
- •7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.
- •8 Тақырып Несиелер мен займдар есебі.
- •9 Тақырып. Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі.
- •10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).
- •11 Тақырып. Нқ-ң амортизациясы мен тозуын есепке алу.
- •12 Тақырып. Нқ-ы жөндеудің және жаңғыртудын есебі.
- •13 Тақырып. Нқ-ң ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі
- •14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.
- •15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.
- •19 Тақырып. Материалдың өндірістегі жұмсалуын бақылау жасау әдістері.
- •20 Тақырып. Материалдық құндылықтарды сатып алу есебі, жектізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу.
- •21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.
- •22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.
- •24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
- •25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
- •26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
- •27 Тақырып. Жалақыдан ұстап қалу және шегеру есебі.
- •28 Тақырып. Еңбекақы төлеу тәртібі.
- •30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.
- •31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
- •32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.
- •34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі
- •35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.
- •36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •37 Тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
- •38 Тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
- •41 Тақырып. Ддайын өнімді түгендеу және оның нәтижесін есепте көрсету.
- •42 Тақырып. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі.
- •43 Тақырып. Меншікті капитал есебі.
- •44 Тақырып. Төленбеген капитал есебі. .
- •45 Тақырып. Резервтік капитал есебі
- •46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..
- •47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.
- •48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.
- •49 Тақырып. Есеп саясатының ұғымы және құрылуы.
- •50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.
- •51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.
- •52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- •53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
- •54 Тақырып. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті міндеттері.
- •55 Тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.
- •56 Тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.
- •57 Тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
- •59 Тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •60 Тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.
- •61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.
- •62 Тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •63 Тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •64 Тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.
- •65 Тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.
- •66 Тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.
31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
Өндірістік шығындар дегеніміз – өнімдерді, тауарларды (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы ж/е қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім (жұмыс, қызмет) өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өнімнің өзіндік құнына енгізілу тәртібі бойынша да біртекті емес. Сондықтан экономикалық теорияда шығындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады. Шығындардың негізгі жіктелуі мынандай:
Негізгі шығындарға өнімдерді дайындаудағы өндіріс процесімен тікелей байланысты шығындар жатады. Бұл шығындарға кіретіндер: шикізаттар, материалдар, өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы, технологиялық мақсаттар үшін қажетті жанар-жағар майлар және т.б.
Қосымша шығындарға ұйымдастыру мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты шығындар жатады. Олар: өндірістік бөлімшелердегі әкімшілік-басқару персоналының еңбекақысы, электро-энергия шығындары, өндіріс ғимаратын жылытуға арналған отын, өндірістік негізгі құралдардың тозуы және оларды жөндеу шығындары және т.б.
Бір элементті шығындарға сол кәсіпорынның құрамдық бөліктеріне бөлуге келмейтін біртекті экономикалық элементтер жатады.
Кешенді шығындар бірнеше экономикалық шығындардың жиынтығынан тұрады. Оған жататындар: қосымша шығындар, бірнеше элементтен тұратын кезең шығындары және т.б.
Айнымалы шығындарға жалпы мөлшері шығарылатын өнімдердің көлеміне тікелей байланысты болатын шығындар жатады. Осыған
байланысты өнімдердің бірлігіне келетін мұндай шығындардың мөлшері өзгеріссіз қалуы мүмкін. Айнымалы шығындарға жататындар: шикізаттар мен материалдар шығындары, технологиялқ мақсаттар үшін отын мен электро-энергия, жұмысшылардың еңбекақысы және т.б.
Тұрақты шығындарға өндіріс көлемі өзгерсе де өзгермейтін немесе болар-болмас өзгеретін шығындар жатады. Мысалға қосымша шығындарды, жалпы және әкімшілік шығындарын келтіруге болады.
7
Өнімдердің жеке түрлеріне енгізілетін шығындар тікелей шығындар деп аталады. Бұл шығынға жататындар: шикізаттар мен материалдар шығыны, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, ақаудан болған жоғалтулар және т.б.
Өнімдердің әр түрлі түрлерінің арасында пропорционалды түрде бөлінетін шығындар жанама шығындар деп аталады. Шығындарды тікелей және жанамаға бөлу өндірістің ұйымдастырылуына және оның салалық ерекшеліктеріне, сонымен бірге өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылдаған әдістеріне байланысты болады.
Ағымдағы шығындарға сол есепті мерзімдегі өндіру мен сатуға байланысты шығындар жатады.
Бір жолғы шығындарға өнімдердің жаңа түрлерін дайындауға және меңгеруге, техникалық әдебиеттер мен газеттерге жазылуға кеткен шығындар және т.б. жатады.
Өндірістік шығындарға өнімдерді дайындауға және олардың өндірістік өзіндік құнын белгілеуге кеткен шығындар кіреді.
Өндірістік емес шығындарға кәсіпорынның қызмет нәтижесінен есептен шығарылатын кезеңдік шығындар жатады.
Классификация (жіктелу) белгілері |
Шығындардың бөлінуі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өнімсіз шығындар деп - өндірісті ұйымдастыру және технологиядағы жетіспеушіліктермен байланысты шығындарды айтады.
Өнімді шығындар жоспарланады, сондықтан олар жоспарланған деп аталады. Ал, өнімсіз шығындар жоспарланбайды, сондықтан да олар жоспарланбаған деп аталады.
Өндіріс шығындарының есебін жүргізетін шоттар жүйесі
Өндіріс үрдісі және өндірістегі шығындардың әртүрлі болуы шоттардың үлгілік жоспарындағы мына шоттар тобын пайдалануды талап етеді:
8100- негізгі өндіріс
8200- жеке өндірістегі жартылай фабрикат
8300- көмекші өндіріс
8400- жүкқұжат шығындары
Өндірістік шығындарды элементтерілген және калькуляция баптары бойынша есебін жүргізуді қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістің барлық шығындарын дайындалған өнімнің түрлеріне қарай 8100 шотында топтастырылады. Бұл шот пайдалану мақсаты бойынша калькуляциялық болғанымен экономикалық мазмұны бойынша шаруашылық жағдайын сипаттайтын шот болып табылады.
8300 шотында ұйымның құрылымдары қолданатын көмекші өндірістер өнімдер мен қызметтерінің өзіндік құнын анықтайды.
Өндірістік шоттардың жүйесі шғынгдарды топтастырып және олардың есебін төмендегі ретпен жүргізуге мүмкіндік береді:
1. ай ішінде жұмасалған шығындардың элементтері өндірістік шоттардың дебетінде көрсетіледі.
2. Алдағы кезеңдердің шығындары есептен шығарылып және ай соңында келешек шығындар резервтеледі.
3. Шығындар есептен шығарылып немесе көмекші өндірістің жұмыстары арасында бөлінеді.
4. Негізгі цехтардың шығындары қосылып және таратылады.
5. Жарамсыз өнімдерге кеткен шығындар анықталып өнімінің өзіндік құнына қосылады.