
- •Кәсіпорын құрылымының түрлері.
- •Айналым капиталына қажеттілікті анықтау.
- •2Өндірісте айналым қорын пайдалануды бағалау.
- •2. Кәсіпорын персоналы және оның сипаттамасы
- •1.Банкроттықтың мәні және дағдарысқа қарсы басқару.
- •2.Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні және мағынасы
- •1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
- •2. Еңбек мөлшерін анықтау әдістері.
- •1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні.
- •2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері.
- •1. Инвестициялық жобалар тиімділігінің көрсеткіштері
- •2 Еңбекақының мәні мен қағидалары
- •1. Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары.
- •2. Кәсіпорындағы кесімді еңбекақы төлеу жүйесі
- •1. Шығындардың жалпы және салыстырмалы тиімділігі
- •2. Тарифтік жүйе, еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі оның мәні мен мазмұны.
- •1 Өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар
- •2. Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері
- •1 Ұйым қызметін жоспарлау түсінігі, мақсаты мен міндеті.
- •2 Сыйақы тағайындау жүйесі.
- •1. Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы
- •1. Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні.
- •2. Инвестициялардың түрлері мен жіктелуі.
- •1. Негізгі капиталдың тозу түрлері.
- •2. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат.
- •1. Ұйым қызметін жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері.
- •2. Инвестицияның экономикалық мазмұны.
1. Ұйым қызметін жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері.
2. Инвестицияның экономикалық мазмұны.
Инвестиция - салыстырмалы түрде алғанда біздің эко- номикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әде- биеттерде инвестиция үғымы күрделі қаржыларды жүмсау синонимі ретінде қолданылып келді. Бүл үғым арқылы негізгі қорлардың жай жэне дамыған үдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, еңбек, қаржылық шығынның ресурста- рымен түсіндірілді.
Орталықтанған жоспарлы жүйе шеңберінде жалпыға ор- тақ келесі үғым қолданылды: «Күрделі қаржы жүмсау - жүм- ыс жасап түрған мекемелерді (өндірістік күрделі қаржы жүм- сау) қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық жарақтандыру жэне жаңасын түрғызуға немесе түрғын үй, мэдени-түрмыстық қүрылысқа (өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау) жүмсалған қаржы қүралдары» [47. 107-108 бет].
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес [4] инвестициялар - бұл ақша қаражаттары, ар- наулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция жэне басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, қүрал-жабдықтар; лицензиялар, соның ішінде, тауарлық белгіге беретін; несие- лер; кез келген мүлік немесе мүліктік күқық, кэсіпкерлік не- месе өзге де іс-эрекет түрлерінен табыс табу жэне әлеуметтік оң нэтижеге қол жеткізу мақсатына жүмсалатын зияткерлік қүндылық. Нарықтық экономикада ең кең тараған жэне жал-пылама ұғым бойынша инвестиция - бұл табыс табу немесе басқа да бір нәтиже алу мақсатында кез келген түрдегі қаржы жүмсау үдерісі.
Экономикалық пікір сайыстарында «таза инвестиция жа- сау» немесе «капитал түзу» деп аталатын, нақты капиталдың таза өсімін білдіретін (ғимараттар, жабдық, материалдық
- өндірістік қорлар жэне т.б.) үғым біздің күнделікті өмірде қолданатын «инвестиция» сөзінің мағынасымен сәйкес келе бермейді. Күнделікті түрмыста «инвестиция жасау» деп жер , бөлігін сатып алғанда, айналымдағы қүнды қағаздарды неме-.' се кез келген өзге меншік атағын сатып алған кездерде жиі ] айтылады.
дылық үзақтығы арқылы;
- айналымдылықтың тура коэффициентімен;
- айналымдылықтың кері коэффициентімен.
Айналым капиталының күнмен саналатын айналымды-
лығы айналымның бірінші сатысы - шикізат, материалдар мен жартылай өңделген өнімдерді сатып алудан, ақырғы са- тысы - дайын өнімді сатуға дейін толық айналым үзақтығы деп түсініледі.
16-билет
1. 300 "Жоспарлау" деп аталатын ХАС-ыңца жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитгі тиімді жүргізуді камтамасыз ету деп көрсетілген .
Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл белуге, потенциалды проблемаларды анықгауға жөне жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жүмысты үйлестіруге көмектеседі.
Тексеруге қатысы бар дәлелдеулерді жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге, жинақталған дәлелдеулер құны темен болуы керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен қүны үшін қам жеу жүмысты жоспарлау қажеггілігін керсетеді. Сондықган, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар құруы керек:
• Аудиторлық процедуралардың қажетгі көлемін анықгау;
• Тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;
• Аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.
Жоспарлау принциптері
Аудит жоспарын күру аудитгі жүргізудің жалпы принциптері, сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады:
• Жоспарлаудың кешенділігі;
• Жоспарлаудың үздіксіздігі;
• Жоспарлаудың оптималдылығы.
Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің принципі, жоспарлаудың алдын ала аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын қүруға дейінгі барлық кезеңцеріндегі өзара байланыспен келісімділікті кдмтамасыз етуді кездейді.
Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңцерін, мерзімдері мен қүрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыру-ды көздейді.
Аудитті жоспарлау оптимадцылығы принципі аудиторлық ұйым-ның өзі анықгаған критерийлер негізівде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды вариантын тандау мүмкіндігі үшін жоспарлау варианттылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Аудитті жоспарлау кезеңдері
Жоспарлау — бүл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңцердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық күру емес. Әр клиент жеке тұлға және бүны жоспарлау кезінде есте үстау қажет . Аудиторлар өз жүмысын тексерілетін үйыммен танысудан бастауы керек. Бүл үшін қүрылтайшылар қүжатта-рын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын жөне т.б. зерттеу қажет. Үйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бүл клиент қызметінің масштабын анықгау үшін ке-рек. Үйымды алдын ала зерттеу нәтижесінде ғана алдағы жүмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит үзақгылығын анықгауға болады. Жүмыс көлемі, оның қиындылығы мен үзақгығына байланысты аудит қүны анықгалады.
Жоспарлау процесін келесідей кезевдерге бөлуге болады.
Аддын-ала жоспарлау
Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының төмендегі кезеңцерін қамтңды:
• Клиентті таңцау жене аудитті орывдау туралы шешім қабылдау;
• Аудитті орындау үшін персонал таңдау;
• Жұмыс жағдайларын келісу;
• Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру. Клиентті таңдау жөнв аудитті орындау туралы шешім қабылдау. Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен ынтымақтастық жасауға және қарым-қатынас қажет емес клиештерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті емес. Жаңа клиенттерді тавдау жөніндегі фирма саясаты келесідей элементтерді қамтиды:
• Көзделген клиент беделін, оның каржылық жағдайының нақгы-лығын және оның алдыңғы аудиторлық фирмамен өзара қатынаста-рын бағалау;
• Аудиторлық фирманың мүмкін болатын клиентке қатынасының тәуелсіздігін бағалау.
Аудиттің жалпы жоспары
Алдын ала жоспарау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайывдауға, оның негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.
Аудитордың басқа жұмыс кағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бүл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудитор-лық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін.
2. инвестиция мазмұны.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларына ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Инвестициялық жоба – қызмет етуші өндірістерді кеңейту және жаңарту, жаңаны құруға инвестиция қамтитын шаралар кешені.
Инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асырушы ҚР-ң заңды тұлғаларына берілетін адрестік сипаттағы артықшылықтар.
Инвестициялық талас – инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын талас.
Мемлекеттік натурлық гранттар – ҚР-дың заңды тұлғасына инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ақысыз меншікке немесе жер пайдалануға берілетін Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын мүлік.
Құзыретті орган – келісімшартқа отыру және орындалу барысын бақылауменен тікелей байланысты құқықтары берілген орталық атқарушы орган
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – ҚР-ң заңнамасында бекітілген құрылған заңды тұлға оның ішінде шетел қатысуымен заңды тұлға.
17-билет
1. Амортизация
Амортизацияның әдістері
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
• құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
• өндірістік әдіс;
• кумулятивтік әдіс;
• кемімелі-қалдық әдісі.
2. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды. Өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді.
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оның көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің, бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әртүрлі түрін айқындайды.
Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі – сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Жобалық калькуляция – келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.
Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілін кәсіпорын өз бетінше таңдайды, өйткені жеке жағдайлардың бірқатарына: саланың кімге тиесілілігіне, қолданылатын технологияға өнім ассортиментіне және т.б. байланысты.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады. Калькуляция тәсілі – калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілін талдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдің ұзақтығына шығарылатын өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін 3 белгі бойынша топтастыруға болады:
шығын есебі объектілері бойынша: - процестік;
бөлістік;
тапсырыстық;
шығын есебінің толықтығына қарай:
- толық өзіндік құнды калькуляциялау;
- толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;
шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:
нақты өзіндік құн есебі;
нормаға сай шығындар есебі.
Калькуляциялаудың процестік тәсілі. Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретін не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады. Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші энергетика салаларында қолданылады.
Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі. Бұл тәсіл кеңінен тараған. Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорында қолданылады. Калькуляциялау объектісі ретінде бөліс деп аталатын өндіріс кезеңі болғандықтан, бұл тәсіл бөлістік деп аталды. Мұндайды жартылай өнімді шығарумен аяқталатын технологиялық процестің біткен бөлігі бөлістік деп түсіндіріледі. Жартылай өнімнің бөлінуі оның өз пайдалану бағыты бойынша, яғни басқа жаққа өткізілуі мүмкін болған жағдайда жүзеге асырылады.
Калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілі. Бұл тәсіл бұйымға, жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұган дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.
Толық өзіндік құнды калькуляциялау. Біздің тәжірибемізде толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрде жүргізіледі. Толық өзіндік құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама деліліп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпрынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі; сосын таңдалған бөлу базасын өнімінің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.
Толық өзіндік құн негізінде кәсіпорын басшысы өнімнің пайдалылығы мен шығындылығы, болашақта оны өндірудің мақсатқа сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар жасайды.
Толық өзіндік құн бойынша есептеу жүйесінің біздің пікірімізше, бірқатар жақсы жақтары мен олқылықтары бар. Толық өзіндік құн бойынша есептеудің тиімді жақтары:
ҚР-нда қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілерге сәйкестік;
Аяқталмаған және дайын өнімнің құнының байыпты бағалау
18- билет
1. Бағалау, экономикада — материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалар күрделі экономикалық процесс.
Бағалау түрлері
Номиналды Бағалау — инфляцияны есепке алмай бағаланған экономикалық сандық көрсеткіш.
Реальды Бағалау — инфляцияның болжалды шегін ескере отырып бағалау.
Оптималды Бағалау — дамудың оптималды бағдарламасын жасау құралдары. Ол әкімш. шешімдер қабылдауда басшылыққа алынады.
Негізгі қорды Бағалау — негізгі қордың құнын анықтауға бағытталған әдістер жүйесі. Негізгі қор іске қосылу мерзіміне қарай әр түрлі бағаланады. Ол мынандай түрлерді қамтиды:
1) толық алғашқы құн — жаңа іске қосылған негізгі қор құны. Оған ғимаратты жабдықтау, құрылғыларды жеткізу, орнату және қосуға жұмсалған шығындар да енеді;
2) тозбасы шығарылған бастапқы құн — негізгі қор құнының өндірілген өнімге ауыспаған бір бөлігі;
3) толық қалпына келтіру құны — негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі нақты жағдайларды: көтерме баға, транспортқа қойылған тарифтер, құрылыстың сметалық бағасын ескере отырып анықталған құн;
4) тозбасы шығарылған қалпына келтіру құны — негізгі қордың өнімге ауыспаған нақты құны. Ол негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі мәліметтер негізінде анықталады. *Шаруашылық қорын Бағалау — табиғи көрсеткіштерді ақшаға шағып көрсету тәсілдері. Ол бухгалтерлік есеп жүргізуде қолданылады.
2. Өнімнің өзіндік құны тураы жалпы түсінік
Өнімнің өзіндік құны – бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуральды заттай есептеледі.
Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіру өндіріс процесінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары және күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді.
Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатахана, мектеп, клуб) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
-әлеуметтік сақтандыруға
-банк кредитінің пайызы
-негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға нететін шығын
-айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар
-тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты: цехтых, фабрика, зауаттық, немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөленеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – бұған өндірілетін өнімге цехта учаскелерде бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындар + жалпы зауаттық, өндірістік шығындар.
Өндірістік өзіндік құн – цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: өнімнің жалпы тауарлы немесе сатылған өнімдердің өзіндік құны, салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және тағы басқалай бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзндік құнын жоспарлы, болжамды, нақтылы деп бөлінеді.
Жоспарлы өзіндік қүн – бұл қажетті шығындар ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты.
Болжамды өзіндік құн – бұл техникалық экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.
Нақтылы өзіндік қүн – бүл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.
Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын жасайды, онда шығындар элементтерге бөліп тандайды. Шығынның элементтік классификациясы мынадай шығын элементтеріне бөлінеді:
-шикізаттар мен материалдар элементі
-жалақы қоры
-әлеуметтік сақтандыруға болу
-негізгі капитал амортизациясы
-басқа да шығындар.
Шығындарды экономикалық мазмүнына қарай калькуляциялық статьялары бойынша «негізгі» шығындар және «қосымша» шығындар деп бөлінеді.
19- билет
1.Негізгі құралдардың технологиялық құрылымы және құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімінің құрылымы.
Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі құралдар-ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.
Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.
Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі құралдар-өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі құралдар-бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралмен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес құралдарға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін-тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі құралдар төмендегідей болып бөлінеді:
жер;
ғимараттар – негізгі, қосалқы, көмекші цехтар мен әкімшілік ғимараттар осыған кіреді;
қондырғылар – бұған мұнай және газ скважиналары, дамбалар, платиналар, каналдар, темір жолдар жатады;
тарату жүйелері – бұған газ және мұнай құбырлары, су тарату жүйелері, электр тарату жүйелері, байланыс жүйелері, жылыту жүйелері, канализация жүйелері жатады;
машиналар мен құрал – жабдықтар – оған компрессорлар, домнапештер, балқыту пештері жатады. Олар күш машиналары болып есептеледі. Ал жұмыс машиналары мен құрал – жабдықтарға: комбайн, тігін машиналар, сонымен қатар өлшенетін және қадағалайтын приборлар (вольтметр, амперметр), есептеуіш техникалар ( компьютерлер) жатады;
транспорттық құралдар – бұған барлық қозғалатын құралдар жатады, яғни темір жолда, суда қозғалатын транспорттар және транспорттар жатады;
өндірістік және шаруашылық инвентарь - өндірістікке: механизациялар мен инструменттер ( қысатын, итеретін) жатады, ал шаруашылық инвентарьға: жиһаз, палас, кілемдер жатады;
жұмыс және аналық мал;
- көп жылдық өсімдіктер – гүлдер, ағаштар, алма бақтар және т.б. Халықаралық қаржы есебінің стандарттарыны сай негізгі құралдардың мынандай үш белгісі бар:
материалдық формасының болуы;
міндетті түрде кәсіпорын қызметінде пайдаланылуы тиіс, яғни сатылуға бағытталмауы керек;
кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланылуы тиіс.
Иелігінде болуына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар – жалға алынған құралдар болып саналады.
Негізгі құралдар өндірістік процеске қатысуына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті негізгі құралдарға өндірістік процеске тікелей қатысады. Мысалы, машиналар, құрал – жабдықтар, көлік құралдары және т.б. Ал қалған негізгі құралдарды пассивтіге жатқызуға болады. Себебі олар, өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ процестің дұрыс жүруіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ғимараттар, қондырғылар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған ( тоқтатылып қойған ) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал – жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал – жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал – жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылғын қордағы объектілер жатады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар ) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға ( ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учакелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, және т.б.) жатады.
Негізгі құралдардың сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:
өндірістік құрылымы
технологиялық құрылымы
тұтыну уақытына байланысты құрылымы
Өндірістік құрылым деп - әртүрлі топтағы өндірістік негізгі құралдардың заттай – натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық құнының қатынасын белгілейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
Қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар.
Запаста тұрған- қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар. Негізгі құралдардың тозуын есептеу. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи (физикалық) және сапалық (моральдық), яғни заман талабына сай келмеуі.
Негізгі құралдардың физикалық тозуы. Негізгі құралдар, өндірістік процеске қатыса отырып, оларды тұтынудың және табиғи жағдайлардың әсер етуінің нәтижесіне байланысты біртіндеп өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылады. Физикалық тозу болып ол- негізгі құралдардың өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылуы табылады.
Негізгі құралдардың табиғи тозуы – негізгі құралдардың бастапқы сапасына, оларды тұтыну деңгейіне, негізгі құралдар қызмет ететін қоршаған ортаның жағдайына, қызмет көрсететін персоналдың білім дәрежесіне, жөндеулердің уақытылы өткізілуіне және т.б. байланысты болып келеді. Кәсіпорында осы факторларды ескеру, негізгі құралдардың физикалық жағдайына үлкен әсеін тигізуі ықтимал.
Негізгі құралдардың физикалық тозуын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады.
Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті
К ф.т. = Т/Бқ*100
Т- негізгі құралдарды тозу сомасы
Бқ – негізгі құралдардың бастапқы сомасы
Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті жекелеген инвентарлы объектілері бойынша және олардың нақты қызмет ету мерзімі туралы мәліметтерге сүйене отырып та есептелінеді.
Нақты қызмет ету мерзімі нормативтіден төмен болған объектілер үшін ол келесі формуламен есептелінеді
Кф.т. = Тн/Тнор*100
Тн мен Тнор – берілген инвентарлы объектінің нақты және нормативті қызмет ету мерзімі
Ал нақтылы қызмет ету мерзімі нормативтіге тең, немесе одан асып түсетін объектілер үшін физикалық тозу коэффициенті келесі формуламен анықталады
Кф.т. = Тн/ Тн+Тм*100
Тм – мүмкін болған берілген объектінің қызмет ету мерзімінің қалдығы. Әдетте ол сарапшылық жолмен анықталады.
Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті – негізгі құралдардың берілген датаға жалпы физикалық жағдайын көрсетеді және келесі формула арқылы есептелнеді
Кж = Бқ-Т/Бқ*100
Сонымен қатар негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу негізінде де анықталуы мүмкін
Кж = 100 –Кф.т.
2. Инновацияның даму заңдылықтары
И. Шумпетер тәсіліне сәйкес инновацияны келесі аспектілердің кем дегенде біреуін қамтитын құбылыс ретінде бейнелеуге болады.
Технологиялық
Қолданбалы
Нарықтық сегменттеу
Ұйымдастырушылық
Бұл аспектілер келесі түрде сипаталады: технологиялық –жаңа түрін пайдалану, қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау, нарықтық сегменттеу-жаңа сату нарықтарының немесе жаңа тұтыну топтарының пайда болуы; ұйымдастырушылық-кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе мен технологиялық үдерісті немесе шикізаттың жаңа түрін пайдалану, қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау, нарықтық сегменттеу-жаңа тұтыну топтарының пайда болуы, ұйымдастырушылық кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе менеджменттегі жаңа әдіс-тәсілдері.
Ф. Янсен пікірінше, инновайциялық үдерісті инновация алаңы түрінде қарауға болады. Янсен ұсынып отырған тәсілдің қолтаңбалы мәні технология, қосымша шарттар, нарықтар және ұйымдастыру құрылымы бойынша біріктірі отырып инновация алаң аясында кәсіпорынды дараландыруға болады. Бір позициядан екіншісіне өту комнапняның инновациялық іс-әркет жасау арқасында инновация өз алдына бірегейлі және жаңа болып табылады. Ерег осы өтудің кезектігін уақыт бойынша қарастырар болсақ, рнда инновация траекториясы және жаңа болып табылады. Егер осы өтудің кезектігін уақыт бойынша қарастырар болсақ, онда инновация траекториясы пайда болады. Сонымен қатар бұл өткен траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы болуы да мүмкін.
Траекториядағы жағдайлардың өзгеру үрдісін инновациялық үдеріс деп сәйкестендіруге болады. Жаңартулар құрылуы мен дамуы белгілі бір заңдылықтарына бағынатынын айта кету керек. Осы заңдылықтарды білу жаңалықтарды тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңарту үрдістерінің бірыңғай зыңдылықтарға бағынуы нақты бір кәсіпорынның даму стратегиясын дайындау барысында стратегиялық басқарушылық шешімдер қабылдаудың алғышарты болып табылады.
Ғылыми-техникалық дамуды жай ғана ғылыми –техникалық білімдерді іске асыру ретінде ғана емес, жаңартуларды құрастыру мен таратудың күрделі ықтималдық сипаттағы үрдіс ретінде қарау оның маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді-құраушы буындардың циклділігі, қозғалыстың бірқалыпсыздығын, даму кезеңдері, кешенділігі мен тепе-теңдігі, жаңартулардың «S» тәрізді түрленулері және т.б. Инновациялық даму заңдылықтарын жоғарыда қарастырылған инновациялық алаң координаттарына сүйене отырып келтірейік.
Технология
Технология, инновация құрудың негізі ретінде, әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылып, сараланады. Оның келесі негізі сипаттамаларын ажыратып қарастырайық.
Технологиялық құрылыстың кезектесіп алмасып отыруы. Әрбір уақыт сәтінде технология кеңістігі қоғамдық қайта жаңғырту циклін жалпылама қамтитын технологияның ерекше жаңа сапа тудыратын орнықты жиынтығын білдіреді. Оның ішінде өзіндік қағидасы, осы құрылыстағы технологияның жұмыс істеу тәсілі басым болады. Экономика қалыптасқан саралау қолданып жүрген бес технологиялық құрылыс және келешегі бар алтыншы құрылыс пайда болады:
a) Механикалық жүйелер
b) Буды пайдаланатын технологиялар
c) Электр энергиясын пайдаланатын технологиялар
d) Автоматтандыру және химияландыруға негізделген технологиялар
e) Биотехнология, компьютерлендіру мен электондау
f) Нанотехнология, гендік инженерия, мультимедиялық интербелсенді ақпараттық жүйелер
Қазіргі уақытта басымдыққа ие болып отырған бесінші құрылыс біртұтас жүйе ретінде 1950-1960 жылдардың құрылымдық дағдарыстан кейін дамыған елдерде экономикалық өсудің технологиялық негізін құрады. Бұл технологиялық құрылысты анықтау құрамдасына микроэкономиканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің, есептеуіш техника мен ақпарат өңдеудің өндіріспен басқаруда үрдістерді автоматтандырудың, ғарыштық және оптика талшықтық байланыстағы жетістіктері кіреді. Аталған технологиялық құрылыстың экономикалық оңды әсер етудің уақыттың шегі ХХІ ғасырдың екінші он жылдығына келеді. Одан әрі берілген технология негізінде өсіп-өркендеу мүмкіндігі сарқылғанын білдіреді.
Технологияның негізгі көрсеткіші өсу шегіне жеткенде шешуші факторлардың орны ауысады. Бұрын өсімге жеткізген әдіс-амалдар ендігі жерде тиімсіз болмақ. Сонымен технологиялық үзілу сәті-бір технологиядан екіншісіне көшу кезеңі жақындайды. Логистикалық қисық сызықтар аралығында үзіліс пайда болған соң мүлдем жаңа білімдер негізінде жаңа қисық сызық тұрғызуылуы басталады.
Берілген технологияның шегіне жетуі басқа бір, тиімді жолмен мақсатқа жетуге болмайды деген сөз тумайды. Сол себепті, дамуда жаңа нәтижелерге қол жеткізетін технология таңдау арқылы басқару мүмкіндігі турады. Басқару білім жинақтауды, талдауды және шектерді анықтауды білдіреді. Ол бір үрдістен екіншісіне формальді «механикалық» түрде ауысуда емес, ол-жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырыпқол жеткізетін жоғары нәтижелік деңгейге шығаруда.
Жаңа өнім және жаңа нарықтар
«Инновация алаңында» «Қосымша»координатын сипаттай отырып, инновациялық түрдегі өнім өндірумен өзара байланысын айтып өту керек. Ғылыми-техникалық дамуды инновация дамуының заңды және ықтимал үрдісі ретінде қарастыра отырып, оның элементтерін одан әрі бөлшектей келе екі субстанцияға келеміз:
технологияға-инновацияны жүзеге асырудың шынайы, материалдық ұйымдастыру түрі ретінде және
өнімге осы технологияның нәтижесі ретінде. Басқаша айтқанда, инновациялық даму жаңа технология мен өнімдердің пайда болуы мен таралуын сипатталады.
Технологиялық серпілістік өзгерісі жеке өнім түрлері ғана емес, тұтастай саланың құрып кетуіне әкеліп соғады. Инновациялық технологияның инновациялық өнім өндірумен өзара байланысы бойынша заңдылықтарының маңызы зор, себебі ең озық деген технология да экономикалық нәтижесі тек сапасы жоғары әрі тиімді өнім шығару арқылы ғана қол жеткізе алады. Инновациялық технологияның соңғы нәтижесі нақ осы шығарылған өнім арқылы анықталады. Бұл нәтиже жаңа технологияға көшуге байланысы болғаншығындарын ақтау үшін ол оң мәнге ие болуы қажет. Бірақ, кей жағдайда ол теріс мәнге тең болуы да мүмкін,онда жаңа қолданылған технология соңғы нәтиже ретіндеқосымша пайда әкелу орнына кәсіпкергезиян келтіруі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында технология мен өнімдердің біріккен біртұтас даму қажеттіліктің өзгеруін сипаттайтын өнімнің өмір сүру циклінде ( ООЦ) көрініс табады.Ол ендіру аясын тұтынушылық салаға ендіруді, өндірістің өсуін, өнімнің жетілуін, қажеттіліктің қанығуын оның төмендеуін қамтиды. Мұндай тәсіл жақын арадағы мақсаттар үшін жобаланған өнімді өндіру және сату қолайлы, бірақ тек әрекет тактикасын ғана анықтайды. Ал даму стратегиясын құру үшін инновациялық үдерістің барлық сатыларына таңдау арқылы жаңартуды басқару қажет.
Ұйымдық құрылым және менеджмент
Инновация менеджментінде жаңа әдіс- амалдарды дамытудықоса алғанда, инновациялық дамыту мен ұйымдық құрылымды үйлестіру маңызды заңдылық болып табылады. Оның мәні: технологиялық дамудағы сапалық өзгерістер шынайы түрде кәсіпорынның ұйымдық құрылымында, өндірісті ұйымдастыру және басқарудың жаңа әдістерін қолдануды, қызметкерлердің төмендеу деңгейі және біліктілігін дамытуда өзгерістер туғызады. Инновациялық белсенділікті арттыру мәселесіншешуде кәсіпорынның ұйымдық құрылымын жетілдірудің рөлі ерекше болады.
Жаңа технологиялық құрылыстың негізін құрайтын технологиялық жиынтығы болатын ғылыми- технологиялық серпілістік даму әлеуетіне ие, инновациялық түрдегі барабар шаруашылық құрылымдар арқылы іске асырылатынын білдіреді.
Қазір инновациялық үдерістерді басқару ісінде тиісті білімі бар жаңа заман менеджерлері – инновациялық менеджерлер айрықша рөл атқаруы керек. Отандық ғылымның жинақталған инновация әлеуетін өнеркәсіптік ауқымда іске асыру қабілетсіздігі, ең алдымен, өнертабыстардың коммерциялық әлеуетін іске асыра алатын басқарушылардың жетіспеушілігінен болып отыр. Кәсіби менеджменттің жоқтығынан еліміз ғылыми кадрлар мен теңдесі жоқ, бірегей тәжірибесін жоғалтуда. Елде технологияны коммерциалдау және инновациялық кәсіпорындарды басқару жөніндегі инновациялық менеджер-мамандар даярлаудың кең ауқымды бағдарламасын жасап, оны іске асырудың кезі келді. Кәсіпорынның инновациялық дамуын басқару үшін, бұл мамандар инновациялық дамудың жалпы заңдылықтарын біліп қана қоймай, соған қоса технологияны тарту мен сатып пайда табуды, зияткерлік меншігін қорғау және пайдалану, ұлттық жобаларды басқару, бизнес-жоспарлау, жаңа өнім мен технологиядан пайда табу маңызын (әлеуетін) болжау және бағалау мәселелері жөнінде қажетті білімі болуы шарт.
20- билет
1. Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй; б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған; в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны - бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.
Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12
мұндағы, Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;
Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;
Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;
Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың функционирлену уақыты;
Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі өтіп кеткен уақыт.
Негізгі қорлардың тозушылық дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.
Ктозу = 1 – Кжарамд.
Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін анықтау үшін жарамдылық коэффициенті пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.
Кжарамд. = 1 — Ктозу
Тозу және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына қарай жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.
Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады.
Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.
Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады
Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың интенсивті коэффициенті пайдаланылады. Кинт.
Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.
Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын жою коэффициенті. Кжою
Негізгі қордың қозғалысының барлық көрсеткіштері баланстық құннан шыға есептелінеді. Негізгі қорлардың қозғалысы туралы толық мәліметтерді негізгі қордың балансынан алуға болады.
Негізгі қорларды пайдалану үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер, оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады.
Жеке көрсеткіштер – натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері олардың уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт бірлігіне өнім түсімінің көлемін сипаттайды.
Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштерінің маңыздыларына жоспарлы, тәртіпті және календарлы құрал-жабдықтың жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері, құрал-жабдық жұмысының сменалық коэффициенті, ішкі сменалық тұрып қалулар көрсеткіштері және т.б. жатады.
Экстенсивті пайдаланудың жеке көрсеткіштерінің ішінен құрал-жабдық жұмысын ауыстыру коэффициенті ерекше орын алады, ол бір тәулік ішіндегі машино-смен сомасының барлық машина санына қатынасымен анықталады. Құрал-жабдық жұмысының ауыстыру коэффициентін көтеру – бұл өнім өндіріс көлемінің өсуінің және негізгі қорларды тиімді пайдаланудың маңызды көзі болып табылады.
Құрал-жабдықтар жұмысын ауыстыру коэффициенті келесі формуламен анықталады:
Кауыс. = ауыстыру мшиндері/ құрал жабдықтар мөлшері
Құрал-жабдықтарды пайдаланудың ауыстырымдылығын көтерудің басты мақсаты – бұл негізгі қорларды қалыптастыруды жетілдіру. Оларды дәл қалыптастыру процесінде кәсіпорын өзгешілік есебімен – жұмыс күші және негізгі қорлар арасында ең басты пропорцияға жету қажет.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткішінің ішінде құрал-жабдықтарды ауыстыру көрсеткішін толықтыратын құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалу көрсеткіші де маңызды мағынаға ие. Құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалуларының негізгі себептері — өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі, жұмыс орындарының құрал-саймандармен, материалдармен, детальдармен жабдықталуы; құрал-жабдықтардың түзелмеуі және жоспарда қарастырылмаған ремонттар; жұмысшылардың жетілмеуі. Құрал-жабдықтардың ішкі сменалық тұрып қалуын төмендету үшін ең алдымен құрал-жабдық жұмысының бақылауын және есебін жақсарту, станоктардың және машиндердің жұмыс есебін автоматтандыру және механикаландырудың әр түрлі жүйелерін кеңінен пайдалану.
Құрал-жабдықтарды экстенсивті және интенсивті пайдалану көрсеткіштерінен басқа өндірістік алаңдарды және құрылыстарды пайдалану көрсеткіштері де маңызды орынға ие. Өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану капиталды құрылыссыз өнім өндіруді көтеруге мүмкіндік береді және осымен капитал салымдарының мөлшері қысқартады; босатылған өндірістік алаңдарда өндірісті жаңа құрылысты жүргізгенге қарағанда тез ұйымдастыруға болады, осының арқасында уақыт ұтамыз.
Көп жағдайда жоғарыда айтылып кеткен құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті негізгі қорлардың бөлек көрсеткіштерінің пайдалану дәрежесін ғана көрсетеді, сондықтан негізгі қорлардың барлық пайдалану массасын анықтау үшін кәсіпорындарда, халық шаруашылығының салаларында жалпылағыш көрсеткіштері қолданылады.
Олардың ішінде маңыздысы – негізгі қорлардың қорқайтарымы, өнім бағасының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.
ФО = Q/Fc Q — өндіріс көлемі;
Fc – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
Қорқайтарым негізгі өндірістік қорларға жұмсалған әрбір тенгені пайдаланудан жалпы қайтарымды көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептегенде негізгі қорларды пайдаланудың және өндіріс нәтижелерінің кезеңдік салыстырғандығына назар аудару қажет.
2. Өзіндік құнның түрлері мен нысандары.
Өнімнің өзіндік құны – бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуральды заттай есептеледі.
Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіру өндіріс процесінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары және күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді.
Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатахана, мектеп, клуб) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
әлеуметтік сақтандыруға
банк кредитінің пайызы
негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға нететін шығын
айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар
тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлек пайданың минималды мөлшері кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.
Өнімнің өзіндік құны, тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент.
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты: цехтых, фабрика, зауаттық, немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөленеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – бұған өндірілетін өнімге цехта учаскелерде бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындар + жалпы зауаттық, өндірістік шығындар.
Өдірістік өзіндік құн – цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.
Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: өнімнің жалпы тауарлы немесе сатылған өнімдердің өзіндік құны, салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және тағы басқалай бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзндік құнын жоспарлы, болжамды, нақтылы деп бөлінеді.
Жоспарлы өзіндік қүн – бұл қажетті шығындар ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты
Болжамды өзіндік құн – бұл техникалық экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.
Нақтылы өзіндік қүн – бүл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.
Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын жасайды, онда шығындар элементтерге бөліп тандайды. Шығынның элементтік классификациясы мынадай шығын элементтеріне бөлінеді: шикізаттар мен материалдар элементі
21- билет
1. Айналым капиталы- өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінгшен ақшалай қаражаттардың жиынтығы . Өндірістік айналым қорлары бұл еңбек заттары және аяқталмаған өндәрәс өнімдкері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үұрдісінде толығымен тұтынылып өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді.
Құрамы актив бөлігінде
Құрылымы пассив бөлімінде
Айналым капиталының күнмен саналатын айналымдылығы айналымның бірінші сатысы- шикізат, мат-дар, жартылай өнд-ген өнім-ді сатып алудан, ақырғы сатысы -* дайын өнімді сатуға дейін толық айналым ұзақтығы деп т.сіндіріледі.
Күндік айналым келесі формула арқылы есептеледі:
L=E*T/Np
L=E/Np*T
E - айн. капиталының орташа қалдығы
Т- құнмен саналатын кезеннің ұзақтығы
Np- сатудан түскен табыс
Айн-лықтың тура коэф-ті:
К=Np/Е
К= Е/Np- кер коэф-ті.
2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл оның нарықтағы сәттілігін анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндық сипатының жиынтығы. Бұл тауарға сәйкес нарық шарттарымен, тұтынушылардың техникалық, эстетикалық сипаттарымен қоса сапасы бойынша, сонымен қатар оны таратудағы экономикалық және коммерциялық жағдайларын сипаттайтын күрделі категория, көп функциялы ұғым.
Өнімнің бәсекелестік қабілетіне қатысты өлшем болып табылады және нарықта бәсекеге түсетін тауарларды салыстыру нәтижесінде көрінуі мүмкін.
Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау және болжау – бірнеше этаптардан тұратын күрделі жұмыс.
Өнімнің сапасы туралы түсінік және оның көрсеткіштері.
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік жәнекөрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.
Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі — бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай фромуламен анықталады:
Бт = Бс + Шт
мұнда:Бт – тұтыну бағасы
Бт — сатылу бағасы
Шт — бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық нормативтік мерзім іншіндегі қызметі)
Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техникалық деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:
КК – ККЭ ККТ ККС
мұнда, КК — тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККЭ — эстетико-эргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККТ— техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;
ККС— керсеткіш кешенінің сенімділігі
Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.
22 - билет
1.Кәсіпорынның материалдық емес активтері.
2. Ұйымның өндірістік қуаттылығы.
23-билет
1. Негізгі капиталды қайта бағалау
Негізгі өндірістік капитал (қор, қаржы) – бұл өндірістік процестерде пайдаланатын құралдары. Негізгі өндірістік капиталға жатады: өндіріске қатысы бар бір жылдан артық пайдаланатын еңбек құралдары. Кәсіпорында сондай-ақ негізгі бейөндіріс капитал болуы мүмкін: тұрғын үйлер, мектептер, балалар мекемелері, мәдениет үйлері және т.б.
Негізгі капитал - ұлттық байлықтың үлкен бөлімі. Өнеркәсіп және құрылыс үздіксіз істегенде ұлттық байлық жылдан-жылға өседі. Негізгі капиталдың сапасы да өседі. Оның себептері: жаңадан салынатын және жасалатын үйлер, жабдықтар алғы жобаны және конструкцияны пайдаланады. Сондай-ақ ескі үйлер, жабдықтар модернизация арқылы жаңартылады.
Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорларды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:
толық бастапқы құны, яғни жаңа объектінің өндіріс жағдайында жасалынған, іске асырылған құны
толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайында негізгі қорлардың әрбір объектісін қалпына келтіру құны
тозуды алып тастағандағы бастапқы құны
тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.
Негізгі қорлардың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалынған шығындарды қосқандағы әрбір объектіні салу немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен модернизациялау шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса,онда бастапқы құнға жабдықтаушыға төленетін пайыз сомасы да кіреді.
Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды.
Тозуды алып тастағандағы бастапқы құны дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қорлардың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең.
Қалдық құнды анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қорлардың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.
Тозуды алып тастағандағы қалпына келтіру құны, негізгі қорларды қайта бағалау уақыиындағы нақты тозуды ескергендегі өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы әрбір объектіге берілетін баға сомасына сәйкес келеді. Сондықтан тозу мәліметтері амортизациялық шығындардың нормативтерін дұрыс есептеу үшін қажет, негізгі қорлардың күйін өзгертетін маңызды фактор болып табылады.
Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн табиғи және моральдық тозуды ескергендегі белгілі бір кезеңде қызмет еткеннен кейінгі бастапқы бағадағы негізгі қорлардың құнын көрсетеді. Басқаша айтқанда, негізгі қорлардың қызмет етуінің белгілі бір уақыт аралығынан кейін қалған қазіргі жағдайдағы өндірудің құнын көрсетеді.
2. Кәсіпорын табысы, оның мәні мен мағынасы
Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.
Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «кәсіпорындардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.
Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.
Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.
Сонымен, кәсіпорынның табысы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:
акционерлік меншікті арттыру;
табысты арттыру;
басқарушылық сыйақыларды арттыру;
әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты – кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.
Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру – ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі.
Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.
Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.
Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды өтеуге, сондай-ақ, қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.
24- билет
1.Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
Өнеркәсіптің дамуының маңызды мақсаттарының бірі ең алдымен оның тиімділігін көтеру және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар тиімдірірек пайдалану керек.
Өнеркәсіп өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту келесілер есебінен жеткізіледі:
1. негізгі қорларды іске қосу;
2. пайдаланылып жатқан негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту.
Өнеркәсіптің, олардың салаларының және кәсіпорындардың негізгі қорлардың өсуі жаңадан құрылыстар арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте өнім өндірісінің өсімін жыл сайын жаңадан іске қосылатын қорлардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік қорлар арқылы алуға болады.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін анықтау үшін өндірілген өнімнің натуралды және құндылық (ақшалай) бірліктерде және уақыт бірліктерінде қолданылады. Өндірістік күш-құатты пайдалануын есептеу үшін өнім өндірісінің көлемінің тек натуарлды көрсеткіштері пайдаланылады. Негізгі қорларды пайдаланудың натуралды бірліктері ең алдымен салыстырмалы бір типтік өнім өндірілетін өнеркәсіп өндірісінің салаларының кәсіпорындарында пайдаланылады. Өндірістік күш-құаттарды жоспарлау және қазіргі жағдайларын талдау барысында қолданылатын, жабдықтардың балансын құрастыру барысында және т.с.с . негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың натуралдық көрсеткіштері дегенмен кәсіпорынның, саланың, жалпы өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорлардың жалпы жиынтығын тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасын көрсетпейді.
Шаруашылық қызметті жалпы талдау үшін , күрделі салымдарды жоспарлау үшін, өнеркәсіптің барлық звеноларының негізгі қорларын және өндірістік күш-құатты іске қосу үшін өндірістің тиімділігі көрсеткіші, негізгі қорлардың бірлігіне есептегенде өнім өндірісі - қорқайтарымы көрсеткіші деп аталатын маңыздылығын алуда. Сонымен бірге қорқайтарымының кері көрсеткіші – қорсыйымдылығы көрсеткіші пайдаланылады. Қорқайтарымның көрсеткішін анықтау барысында құндылық және натуралдық өлшемдер бірліктері қолданылады.
Негізгі қорлардың неғұрлым толық пайдалануы өндіріс көлемінің өзгеруі барысында өндірістік күш-құаттардың жаңасын іске қосу қажеттіліктерді төмендетуге әкеледі, сәйкесті кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануына жеткізеді(тұтыну қорына пайдадан салымдардың үйлесін көбейтуге, тұтыну қордың жоғары бөлігін технологиялық үрдісті механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға және т.с.с. ).
Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту сонымен бірге олардың айналымдарын жеделдету деп саналады. Бұл физикалық және моралдық тозу мерзімдерінде айырмашылықты қысқарту мәселелрді шешуге ықпалдасады, негізгі қорлардың қарқынын жеделдетуге мүмкіндікті туғызады. Негізгі қорларды тиімді пайдалану қазіргі уақыттың экономикалық реформалардың тағыда басқа басты мақсатпенен тығыз байланысты — өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында жоғары сапалы өнім жедел өткізіледі және жоғары сұранысқа иеленеді.
Жұмыс істеп жатқан негізгі қорларды және өнеркәсіп кәсіпорындардың өндірістік құаттарын және соның ішінде жаңадан іске қосылғандардың пайдалануын жақсарту келесі есебінен жеткізілу мүмкін:
-өндірістік күш-құаттарды және негізгі қорларды пайдалану интенсивтілігін жоғарлату;
-оларды толтыру экстенсивтілігін жоғарлату. Өндірістік күш-құаттарды және негізгі қорларды анағұрлым интенсивті пайдалану ең алдымен соңғыларды техникалық жетілдіру есебінен жеткізіледі.
Өнеркәсіп кәсіпорындардың тәжірибесі жабдықтардың бірлігінің күш-құатын көбейту үрдісі қалыптасқанын көрсетеді:
-станоктарда, машиналарда және агрегаттарда ең жауапты бөлшектер мен тораптар нығайтылады;
-өндірістік үрдістердің негізігі көрсеткіштері жоғартылады(жылдамдық, қысым, температура).
-тек негізгі өндірістік үрдістер мен операциялар механикаландырылып және автоматтандырылып қана қоймайды, сонымен бірге көп жағдайда өндіріс барысын және жабдықтарды пайдалануды баяулататын қосалқы және көліктік операциялар да осындай үрдістерге ұшырайды. Ескірген машиналар модернизацияланады және анғұрлым жетік жаңаларменен ауыстырылады.
Негізгі қорларды қарқынды пайдалану технологиялық үрдісті жетілдіру жолымен жоғарлайды; бір текті өнімнің өндірісінің оптималды шоғырлану базасында өндірістің үздіксіз ағынын ұйымдастыру, оны өндірілетін өнімнің сапасы және берілген технологияның талаптарына сәйкес дайындау; кәсіпорындардың, цехтардың және өндірістік учаскелерідің, басқа да біраз шараларды жұргізу жұмысының бірқалыпты, жұмысының ырғақтығын қамтамасыз ету. Өз кезегінде бұл еңбек заттарын өңдей қарқынын, жылдамдағын көбейтуге және уақыттың бірлігіне, жабдықтардың бірлігіне немесе өндірістік алаңның 1 шаршы метіріне өнім өндірісін көбейтуді қамтамасыз етеді.
Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың негізгі қорларын қарқынды пайдалану жолы олардың техникалық қайта жарақтануды, негізігі қорларды жаңарту қарқынын көбейтуді еңгізеді. Өнеркәсіптің біраз салаларының жұмыс жасау тәжірибесі жұмыс істеп жатқан фабрикалар мен зауаттардың техникалық қайта жабдықтауды көрсетеді. Әсіресе бұл негізігі қорлардың анағұрлым тозу жағдайында кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Негізгі қорларды пайдалану экстенсивтіілігін жақсарту бір жағынан күнтізбелік кезеңде (ауысым, тәүлік, ай, тоқсан жыл барысында) жұмыс істеп жатқан жабдықтардың жұмыс уақытын ұлғайтуды көздейді, ал екінші жағынан кәсіпорында және оның өндірістік звеносында бар жалпы жабдықтардың құрамында жұмыс істеп жатқан жабдықтардың санын және үлес салмағын көбейтуді көздейді.
Жабдықтардың жұмыс уақытын көбейту келесі есебінен қол жеткізіледі:
Әр бір өндірістік бөлімінде жабдықтардың белгілі бір топтарының өндірістік күш-құаттар арасындағы пропорцияларды қолдау , кәсіпорынның цехтары арасында, өнеркәсіптің әр бір саласының ішінде белгілі бір өндірістердің арасында, өнеркәсіптің салаларының дамуының қарқындары мен пропорциялары арасында және жалпы халық шаруашылық бойынша пропорцияларды қолдау;
Негізгі қорларды күтіп пайдалануды жақсарту, пайдаланылатын өндіріс технологиясын ұстану, жабдықтарды дұрыс пайдалануға ықпалдасатын өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, тұрып қалғанды және бұзылғанды болдыртпай алдын алу, жабдықтардың жөндеумен байланысқан тұрып қалғандарын қысқартатын және жендеу арасындағы кезеңді ұлғайтатын өз уақытында және сапалы жөндеуді жүзеге асыру;
Жұмыс уақыттың шығындарында негізгі өндірістік операциялардың үлес салмағын көбейтетін шараларды жүзеге асыру, өнеркәсіптің біраз салаларының кәсіпорындардың жұмысында мауысымдылықты қысқарту, кәсіпорынның жұмысынынң ауысымдылығын көтеру;
Жабдықтарды жөндеу қызметінің сапасын көтеру жолмен жабдықтардың ауысым ішіндегі жұмыссыз тұрып қалған уақыты қысқарту және мүлдем жою, жұмысшы күшпен, шикі затпен, жағар-жанар маймен, жартылай фабрикаттармен негізгі өндірісті өз уақытында қамтамасыз ету;
Жабдықтардың бір тәулік бойы жұмыссыз тұрып қалғанын қысқарту, оның жұмысының ауысымдылық коэффициентін көтеру.
Кәсіпорындарда жұмыс істеп тұрған станоктар, машиналар және агрегаттардан басқа жабдықтардың белгілі бір бөлігі жөндеуде және резервтерде болады, ал тағы бір бөлігі – қоймаларда. Орнатылмаған жабдықтардың өз уақытында жасалған монтажы, және сонымен бірге жоспарлы жөндеуде және резервте тұрғанғандарды есептемегенде барлық орнатылған жабдықтарды іске қосу негізгі қорларды пайдалануды жақсартаты.
Жабдықтардың жұмысының ауысымдылық коэффициентін көбейту мақсатты шешу барысында ең алдымен көптеген кәсіпорындарда ең алдымен жұмысшы күштің жетіспеушілігінен пайдаланылатын негізгі жабдықтар толығымен қолданыста жоқ екенін естен шығармау керек.
Негізгі өндірістік қорларды, өндірістік күш-құаттарыды пайдалануын жақсарту және еңбек өнімділігін өсірудің мәселелерін табысты шешуіне ірі өндірістік бірлестіктерді ұйымдастыру үлкен әсер береді. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістің мамандандырылуына және техникалық қайта жарақтануына үлкен көңіл аударылады, олардың мамандануына тән емес өнімнен бас тарту, ірі индустриалды орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің резервтері қалыптасатын кішігірім және орташа қалаларда мамандандырылған өнеркәсіп объектілерін құрастыру.
Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда мамандандырылуын дамытуға бағытты жүзеге асыру барысында бұл оның өндірістік құрылымын қарапайымдатады, қосалқы және қызмет көрсету бөлімшелер есебінен жұмысшы күшті босатады, сонымен негізгі цехтардың екінші ауысымдарын қалыптастырады және ауысымдылық коэффициентін көтереді.
Ауысымдылықты көтерудің маңызды жағдайының бірі өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру болып табылады, және ең бірішінден қосалқы өндірістерде, өйткені бұл механикаландырылмаған ауыр жұмыстардан адамдарды екінші ауысымдағы квалификацияланған жұмыстарға ауыстыруға мүмкіндік жасайды.
Көтеру-тасымалдау, жүкті тиеу және түсіру және қоймадағы жұмыстарды механикаландыру қарқынын жеделдету өнеркәсіп кәсіпорындарда негізгі және қосалқы өндірісті механикаландыру деңгейінде орын алатын диспропорцияларды жою үшін, қосалқы жұмыстардың біраз көлемін босатуда, жұмысшы күштермен негізгі цехтарды толықтыруды қамтамасыз етету үшін, жұмыс күшін қосымша тартусыз жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда өндірісті кеңейту және кәсіпорындардың жұмыстарының ауысымдылық коэффициентін көбейтуде негіз болып табылады. Жұмысшы күште тапшылықты сезінетін ірі қалаларда жабдықтарды қайта құрастыру, кеңейту, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жолымен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын негізгі қорларды пайдалануын жақсартуда мәселені шешуде өте маңызды рөлды алады.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін көтерудің маңызды жолы бұл жабдықтардың артық санын азайту және орнатылмаған жабдықтарды жедел түрде іске қосу болып табылады. Еңбек құралдарының көп санынын жұмыс істемей тұрғаны өндірісті өсіруге мүмкіндікті азайтады, физикалық тозуына байланысты өнімде затталған еңбектің тікелей жоғалтуларына әкеліп соқтырады, өйткені ұзақ уақыт бойы сақталынып тұрған жабдықтар іске қосуға жарамсыз болып қалады. Жақсы физикалық жағдайда тұрған басқа жабдықтар моралдық тозған болып шығуы мүмкін және олар физикалық тозған ретінде есептен шығарылады.
Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту көп жағдайда кадрлардың біліктілігіне әсіресе машиналарға, механизмдерге, агрегаттарға және өндірістік жабдықтардың басқада түрлеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың шеберлігінен тәуелді.
Жұмысшылардың жұмыстарының творчестволық және жауапкершілікпен орындалуы негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда маңызды шарттарының бірі.
Белгілі болғандай моралдық және материалдық ынталандыру жүйені жетілдіруден көп жағдайда негізгі қорларды пайдалану деңгейі тәуелді. Жоспарлаудың және экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайларында жұмыс жасайтын өнеркәсіп кәсіпорындарда техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау жаңа экономикалық механизм, оның ішінде өндірістік қорлар үшін төлемдерді еңгізу, көтерме бағаларды қайта қарастыру, рентабелділік деңгейін анықтау үшін жаңа көрсеткіштерді пайдалану, кәсіпорындарда марапаттау қорларды ұйымдастыру негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартуға ықпалдасады.
Технология бойынша жаңа ұсыныстарды еңгізу жолымен еңбек өнімділігін көбейтуде өндірістік жұмысшылардың талпыныстарын естен шығармау керек, бұл орайда қорларды жаңарту үшін марапаттаудың мақсаты оны тиімді өткізуде жұмысшыларда материалдық қызығушылықты туғызуға бағытталған. Жаңа техника бойынша шаралар үшін марапаттау жүйенің негізінде келесі қағидалар жатыр:
-негізгі құралдарды жаңарту бойынша жұмыстардың барлық кезеңдерінде ынталандыру жүргізу, оның ішіне ғылыми-техникалық және жобалық-құрастырушылық бөлімшелердің қызметкерлеріне сый ақыларды төлеу де жатады.
-негізгі қорларды жаңартатын жұмысшыларды алдымен марапаттау;
-жұмысты атқаруда өзіндік қосқан үлесі бойынша белгілі бір жұмысшыларға арнайы сый ақылардың көлемін анықтау.
Өнеркісіптің басқарудың барлық звеноларында құрастырылатын негізгі қорларды пайдалануды жақсарту бойынша кез келген шаралардың кешені өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуын қамтамасыз етуді көздеу керек, ең алдымен шаруашылықтың ішіндегі резервтерін тиімді және толық пайдалану есебінен және машиналар мен жабдықтарды анағұрлым толық пайдалану жолменен, ауысымдылық коэффициентін көтеру, жұмыссыз бос тұрып қалуын жою, жаңадан іске қосылатын күш-құатты меңгеру мерзімін қысқарту, өндірістік үрдістерді әрі қарай интенсивтендіру. Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда жұмысшыларды материалдық ынталандырудың орны өте маңызды.
2. Ұйымның өндірістік бағдарламасы
Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысының негізінде тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт жатыр. Сондықтан да кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасағанда жаңа бір бағыт ұстануымыз қажет, ол: оны жүзеге асырғанда кәсіпорынға жоғары пайда әкелетін, оның талданған тауарлық саясаты мен стратегиясына сәйкес тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары.
Өндіріс бағдарламасын жоспарлау, кәсіпорынның өмірлік циклы тұжырымдамасына негізделуі қажет, өйткені кәсіпорынның өмірлік циклының әрбір кезеңінде дамудың ішкі қайшылықтары пайда болып, жүйедегі қарама – қарсылықтар және сыртқы жағдайларда өмір сүре алмауы жаңа мақсаттар тудырады. Олар бойынша тауарлық стратегия таңдалып, соған сәйкес өндірістік бағдарлама жасалуы қажет.
Өндірістік бағдарлама жасағанда келесідей жұмыстар жүргізілуі керек: өнім өндіру құрылымын зерттеу, өнім рентабелділігін анықтау, сату құрылымын талдап, оның өнім өндіру арасында сәйкестік орнату, жоспар мен оның орындалуын салыстырып, өндіріс құрылымындағы өзгерістерді анықтау.