Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.

Еңбекақы қызметкердің орындалғанжұмыс көлемі мен белгіленген еңбекшарты және лауазым нұсқауына байланысты төлем. Еңбек тиімділігін арттырудың әр түрлі ынталандыру жолдары болып сияқы, қосымша төлем, кепілді төлем ақы және т.б жатады .

Жұмысқа алушы еңбекақы жүйесі мен нысанын еңбек туралы ережегі сәйкес нақты еңбек жағдайын ескере отырып қызметкерлер ережесі бекіткен жұмысшылар және жұмыс уақыты режимі бойынша өздері белгілейді.

Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша н/е ұжымның жұмыс нәтижесі бойынша төленеді. Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі заң бойынша белгіленген еңбек ақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.

Тәжірбие жүзінде еңбекақы ұйымдастырудың 2 нысаны: мерзімді және кесімді қолданылады.

25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.

Мерзімді еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалары немесе қызмет актілері бойынша жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы – жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбекақы жүйесі тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасы мен қызмет ақысымен анықталады.

Бюджеттік сала қызметкерлеріне тарифтік ставка немесе тиісті қызмет ақы тағайындалғанда төлемқы еңбекақы мөлшерінен бірыңғай тарифтік сетка қолданылады.

Бірыңғай тарифтік сетка еңбекақы төлеудің 21 разрядына негізделып, әр разряд бойынша ­өзіндік тарифтік коэффициент белгіленген.

Кесімді еңбекақы жағдайындағы, қызметкерлерге еңбекақы әрбір орындалған немесе өндірілген өнім үшін алдын ала белгіленген мөлшерде есептеледі.

26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:

1. тікелей кесімді жүйе

2. кесімді сыйақылық жүйе

3. ілгерішіл-кесімді жүйе

4. жанама кесімді жүйе

5. Аккордық жүйе

Негізгі және қосымша еңбекақы.Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

1.Мерзімді және кесімді еңбекақы.

2. Сыйлықтар мен сыйақылар

3.Үстеме сыйлықтар

Қосымша еңбекақы- еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген , жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.

8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.