- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
- •Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, формалары және түрлері)
- •Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
- •Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
- •Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
- •Мүлік (түсінігі және құрылымы)
- •Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттас реттеу әдістері мен бағыттары
- •Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
- •Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
- •Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
- •Кәсіпкерлік қызмет саласьіндағы жауапкершілік
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары
- •Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы
- •Тауар биржалары
- •Қор биржалары
- •Валюта биржалары
- •Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
- •Инвестициялар ұғымы және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Банк қызметін құқықтық реттеу
- •Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және олардың жіктелуі
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы
- •Биржалық мәмілелер
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сонымен қатар заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен өкілеттік алған органның шешімі немесе заң актілерімен қарастырылған жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заң заңды тұлғаны қайта кұрудың бес формасын: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгертуді (сонымен бірге басқа формаларда да қайта құруды іске асыру мүмкіндігі көзделген) ерекше атап көрсетеді.
Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға: қосылған және біріккен жағдайда — өткізу актісіне сәйкес, ал бөліну, бөлініп шығу жағдайында - бөлу теңгеріміне (баланс) сәйкес өтеді.
Заңды тұлғаны тарату - бұл оның заңды тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен шығарылу жолымен қызметін тоқтатуы. Заңды тұлғаны тарату нәтижесінде - қайта құрудан айырмашылығы - мұнда құқықтық мирасқорлық болмайды
Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
басқару құқығы
Меншік материалдық және материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынас болып табылады. Меншік құкығы - субъектінің өз иелігіндегі мүлікті қалауы бойынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқығы.
Иелену құқығы - мүлікті іс жүзінде иеленуді іске асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Пайдалану құқығы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін шығарудың, сонымен қатар одан пайда табудың (табыс, өсім, жеміс, төл және басқадай табыс түрінде) заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Билік ету құқыгы - мүліктің заңды немесе іс жүзіндегі нақты тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Меншік иесі өз қалауымен иелігіндегі мүлікке қатысты кез келген әрекетті орындауға, оның ішінде бұл мүлікті басқа адамдар меншігіне басыбайлы беруге, меншік иесі болып қала отырып, оларға иелену, пайдалану және билік ету бойынша өз өкілеттіктерін беру әрекеттерін іске асыруға, мүлікті кепілдікке беруге немесе оны басқадай тәсілдермен жүктеуге, басқаша түрде билеуге құқылы.
Мүлік (түсінігі және құрылымы)
Жоғарыда айтылып кеткендей, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс.
Заң әдебиетінде «мүлік» ұғымын анықтауда бірмағыналылық жоқ. Бүгінгі күні негізгі үш бағыт қалыптасқан:
1) мүліктің материалдық түсінігі (мүлік деп белгілі бір тұлғаның меншік құқы немесе басқадай заттық құқы бар заттардың және мүліктік құқықтардың жиынтығы ұғынылады);
2) мүліктің міндеттемелік түсінігі (мүлік деп заттар мен мүліктік құқықтар жиынтығы ұғынылады); мүліктің кең мағынадағы түсінігі (мүлік деп иеленушінің мүліктік жағдайын сипаттайтын заттардың, мүліктік құқықтар мен міндеттердің жиынтығы ұғынылады).
Сондықта заң шығарушы «мүлік» ұғымының кең түсініктемесін қабылдады, себебі, ҚР азаматтық заңы мүліктің төмендегідей құрылымын анықтап береді: заттар (ақша мен бағалы заттарды қосқанда); жұмыстар мен қызметтер; зияткерлік меншік; мүліктік құқықтар (талап ету құқығы); міндеттер (борыштар). Бұл жерде «мүлік» санатының заңдық анықтамасы, бірінші кезекте, тәжірибе мүдделеріне жауап береді.
Сонымен мүліктің төмендегідей түрлерін бөлуге болады:
1) заттар;
2) акша;
3) бағалы қағаздар;
4) жұмыстардьщ нәтижелері;
5) кызметтер;
6) шығармашылық зияткерлік қызметтің нысандандырылған нәтижелері;
7) мүліктік құқықтар.
