
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
- •Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, формалары және түрлері)
- •Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
- •Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
- •Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
- •Мүлік (түсінігі және құрылымы)
- •Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттас реттеу әдістері мен бағыттары
- •Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
- •Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
- •Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
- •Кәсіпкерлік қызмет саласьіндағы жауапкершілік
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары
- •Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы
- •Тауар биржалары
- •Қор биржалары
- •Валюта биржалары
- •Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
- •Инвестициялар ұғымы және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Банк қызметін құқықтық реттеу
- •Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және олардың жіктелуі
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы
- •Биржалық мәмілелер
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
Кәсіпкерлік қызмет субъектісін құру үшін, мүлік иеленушінің
құрылтайшысы ретінде саналы-жігерлі қызметі қажет. Бұның тең дәрежеде жеке кәсіпкерге де, занды тұлғаға да қатысы бар. Алайда егер заң жеке кәсіпкерге қатысты тек бір ғана құрылу тәсілін (алдын ала шешу, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркеу) белгілесе, ал заңды тұлғаларға қатысты мұндай тәсілдер үшеу:
1) өкімдік - мемлекеттік билік немесе басқару органының тікелей бұйыруы, өкім беруі жолымен құрылады (мұндай бұйрықты мүліктің меншік иесі немесе оның өкілі өкімдік акт шығару түрінде бере алады Осындай тәртіппен, мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер құрылады);
2) рұқсат беру - заңды тұлғалар өздерінің құрылтайшыларының (мемлекеттік және жеке кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар) бастамашылығымен, бірақ тиісті мемлекеттік мекемелердің рұқсат беруімен құрылады;
3) алдын ала шешу (тіркеу) - заңды тұлғаны мұндай жолмен құру үшін мемлекеттік органның рұқсаты талап етілмейді (екі шарттың болуы қажет:
1) мұндай заңды тұлға құру тәртібі занда алдын ала көзделуге тиіс;
2) заңды тұлға мүшелерінің тиісті заң актісі талаптарына жауап беретін ұйымға бірігу туралы жалпы жиналысының шешімі болуы керек).
Заңды тұлғаның заңдық қабілеті ол кез келген заңды тұлға үшін міндетті саналатын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңмен жеке кәсіпкерлік субъектілерін заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің әртүрлі тәсілдері белгіленген.
Жеке кәсіпкерлік субъектлері – жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, айтатын болсақ, оларды тіркеу тәртібі жеке кәсіпкерлік туралы заң нормаларына сәйкес анықталады. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және тұлғаларды мемлекеттік тіркеу алдын ала шешілген сипатта болады және оны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенде көрсетілген тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық салық органында есепке алудан тұрады.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шектеусіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу үшін, жеке кәсіпкер тіркеуші органға:
тіркеуші орган белгілеген үлгі бойынша арыз;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін соманың төленгенін растайтын құжат;
түпнұсқасын көрсете отырып, жеке тұлға екендігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3,5х4,5 көлеміндегі сурет;
жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқын растайтын) құжат табыстайды. Егер арызданушы кәмелетке толмаған болса, онда аталған құжаттарға ата-анасы, асыраушысының немесе қамқоршының келісімі, ал мұндай келісім беру болмаса, кәмелетке толмаған адамның әрекет етуге толық жарамдылығы туралы сот шешімі қоса беріледі.
Қайта тіркеу заңды тұлға емес, жұмыс істеп жатқан тіркелген заңды тұлғаны қолданылып жүрген заңдар талаптарына сәкестендіру дегенді білдіреді. ҚР АК 42-бабының 6-тармағына сәйкес, заңды тұлға мынадай:
жарғы капиталының және акционерлік қоғамның жарияланған жарғы капиталының көлемі азайған;
заңды тұлға атауы өзгерген;
шаруашылық серіктестерінде және жабық акционерлік қоғамдарда қатысушылар құрамы өзгерген жағдайларда және басқадай негіздер бойынша қайта тіркеуден өткізіледі.