Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.

Кәсіпорын – түрлі өндірістегі және шаруашылықтардан (негізгі,көмекші,қосымша,қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріске - кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ қнімді сатуға ж/е зауыт ішінде тұтынуға желілік, ұсталық,престеу – машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу – механикалық ж/е аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау ж/е т.б.)

Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі ж/е көмекші өндірісте пайдаланылатын материалдардан өнім өндіреді.

Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды ж/е әрт.рлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.

Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық ж/е жаппай өндіріс болып үш топқа бөлінеді.

Жеке-дара (жекелеген) өндіріс – өнім жекелеген даналармен н/е қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынандай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар наөты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цетардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді; дайындық – қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірісті басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу .шін ж/е өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым бойынша есепке алынады.

Сериялық өндіріс - біркелкі бұйымдарды дайындап шығаруды оқтын-оқтын қайталанып отырумен сипатталады ж/е оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі, жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптар мен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнәркәсібінде ж/е металл өңдеуде неғұрлым кең тараған.

Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай 3 түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағүрлым тар, ал өндірістік желілермен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).

Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың ж/е өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік н/е қайта жасау әдістерін қолданады.

Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты. Шығарылатын өнімдердің ассортименті көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі ж/е өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән білгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің ж/е оның негізгі элементтерінің өзіндік құнан есепке алудың ж/е калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.