Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жулдыз кур жум.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
59.14 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................3

Тарау 1. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны

1.1 Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі……………5

1.2 Құқық бұзушылық түрлері…………………………………………………….. 7

Тарау 2. Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары

2.1 Құқықбұзушылықтың себептері……………………………………………...18

2.2 Құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықбұзушылық жауапкершілігінің ұғымы ……………………………………………………………………………….23

Қорытынды………………………………………………………………………..26

Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………………..28

ЖОСПАР

Кіріспе

Тарау 1 Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны

1.1 Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі

1.2 Құқық бұзушылық түрлері

Тарау 2 Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары

2.1 Құқықбұзушылықтың себептері

2.2 Құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықбұзушылық жауапкершілігінің ұғымы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Құқық бұзушылық – қоғамға, мемлекетке, тұлғаға қауіпті зиян келтіретін, қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық түрлері: азаматтық құқық бұзушылық (жеке адамға, азаматтың не ұйымның мүлкіне зиян келтіру), әкімшілік құқық бұзушылық (мысалы, жол қозғалысының ережелерін бұзу), тәртіптік теріс қылық т.б. Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі – қылмыс. Құқық бұзушылық заң бойынша тиісінше азаматтық, әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда.

Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.

Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.

Сондықтанда, осы курстық жұмыста мемлекет және құқық теориясы қарастыратын ұғымдар, принциптер қарастырылады. Заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері тақырыбы бойынша мақала, монография және басылымдарды сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндегі қайнар көздерді оқу, тақырыптың мазмұнын ашып зерттеуде анағұрлым толықтай зерттеуге үлкен мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Заңдық жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі тақырыбы бойынша жеке зерттеу. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша жаңа бағыттарды анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны, құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі және құқық бұзушылық түрлері туралы түсінік беру.

Тарау 1 Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны