
- •Кәсіпорын құрылымының түрлері.
- •Айналым капиталына қажеттілікті анықтау.
- •2Өндірісте айналым қорын пайдалануды бағалау.
- •2. Кәсіпорын персоналы және оның сипаттамасы
- •1.Банкроттықтың мәні және дағдарысқа қарсы басқару.
- •2.Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні және мағынасы
- •1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
- •2. Еңбек мөлшерін анықтау әдістері.
- •1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні.
- •2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.
- •1. Инвестициялық жобалар тиімділігінің көрсеткіштері
- •2 Еңбекақының мәні мен қағидалары
- •1. Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары.
- •2. Кәсіпорындағы кесімді еңбекақы төлеу жүйесі
- •1. Шығындардың жалпы және салыстырмалы тиімділігі
- •2. Тарифтік жүйе, еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі оның мәні мен мазмұны.
- •1 Өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар
- •2. Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері
- •1 Ұйым қызметін жоспарлау түсінігі, мақсаты мен міндеті.
- •2 Сыйақы тағайындау жүйесі.
- •1. Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы
- •1. Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні.
- •2. Инвестициялардың түрлері мен жіктелуі.
- •1. Негізгі капиталдың тозу түрлері.
- •2. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат.
- •1. Ұйым қызметін жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері.
- •2. Инвестицияның экономикалық мазмұны.
1. Шығындардың жалпы және салыстырмалы тиімділігі
Жалпы да, салыстырмалы да тиімділік салыстырмалы шаманы - нэтиженің, оны болдырған шығындарға қатынасын білдіреді. Жалпы тиімділік күрделі салымдар мен жаңа техниканың әрбір нысанасы бойынша жеке есептелуі мүмкін. Ол шығындарды жүмсаудың нәти- жесінде алынатын қайтарымның (нэтиженің) жалпы шамасын сипаттайды. Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік немесе шаруашылық міндетті шешудің екі немесе одан көп нүсқаларынан біреуін таңдау барысында есептелінеді. Ол бірінші нүсқаның екіншісімен салыстырғандағы экономика- лық артықшылықтарын сипаттайды.
Жалпы тиімділік жағынан есептеуде шаруашылықты жос- парлау үдерісі бойынша бөлінген жоспарлы күрделі салым- дарды жүмсау арқасында алынатын нәтижені сипаттау үшін, сонымен қатар жүмсалған шығындардың нақгы экономикалық тиімділігін бағалау үшін жасаған дүрыс болып табылады.
Салыстырмалы экономикалық тиімділігін есептеуде жо- баларды жоспарлау жэне жобалау кезеңдерінде, оларды іске асыруға болатын нүсқаларын салыстыру кезінде жасалына- ды. Нүсқа таңдап алынғаннан кейін, оның жалпы тиімділігін анықтауға болады. Жалпы тиімділіктің шамасы салыстыр- малы тиімділікті есептеу кезінде таңдап алынған нүсқаның пайдалылығына байланысты.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық тәжірибесінде эко- номикалық тиімділіктің айқындалуының эр түрлі нысанда- ры кездеседі. Еңбек үдерісінің сипатына байланысты өндіріс тиімділігі техника-экономикалық жэне әлеуметтік-экономика- лық тиімділік түрінде болуы мүмкін. Тиімділіктің техникалық жэне экономикалық қырлары өндірістің негізгі факторлары- ның дамуын жэне оларды пайдаланудың нәтижелілігін си- паттайды. Әлеуметтік тиімділік нақты әлеуметтік міндеттер- ді (мысалы, еңбек жағдайларын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, өмір сапасын жақсарту жэне т.б.) шешеді. Әдетте элеуметтік нэтижелер экономикалық нәтижелермен тығыз бай- ланысты болады, себебі материалдық өндірістің дамуы қандай да бір серпілістіктің негізін қүрайды. Пайдалану салаларына қатысты тиімділіктің жергілікті жэне жеке сияқты түрлеріне бөледі. Жергілікті тиімділік халық шаруашылығының жеке бөлімдері бойынша (кәсіпорын, өнеркэсіптік кешен, сала, аймақ) анықталады. Жеке тиімділік өндіріс үдерісінде шы- ғындар мен ресурстардың жеке түрлерін (еңбек күшінің, негізгі жэне айналмалы қорлардың, табиғи ресурстардың және т.б.) пайдаланудың нәтижелілігін көрсетеді. Анықтау нысандары бойынша тиімділіктің келесі түрлері бөлінеді: қызмет істеп жатқан өндірістің тиімділігі; техникалық қайта қаруланудың, қайта қүрудың, кеңейтудің жэне жаңа қүрылыстың тиімділігі; күрделі салымдар мен жаңа техниканың тиімділігі; сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тиімділігі; қоршаған ортаны қор- ғаудың тиімділігі жэне т.б. Теориялық көзқарастан тиімділіктің барлық осы түрлері өндіріске жүмсалған бір мезгілді салым- дар ретінде қарастырылады жэне оларды өлшеу әрекеттегі өндірістің экономикалық тиімділігін анықтаудың ережелеріне негізделеді.