
- •Мазмұны
- •1.1 Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі
- •2.1 Құқықбұзушылықтың себептері
- •1.1 Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі
- •1.2 Құқық бұзушылық түрлері
- •2.1. Құқық бұзушылықтың себептері
- •2.2 Құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықбұзушылық жауапкершілігінің ұғымы
- •Қорытынды
2.2 Құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықбұзушылық жауапкершілігінің ұғымы
Кез келген құқықбұзушылық мінез-қылық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал қылмыс дегеніміз-қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан: қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар, орыстар, тағы басқалар болуы мүмкін.
Қылмыскерлерден әсіресе жасөспірімдер зардап шегеді. Олар құрбандыққа тікелей де, жанама түрде де тап болады. Егерде адам қылмыс істесе, оның балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе, үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.
Жазаны салу туралы қаулыны барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар орындауға міндетті.
5 саты - құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым арыз қаулы шығарылған күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Бұл стадия осы іс жүргізушіліктің қосымша стадиясы болып табылады.
Кәмелеттік жасқа толмаған және 16 жастағы жасөспірім кез келген қылмысы үшін жауапқа тартылады.
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын жазалар мыналар12:
а) айыппұл салу;
ә) белгілі бір кәсіппен айналысу еркінен айыру;
б) қоғамдық жұмыстарға тарту;
в) тәртібін түзету жұмыстары;
г) тұтқындау;
ғ) бас бостандығынан айыру.
Қылмысты, істі қарау және жазалау шараларын белгілеу кезінде сот жазаны жеңілдету жайын да қарастырып отырады. Заң қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайларды белгілейді.
Оларға мыналар жатады:
Егер кінәлі адам істеген қылмысының артындағы зардабын өзі жойса. Мұның мәнісі-кінәлі адам зиянды зардапты толық жойды немесе одан ауыр зардапқа жол бермеді деген сөз.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы. Күнделік өмірде адамдар бір-бірімен әрқандай сипатта (мүлікті не мүліксіз) түрде де байланыс жасайды. Ал мұның жеке азамат үшін де, мемлекетті тұтастай алғанда да аса зор маңызы бар. Біреулер материалдық игіліктер (азық-түлік, өндіріс заттары немесе басқа да қажетті заттар мен бұйымдар) өндірсе, басқа біреулер оны тұтынып, материалдық және рухани қажеттіліктермен өздерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп өндіруші мен тұтынушының арасында белгілі бір қатынас қалыптасады. Мүліктік қатынас сатушы мен сатып алушының арасында туады сонымен бірге біреуге біреудің қызмет етуі мен қызметті пайдалануы көрініс береді. Осындай қатынастардың қоғамдық маңызына қарай мемлекет, осы сияқты байланыс шеңберінде бұған қатынасушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Азаматтық мүліктік қатынастың ерекшелігіне қарай екі жақ та тең құқықты болып есептеледі.
Мүліктік игіліктерге басқа да заттар жатады. Мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға адамның өмірі, денсаулығы, жеке адамның қадірі, ары, іскерлік дәрежесі және басқа да материалдық емес игіліктер жатады.
Барлық көрсетілген объектілер адамдар арасында туатын азаматтық-құқықтық қатынастардың қайнар бастауына қызмет етеді. Мұндай қатынастарға адамдар келісім жасау, өздеріне міндеттер алу жолымен түседі.
Келісім адамдардың азаматтық құқық пен міндетті орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекеті. Келісім бір жақты болуы мүмкін. Мысалы, өсиет қағаз жазу. Ал мұраны қабылдап алу үшін ешкімнің келісімі талап етілмейді. Сондай-ақ келісім екіжақты немесе көп жақты да болады. Мұны келісімшарт деп атайды.
Әкімшілік құқықтық жауапкершілік туралы. Заңдық жауапкершіліктің ерекше түрі әкімшілік жауапкершілік болып табылады.
Мұнда заңдық жауапкершіліктің барлық түрлері бар: құқық нормасының негізі бойынша, мемлекеттік мәжбүр ету бойынша құқық нормасының бұзылуы.
Заңды жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық теориясында дискуссоналды болып табылады. Заңды жауапкершілік туралы көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салысту мүмкін емес.
Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір талаптарды орындауы.
Жаупкершілік тар мағынада немесе әлеуметтік заңдық мағынада құқықбұзушылық жасаған тұлғаға заңда көзделген тәртіптпен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану.
Заңды жауапкершілік нақтылы бір құқықта және фактілік негізде қолданылуы мүмкін бұл негізге мыналарды жатқызуға болады:
Заңды жауапкершілікті болдыртпайтын жағдайлар. Кез келген құқыққа қарыс бағытталған әрекет, заңды жауапкершілілкке әкеп соғады. Бірақта осы атылған ереженің криминогендік қоғамдық қатынастың ерекшелігіне байланысты қолданылмайтын жерлері бар, яғни заңшығарушы құқық бұзушылық болған жағдайда да жауапкершілікті болдыртпайды.
Заң әкімшілік жазаның төмендегідей түрлерін қарастырады:
Ескерту. Ұсақ әкімшілік құқық бұзушылыққа жазбаша қаулы қабылдау түрінде ескерту шарасы қолданылады. Кінәлі адамға өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы болғандығы айтылып, түсіндіріліп ондай кемшілігін жою және бұдан былай болдырмауға міндетті екенін ескертеді.
Айыппұл салу. Бұл мүліктік көріністегі шара. Келтірілген құқық бұзушылықтың мөлшеріне қарай айлық табысын ескере отырып белгілі мөлшерде төлетіледі.13