Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.

Қаржылық есепті ұйымдастыруда шаруашылық әрекеттерді орындау барысында заңдылықтарды қадағалауда кәсіпорын басшысы жауапкершілік атқарады. Ол қаржылық есептің дұрыс жүргізілуіне барлық бөлімшелері мен қызметтерінің кәсіпорын қызметкерлерінің орындауын қамтамасыз етуіне есеп ұсыну тәртібінің талаптарын қамтамсыз етуде жағдай жасауы керек.

ҚР-а қаржылық есеп жалпы құқықтық және әдістемелік басқару бух-к есеп органы болып саналатын ҚР-ң қаржы министрліггі қызмет атқаратын ҚР үкіметімен жүзеге асырылады.

ҚР-а 1995 жылдан бастап бух. есептің реформалануы 4 деңгейде жүргізіледі.

І деңгей- ҚР Заңдары

А) ҚР-да «Бух. есепке алу және қаржылық есеп беру» туралы заңы

Ә) ҚР-ң Азаматтық кодексі

Б ҚР-ң Салық кодексі

ІІ деңгей- ҚР-ң қаржы министрлігінің өкілетті органы мен дайындаған және бекітілген ҚР бух-к есеп стандарттары, бух-к есеп шоттарының үлгі жоспары, 2006 жылдан бастап халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары(ХҚЕС)

ІІ деңгей- бух-к есеп стандарттарына әдістемелік ұсыныстар, жұмыс жоспарын қолдау бойынша нұсқаулар, нормативті құжаттар. Осы деңгейде қаржы министрлігімен дайындалып бекітіледі.

IV деңгей- субьектінің есеп саясаты, субьектінің жүргізетін есебінің нысаны, шоттардың жұмыс жоспары белгілі бір обьектілер бойынша есептің таңдалған әдістері талқыланатын субьектінің өзімен дайындалып бекітіледі; нормативті құжаттардың есеп жүйесінің 4 деңгейлі әдісі шартты және кему немесе арту жағында өзгертілуі мүмкін.

Бухгалтерлердің кәсіби этикасы

Іскерлік қатынастар этикасының тәжірбиесі сенім негізінде құрылады, клиенттер мен және жабдықтаушылар мен тұрақты өнімді қатынастар ынталандырады.

Көптеген компаниялар қызметкерлер басщылыққа алатын этика ережелерін жасап шығарады. Бұларға мыналар жатады:

1. Құзыреттілік

  • Қабылдаған заңдарды, ережелер мен стандарттарды қолдану

  • Кәсіби құзыреттілікті қолдау ( нормативті құжаттар оқып білу)

  • Тиісті талдау өткізгеннен кейін толық және анық есептер дайындау

2. Құпиялылық

  • Заң бойынша талап етілмейтін болса, құпия ақпаратты жария етпеу

  • Құпия ақпаратты жеке пайдасына қолданбау

  • Бағыныштылары құпия ақпаратты жарияламайтындығына көз жеткізу

3. Адалдық тұтастық

  • Мүдделер қақтығысынан қашқақтау және басқаларға ықтимал кикілжіңге кіріспей, өзін-өзі ұстап қалуды ұсыну.

  • Ұйымның заңды мақсаттарын бұзбау

  • Мінез-құлыққа әсер ететін сыйлықтар мен қызметтерден бас тарту

  • Жеке және кәсіби шектеулерді мойындау және ол туралы хабарлау

4. Әділеттілік

  • Ақпаратты әділ және обьективті ұсыну

  • Басқару үшін пайдалы болуы мүмкін ақпараттың барлығын ашып көрсету

5. Этикалық жанжалды шешу

  • Субьектіде белгіленген саясатты қолдану

  • Егер жанжал шешілмесе немесе белгілі бір саясат болмаса, іс-қимылдардың ықтимал бағытын жете зерттеу үшін әділетті кеңесшілермен құпия әңгімеде лайықты тұжырымдарды түсіну.

  • Егер тікелей басшының мінез-құлқы этикаға жат болса, мәселені одан жоғары деңгейде талқылау керек.

  • Егер мәселе шешілмесе, соңғы амал жұмыстан шығі

  • Компаниядан тыс тұлғаларға этикалық жанжалдар жайлы хабарламау.

Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері

Кәсіпорындағы бух-к есеп бас бухгалтериямен басқарылатын бухгалтериямен жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында бух-к қызмет болмаса, басшы есеп пен есеп беру жүргізуді арнайы мамандандырылған ұйымдарға келісім шарт негіздерінде тапсыруына құқығы бар. Кәсіпорынның бухгалтериясындағы жұмыс ереже бойынша бух-к жұмыстың мөлшері мен көлеміне байланысты мынадай негізгі топтарға бөледі:

  • Есеп айырысу

  • Материалдық

  • Өндірістік калькуляциялық

  • Қаржылық

Бас бухгалтер қызметіне кәсіпорынның басшысы тағайындады және оған бағынады. Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есеп шоттарды шаруашылық әрекеттерді бейнелеуді және бақылауды, орынды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бух-к есеп құруды, кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізуді қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге ТМҚ мен ақша қаражаттарын қабылдау және қабылдау және беру сонымен қатар есеп айырысу, несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісім шарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды.