
- •Кәсіпорын құрылымының түрлері.
- •Айналым капиталына қажеттілікті анықтау.
- •2Өндірісте айналым қорын пайдалануды бағалау.
- •2. Кәсіпорын персоналы және оның сипаттамасы
- •1.Банкроттықтың мәні және дағдарысқа қарсы басқару.
- •2.Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні және мағынасы
- •1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
- •2. Еңбек мөлшерін анықтау әдістері.
- •1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні.
- •2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.
- •1. Инвестициялық жобалар тиімділігінің көрсеткіштері
- •2 Еңбекақының мәні мен қағидалары
- •1. Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары.
- •2. Кәсіпорындағы кесімді еңбекақы төлеу жүйесі
- •1. Шығындардың жалпы және салыстырмалы тиімділігі
- •2. Тарифтік жүйе, еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі оның мәні мен мазмұны.
- •1 Өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар
- •2. Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері
- •1 Ұйым қызметін жоспарлау түсінігі, мақсаты мен міндеті.
- •2 Сыйақы тағайындау жүйесі.
- •1. Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы
- •1. Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні.
- •2. Инвестициялардың түрлері мен жіктелуі.
- •1. Негізгі капиталдың тозу түрлері.
- •2. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат.
- •1. Ұйым қызметін жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері.
- •2. Инвестицияның экономикалық мазмұны.
1 Ұйым қызметін жоспарлау түсінігі, мақсаты мен міндеті.
2 Сыйақы тағайындау жүйесі.
Еңбек туралы жаңа заңға сэйкес Қазақстанда жүмыс бе- руші сыйақы тағайындау жүйесін өз бетінше таңдайды неме- се өзі қүрады. Сыйақы тағайындау жүйесін құруға бірқатар талаптар қойылады: сыйақы тағайындау көрсеткіштері мен шарттарын қарастыру қажет, сыйақы мөлшерін, сыйақыға үсынылатын қызметкерлер тізімін, сыйақы тағайындау кезең- ділігін анықтау қажет.
Сыйақы тағайындау жүйесі - негізгі еңбекақыны белгілі бір көлем және сапалық көрсеткіштерін орындау жэне асыра орындау шарттарымен үштастыратын жүйе. Сыйақы - қыз- меткерге белгілі бір көрсеткіштерді орындағаны жэне асыра орындағаны үшін төленетін материалдық жэне материалдық емес сипаттағы ынталандырудың бір түрі.
Сыйақы белгілеу тізбегі (шкаласы) сыйақылық көрсет- кіштерді орындау деңгейі мен сыйақы мөлшері арасындағы тэуелділікті анықтайды.
Сыйақы мөлшері - жүмыс нэтижесін жақсартқаны үшін ынталандыру шамасын анықтайды.
Сыйақы белгілеу шарттары - сандық және сапалық өл- шемдерді анықтайды, онсыз сыйақы тағайындау мүмкін емес.
Сыйақы алушылар тізімі - сыйақы тағайындау жүйесіңе қатысты қызметкерлер қүрамы.
Сыйақы белгілеу кезеңділігі - сыйақы тағайындау шарттарының әсері бар уақыт аралығы.
Сыйақы тағайындау көрсеткіштері - сыйақы алушылар қатарына кіретін қызметкердің еңбек жігерінің жүмсалу бағытын білдіреді. Сыйақы тағайындау көрсеткіштері бөлім- шелердегі өндірістік мәселелерге сэйкес келуі, сондай-ақ қызметкердің еңбекке деген талпынысына тікелей тэуелді болуы тиіс. Мысалы, өнімді жеткізуде келісімшарт міндетте- мелерін сақтау көрсеткішін қосқанда оның орындалуына, ед алдымен, кәсіпорын мен дайындаушы ңех басшылары, сон- дай-ақ зауыт басқарма қызметі жауапты екендігін ескерген дүрыс. Сол себепті бүл көрсеткішті жүмыскерлердің осы са-
наты үшін қарастырған орынды болады. Сыйақы тағайындау жүйесінің тиімділігін бағалау кезеңіндегі (СА^) қол жеткіз- ген көрсеткіштердің орындалу деңгейін анықтау жэне оны бастапқы кезеңдегі (САПтб баз) көрсеткіштердің орындалу деңгейімен салыстыру, сондай-ақ ақшалай түрдегі нәтижені (Н) анықтап, экономикалық нэтижені оған сэйкес сыйақылық төлем мөлшерімен салыстыру арқылы анықтайды.
Сыйақы тағайындау жүйесінің абсолют тиімділігі (АТ) деп қарастырып отырған кезең ішіндегі сыйақы көрсеткішінің деңгейі болған нәтиже (Н) мен осыған сэйкес сыйақы мөлше- рі (СА) арасындағы, әлеуметтік сақтандыру төлемдерін ескере отырып, өзгеру айырмашылығы түсіндіріледі. Жалпы түрде абсолютті тиімділікті келесі түрде көруге болады:
АТ = Н - СА
Салыстырмалы тиімділік (СТ) деп сыйақы тағайындау көрсеткіштер деңгейін өзгертуден болған экономикалық нэ- тиженің сыйақы қосындысына қатынасы түсіндіріледі:
13-билет
1. Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі мен жалпы саланың дамуының басты жағдайы қажетті материалдық-техникалық ресурстар санына байланысты болып табылады. Оның ішінде басты орынды өндіріс құралдары алады. Өндіріс үрдісінде қызметтік роліне байланысты олар еңбек заты мен еңбек құралы болып бөлінеді. Еңбек заты мен еңбек құралдары өндіріс барысында бірігіп өндіріс құрал-жабдығы деп аталады. Олардың заттай және ақшалай өлшемдері бар. Егер заттай қарастырсақ - өндірістік құрал, ал ақшалай - өндірістік қор деп аталады. Өндірістік қордың құрамы өте көп, олардың өндіріске қатысу ерекшеліктеріне байланысты негізгі және айналым қоры деп екіге бөлінеді.
Еңбек заты еңбек үрдісінде адамдардың іс-әрекетіне бағытталған табиғат заттары болып табылады. Оған шикізат, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге қажетті негізгі және кейбір қосымша материалдар. Еңбек заттары бір айналымда толығымен пайдаланылып, өзінің заттық пішінін өзгертеді және жаңа өнімге өзінің құнын ауыстырады. Олар келесі өндірістік циклде ауыл шаруашылығы өнімдерінің санына байланысты өндіріс үшін үнемі толықтырылуды және жаңартуды талап етеді. Ауыл шаруашылығында оларға тұқым, жем-азық, жанар-жағар май, органикалық және минералдық тыңайтқыштар, химикаттар және т.б. жатады.
Еңбек құралы- жаңа тұтыну құнын жасауда еңбек затына адамның ықпал етуі. Олар бірнеше айналым бойы өздерінің сыртқы пішінін сақтайды, жасалатын өнімге өзінің құнын бірте-бірте ауыстырады және өндіріс үрдісінде тозады. Еңбек құралына машина, құрал-жабдықтар, қора-жайлар,өнім беретін және жұмыс малдары т.б жатады.
Ұдайы өндіріс үрдісінде өндіріс құралдарының айналым сипаты бойынша еңбек құралының экономикалық нысаны негізгі құралдар, ал еңбек заты айналым қорлары болып табылады. Негізгі және айналым қорларының жиынтығын олардың табиғи нысанында ауыл шаруашылығының өндірістік қорлары деп аталады. Олар экономикалық категория болып табылады, оның мәні өндіріс үрдісінде қорлардың белсенді қатысуында көрінеді.
Өндірістік қорлар өндіріс үрдісіне қатысу мақсаты мен сипатына, ұдайы өндіріс тәсілі мен экономикалық роліне байланысты өндірістік қорлар және айналыс қорлары болып бөлінеді. Өндірістік қорлар негізгі және айналым қорлары. Айналыс саласында белгілі деңгейде айналыс қорларымен қатар өндіріс үрдісі жалғасады.
Өндірістік қорлардың негізгі және айналым қорларына бөлінудің басты принципі жаңа өндірілген өнімге олардың құнының ауысу тәсілі болып табылады. Негізгі қорлар өндіріс үрдісінде бірнеше рет қатысады, өндіріс циклінде бір ғана өндірістік қызметтер атқарады және өзінің табиғи-заттық пішінін өзгертпейді. Олардың құны негізгі құралдардың тозу шамасына қарай азаяды және ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түріне ауысады.
Айналым қорлары бір өндірістік циклда дайын өнімге өзінің құнын толығымен ауыстыратын кәсіпорынның құралдары болып табылады. Айналым қорлары және айналыс қаржылары айналым құралдары болып табылады. Айналыс қорларына дайын, бірақ сатылмаған өнім, сонымен қатар кассадағы, кәсіпорынның есеп шотындағы және банктегі ақша қаражаттары жатады
2- Инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыру тәртібі.
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс
Осы Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын жасауға арналған.
Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) кәсіпорынды жаңғырту – пайдаланылатын техника мен технологиялардың өнімділігін арттырудың үздіксіз және динамикалық үдерісі, сондай-ақ объектінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің және өндірістік нәтижелерінің сапалы жаңартылуына алып келетін кәсіпорынның басқару жүйелерін жетілдіруі;
2) инвестициялық жобаның кешенді жоспары – экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзге де қажетті құжаттамалар пакеті;
3) еңбек өнімділігі – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2011 жылғы 18 шілдедегі №199 бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін экономикалық көрсеткіш;
4) өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі жеке және заңды тұлғалар;
Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мынадай көрсеткіштерге қолжеткізуді көздейді:
1) инвестициялық жобаның қаржылық өтімділігі;
2) Еңбек өнімділігін екі есеге, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша орта салалық деңгейден кем дегенде бір жарым есеге немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша орташа салалық деңгейден үш есеге арттыру;
14- билет