
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
- •Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, формалары және түрлері)
- •Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
- •Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
- •Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
- •Мүлік (түсінігі және құрылымы)
- •Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттас реттеу әдістері мен бағыттары
- •Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
- •Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
- •Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
- •Кәсіпкерлік қызмет саласьіндағы жауапкершілік
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары
- •Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы
- •Тауар биржалары
- •Қор биржалары
- •Валюта биржалары
- •Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
- •Инвестициялар ұғымы және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Банк қызметін құқықтық реттеу
- •Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және олардың жіктелуі
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы
- •Биржалық мәмілелер
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасьшда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау темендегі бағыттар:
жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері бойынша заңдарды жетілдіру;
жеке кәсіпкерлік, бизнес-инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриялық аймақтар және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да нысандарын қолдау орталықтарын құру және дамыту;
бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету қызметі бойынша жүргізіледі.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау төмендегі ұстанымдар негізінде іске асады:
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту басымдығы;
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешендігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылымына және шағын кәсіпкерліктің барлық субъектлері үшін іске асырылатын шараларға қол жеткізу мүмкіндігі;
шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту төмендегі жолдармен жүзеге асырылады:
қаржылай қолдау көрсету;
шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желісін ұйымдастыру;
бизнес-инкубаторлар қызметін ұйымдастыру;
шағын кәсіпкерлік субъектлеріне бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік нысандарын сенімділікпен басқаруға және жалға беру;
шағын кәсіпкерлік субъектлеріне өнеркәсіптік өндірісті және халыққа қызмет көрсету саласын дамытуды ұйымдастыру үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген нысандарды шарт жасау сәтінен бастап бір жыл өткеннен кейін, ҚР Үкіметі белгілеген тәртіпте шарттар орындалған жағдайда, өтеусіз беру.
Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) саналады. Кәсіпкерлік қызметтің басқа қатысушылары қатарына: кәсіпкерлікпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды; кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысатын азаматтарды; коммерциялық ұйымдардың (оның ішінде шетелдік те) филиалдары мен өкілдіктерін; кәсіпкерлер бірлестіктерін - холдингтерді, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды, консорциум-дарды (қарапайым серіктестіктерді) және заңды тұлға құрмаған басқа да бірлестіктерді жатқызуға болады.
Кәсіпкер дегеніміз - ол кәсіпкерлік қызметті заңмен немесе келісім-шартпен белгіленген тәртіпте тұрақты негізде жүзеге асыратын тұлға.
Экономикалық қатынастардың қандай да бір қатысушысын кәсіпкер деп тану үшін, ол белгілі бір талаптарға: 1) оқшауландырылған (дара) мүлкінің болуы; 2) кәсіпкерлік құқықтары мен міндеттерінің (шаруашылық құзырының) болуы; дербес мүліктік жауапкершілік; кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелуі сияқты белгілерге сай болуға тиіс.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс, өйткені кәсіпкерлік қызмет белгілі бір мақсаттарға жету үшін мүлікті пайдалануға тікелей байланысты. Мұндай оқшауланудың негізгі формалары болып жеке меншік құқығы және шаруашылық жүргізу құқығы саналады (сонымен бірге тікелей басқару құқығы және жалдау құқығы және т.б. формалары да болуы мүмкін).
Кәсіпкерлік қызмет субъектісіне заңға немесе келісім-шартқа сәйкес берілген құзыреттер жинала келе, оның шаруашылық құзыретін кұрайды. Әдетте, шаруашылық құзыреттің мынадай түрлері ажыратылады:
1) жалпы құзырет (соған сәйкес субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті субъективті құқықтар мен заңдық міндеттерге ие болады, яғни жалпы құзырет жеке кәсіпкерлік субъектілepiнe беріледі);
2) арнайы құзырет (құрылтайшылық құжаттарда айқындалады және заңмен белгіленген нақты субъект (мысалы, коммерциялық емес ұйым) қызметінің мақсаттарына сай болуға тиіс;
3) шектеулі құзырет (жалпы құзыретке ие субъектінің өз қалауы бойынша құрылтайшылық құжаттарда айқындалады);
4) дара шаруашылық құзырет (қызметтің басқа түрлерімен айналыса алмайтын кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне, мысалы, табиғи монополиялар субъектілеріне, банктерге және т.б. қатысты заң белгілейді).
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері өзіне тиесілі мүлікпен өз міндеттері бойынша жауапкершілік алуға тиіс. Заңды тұлғалардың дербес азаматтық-құқыктық жауапкершілігі ҚР АК 44-бабымен бекітілген. Алайда бұл ережеден төмендегілер:
1) арнайы қаржы ұйымдары;
2) құрылтайшы қаржыландыратьн мекемелер;
3) мемлекеттік мекемелер;
4) қазынашылық кәсіпорындар үшін бірқатар шегерулер (шығарып тастау) көзделген. Мысалы, мемлекеттік мекемелердің немесе қазынашылық кәсіпорындардың ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда, субсидиялық жауапкершілікті ҚР Үкіметі немесе жергілікті атқару органы көтереді.
Азаматтық заңдар кәсіпкердің жоғары жауапкершілігін белгілеген, ол кінәсінің бар-жоғына қарамастан, кәсіпкердің міндеттемелерін орындамағаны немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындағаны үшін мүліктік жауапты екендігінен көрінеді. ҚР АК 359-бабының 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерді жауапкершіліктен босататын жалғыз негіз форс-мажорлық (төтенше) жағдайлар немесе шама жетпейтін күш жағдайлары (табиғат апаттары, әскери іс-қимылдар және т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайларға, мысалы, нарықта тауарлардың, жұмыстардың немесе атқаратын қызметтердің болмауы жатқызылмайды.
Одан тыс заң арқылы төмендегілердің:
1) толық серіктестік қатысушыларының: егер тарату кезінде қолда бар мүлік оның барлық қарыздарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда (ҚР АК 70-бабының 1-тармағы;
2) салған салымдарының еселенген көлеміндегі сомасы жеткіліксіз, сонымен бірге қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының ортақ жауапкершілігі орын алатын жағдайлар көзделген. Одан өзге, заңмен төмендегілердің:
1) занды тұлға мүлкінің құрылтайшысының (қатысушысының) немесе меншік иесінің: заңды тұлғаның қаражаты (ҚР АК 44-бабының 3-тармағы) жеткіліксіз болған кезде, құрылтайшының (қатысушының) немесе оның мүлкінің меншік иесінің әрекеттерінен туындаған банкроттық жағдайында, мысалы, еншілес ұйым негізгі ұйымның кінәсінан банкрот болғанда, негізгі ұйым субсидиялық жауапкершілікті көтеретін (ҚР АК 94-бабының 2-тармағы);
2) өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив міндеттері бойынша субсидиялық жауапкершілігі (ҚР АК 96-бабынъщ 3-тармағы) орын алатын жағдайлар қарастырылған. Мемлекеттік тіркеу нәтижесінде субъект кәсіпкер мәртебесін иеленеді және толық көлемде өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жеңілдіктер және артықшылықтар алу мүмкіндігіне ие болады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің жалпы негіздері және тәртібі ҚР Азаматтық кодексі және 1995 ж. сәуірдің 17-індегі № 2198-ші «Занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы арқылы реттеледі. Арнайы Ережелер «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен көзделген.