
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
- •Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, формалары және түрлері)
- •Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
- •Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
- •Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
- •Мүлік (түсінігі және құрылымы)
- •Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттас реттеу әдістері мен бағыттары
- •Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
- •Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
- •Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
- •Кәсіпкерлік қызмет саласьіндағы жауапкершілік
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары
- •Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы
- •Тауар биржалары
- •Қор биржалары
- •Валюта биржалары
- •Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
- •Инвестициялар ұғымы және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Банк қызметін құқықтық реттеу
- •Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және олардың жіктелуі
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы
- •Биржалық мәмілелер
Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
Демек кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөлімі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі бастауларын және кэсіпкерлік қатынастарды реттеу-дің негізгі ұстанымдарын айқындайтын институттар және нормалардан тұра-ды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың жалпы бөлімі жүйе-сіне оның құқықтың кешенді саласы ретіндегі мэнін ашып көрсететін төмен-дегі құқық нормаларынын жиынтығы (құқық институттары) кіреді: кәсіпкер-лік қатынастар, кәсіпкерлік құқық субъектілері; банкроттық (дәрменсіздік); кәсіпкерлік қызмет (түсінігі, белгілері, түрлері мен формалары); кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу; кәсіпкерлік шарт; кәсіпкерлік қызмет саласын-дағы жауапкершілік; кәсіпкерлердің құқыктарын корғау (қорғаудың форма-лары және тәсілдері). Сонымен қатар кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөлімінде кәсіпкерлік құқықты заңды реттеу құралы мен әдісі, кәсіпкерлік құқық ұстанымдары, кәсіпкерлік құкық көздері, кэсіпкерлік құқық жүйесі және тұтас құқық саласы үшін маңызды болып саналатын басқа да мәселелер көрініс тапқан.
Ерекше белімнің басқаша арнайы құқық институттары деп аталатын құқық нормаларының жиынтығы (институттар) қатынастардың жекелеген аспектілерін немесе түрлерін реттеуге арналған. Сол себепті кәсіпкерлік құқ-ықтың ерекше бөлімін мынадай кұқық нормаларының жиынтығын құрайды: биржа қызметін кұқықтық реттеу; инвестициялық қызметті құқықтық реттеу; сыртқы экономикалык қызметті құқықтық реттеу; банк қызметін құқықтық реттеу; көлік қызметін кұқықтық реттеу; сактандыру қызметін құқықтық рет-теу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік құқықтың ерекше бөлімі жүйесіне сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың жекелеген түрлері, оның ішінде сыртқы экономикалық мәміле-лер, биржа мәмілелері, жер қойнауын пайдалану саласындагы кәсіпкерлік шарттар кіреді.
Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесін ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі және төмендегі топтарға біріктіруге болатын басқа да нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Бірінші топқа кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі бастамаларын белгілейтін арнайы нормативтік құқықтық актілер ісіреді, олар Қазақстан Республикасының: 1995 ж. мамырдың 2-індегі № 2255-ші «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңы; 1998 ж. сәуірдің 22-індегі № 220-1 «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңы; 2002 ж. мау-сымның 24-індегі № ЗЗО-ІІ «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинге) туралы» Заңы; 2006 ж. қаңтардың 31-індегі № 124-ІИ «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы; 2007 ж. қаңтардың 11-індегі № 214-ІІІ «Лицензиялау туралы» Заңы; 2008 ж. желтоқсанның 25-індегі № 112-IV ҚРЗ «Бәсекелестік туралы» Заңы; ҚР Президентінің 1998 ж. сэуірдің 27-індегі № 3928інші «Азаматтар-дың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау туралы» Жардығы; ҚР Президентінің 1999 ж. мамырдың 28-індегі № 49-ыншы «Азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау бойынша қосымша шаралар туралы» өкімі: ҚР Үкіметінің 2005 ж. сәуірдің 23-індегі № 1560-ыншы «Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» қаулысы; ҚР Үкіметінің 2006 ж. маусымның 2-індегі № 496-ыншы «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптау кеңестері жөніндегі Үлгі ережелерді бекіту туралы» қаулысы; ҚР Үкіметінің 2006 ж. мамырдың 31-індегі № 477-інші «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркеу ережелерін бекіту туралы» қаулысы және басқалары.
Екінші топқа шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы норма-тивтік құқықтық актілер кіреді, олар: ҚР Үкіметінің 2003 жылғы маусымның 17-індегі № 572-інші «Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъекті-лері қызметіне тексеру жүргізуінің Ережелерін бекіту туралы» қаулысы; ҚР Үкіметінің 2003 ж. сәуірдің 4-індегі № 327-інші «Шағын кәсіпкерлік субъ-ектілеріне республикалық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын нысан-дарын мүліктік жал-дауға немесе соңынан қайтарымсыз меншікке алу құқы-мен сенімдік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы» қаулысы; ҚР Үкіметі-нің 2005 ж. мамырдың 12-індегі № 450-інші «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарына шағын жэне орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша же-делдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы және басқа-лары.
Үшінші топты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы актілер - Қазақстан Республикасының: 2001 ж. шілденің 9-ындағы № 225-ІІ «Ғылым туралы» Заңы; 2006 ж. наурыздың 23-індегі № 135-ІІІ «Инновация-лық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы; ҚР Президентінің 2006 ж. наурыздың 16-ындағы № 65-інші «Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық саясаты аясында ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабіле-тін ары қарай көтеру бойынша мемлекеттік шаралар туралы» Жарлығы; ҚР премьер-министрінің 2006 ж. шілденің 17-індегі № 206-О «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» өкімі және басқалары құрайды.
Төртінші топты тұтынушылар қуқықтарын қорғау туралы актілер - Қазақ КСР-інің 1991 ж. маусымның 5-індегі № 640-ХІІ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының: 1998 ж. шілденің 9-ындағы № 272-1 «Табиғи монополиялар туралы» Заңы; 2001 ж. мамырдың 8-іидегі № 197-11 «Тұтынушылар кооперативі туралы» Заңы; 2003 ж. сәуірдің 8-індегі № 404-ІІ «Су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушы-лар кооперативі туралы» Заңы; 2004 ж. сәуірдің 8-індегі № 543-И «Тағам өнімдерінін сапасы және қауіпсіздігі туралы» Заңы; ҚР премьер-министрінің 1999 ж.қазанның 21-індегі №151-р «Қазақстан Республикасыңда тұтынушы-лар құқықтарын корғау бойынша нормативтік құқықтык базаны жетілдіру мәселелері» туралы өкімі және басқалары құрайды.
Бесінші топқа отандық тауар ендірушілерге қолдау көрсету туралы актілер - Қазақстан Республикасының: 1998 ж. желтоқсанның 28-індегі № 337-1 «Тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» Заңы; 1999 ж. шілденің 13-індегі № 421-1 «Демпингке қасы шаралар ту-ралы» Заңы; 1999 ж. шілденің 16-ындағы № 441-1 «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» Заңы;
Алтыншы топты кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін реттейтін нормативтік қуқықтық актілер - Қазақстан Респуб-ликасыньщ: 1995 ж. сәуір-дің 5-індегі № 2170-інші «Тауар биржалары туралы» Заңы; 1995 ж. тамыздың 31-індегі № 2444-інші «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы;
Жетінші топқа кәсіпкерлік қызметтің жекелеген аспектілерін реттейтін жалпы сипаттағы нормативтік құқықтық актілер.
Қазақстан Республикасының: 1997 ж. шілденің 16-ындағы № 167-1 Қылмыс-тық кодексі; 2001 ж. қаңтардың 30-ындағы №155-ІІ Әкімшілік құқық бұзу-шылық туралы кодексі;
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызмет туралы заңдары жүйесіне ҚР халықаралық шарттары кіреді.