
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
- •Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, формалары және түрлері)
- •Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
- •Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
- •Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
- •Мүлік (түсінігі және құрылымы)
- •Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттас реттеу әдістері мен бағыттары
- •Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
- •Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
- •Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
- •Кәсіпкерлік қызмет саласьіндағы жауапкершілік
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары
- •Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы
- •Тауар биржалары
- •Қор биржалары
- •Валюта биржалары
- •Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
- •Инвестициялар ұғымы және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Банк қызметін құқықтық реттеу
- •Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және олардың жіктелуі
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы
- •Биржалық мәмілелер
Инвестициялар ұғымы және түрлері
Инвестицияларды, кез келген басқа құбылыс сияқты, кең және пар мағыналарында қарастыруға болады.
Кең мағынасында (қазіргі таңда тым таралған) пайда (табыс) табу және (немесе) әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қызмет нысанына салынатын мүліктің кез келген түрін инвестициялар деп түсінуге болады. Аталған жағдайда «инвестициялар» ұғымының түсіндірмесі аса кең болып табылады, өйткені инвестициялар ретінде мүліктік және зияткерлік (интеллектуалдық) құндылықтардың, сондай-ақ оларға деген құқыктардың ең бір алуан түрлері шығатынына болжам жасалады. Алайда инвестициялардың бастапқы түсінігін де, яғни «инвестициялар» пайда болған мезеттен бастап-ақ, олардың тек бос ақша қаражаттарымен ұқсастырылған мағынасын есте ұстаған жөн. Сондықтан да тар мағынасында инвестициялар — ол инвестордың пайда (табыс) табу мақсатында салатын және материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталған жеке, қарызға алған немесе тартылған ақша қаражаты.
Инвестициялардың белгілері. Инвестицияларды мүліктің кез келген түрі деп түсінуге сүйене отырып, инвестициялар ретінде қарастырылуы үшін, ол құндылықтар иеленуге тиіс белгілерді тұжырымдап алған жөн. Инвестициялардың негізгі және айқындаушы белгісі - олардың жеке тұтынуға емес, материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кәсіпкерлік нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалынуынан көрінеді.
Сонымен, инвестициялар - бұл пайда (табыс) табу және (немесе) әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қызмет нысанына салынатын мүліктің барлық түрлері болып шықты.
Инвестицияларды жіктеудің әртүрлі негіздемелері және әрқилы тәсіл-амалдары бар. Негізгі бөлу ретінде инвестициялардың түрлерін: капитал тудырушы және зияткерлік, мемлекеттік және жеке, шетелдік және ұлттық (отандық) деп жіктеуді ұсынуға болады. Инвестициялардың басқа түрлеріне келетін болсақ, мысалы, төте және қоржындық, нақты және қаржылық, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары және тәуекелі аз деген сияқты, онда олар негізгі жіктеуге жатады және инвестициялардың қосымша түрлері болып табылады.
Капитал тудырушы және зияткерлік (әлеуметтік) инвестициялар. Инвестицияларды бөлудің негізгі жіктік белгілерінің бірі болып инвестициялардың мақсаты - пайда (табыс) табу және немесе әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсаты аталады. Осыған байланысты инвестициялар капитал кұрушы және зияткерлік (әлеуметтік) деп бөлінеді.
Капитал тудырушы инвестициялар — ол материалдық және материалдық емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар. Басқаша айтқанда, бұл олардың дәстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, өйткені, әдетте, инвестициялар капитал тудырушы болып табылады, яғни пайда немесе табыс табудың тәсілі немесе құралы ретінде қолданылады. Өз кезегінде, капитал тудырушы инвестициялар нақты және қаржылық инвестициялар немесе тура және қоржындық инвестициялар деп бөлінеді.
Зияткерлік инвестициялар - ол әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлауға, сондай-ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және т.б. мақсаттарға бағытталған инвестициялар. Мысалы, қазіргі заманда зияткерлік инвестициялардың ең көп тараған түрлері жоғары білім алу үшін берілетін мемлекеттік және жеке кредиттер больш табылады. «Зияткерлік инвестициялар» түсінігін «әлеуметтік инвестициялар» ұғымына дейін кеңейтуге болады, өйткені екі жағдайда да инвестициялар нысаны әлеуметтік сала болып шығады және негізгі мақсат ретінде әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу жорамалданады (ондай кезде бір мезгілде пайда немесе табыс табу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды).
Мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы мынада:
мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып табылады;
мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялар қайтарымды және ақылы негізде жүзеге асырылады;
мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялар оларды біреудің негіздемесін және тәртібін мемлекет белгілейтіндігімен сипатталады;
4) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне байланысты;
5) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына мемлекет бақылау жасайды;
6) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялар мемле-кеттік қазына мүлкімен қамтамасыз етіледі.
Шетелдік және ұлттық инвестициялар. Жуық уақытқа дейін заңдық тұрғыда инвестициялардың шетелдік инвестициялар және тура инвестициялар деген сияқты түрлері ең бір реттелген инвестициялар болып келді (оларға шетелдік және ұлттық инвестицияларды да жатқызуға болушы еді). Шетелдік және ұлттық инвестщияларға бөлудің жалпыға ортақ белгісі болып мынадай ұстаным танылады: инвестициялар инвестордың елінде немесе басқа бір елде жүзеге асырылады. Бұл жерде қандай меншік (ұлттық меншік пе, әлде мемлекеттік меншік пе; шетелдік жеке меншік пе, әлде шетелдік мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың жеке меншігі ме) туралы сөз болып отырғаны да аса маңызсыз емес. Қазіргі таңда заңда шетелдік және ұлттық инвестициялар арасын ажырату деген жоқ, тиісінше (шыққан көзіне қарамастан), барлық инвестициялар ұлттык инвестициялар болып саналатын болды.
Инвестициялардың қосымша түрлері және сипаттамасы.
Инвестицияларды жіктеудің басқадай маңызды бір негіздемесі болып инвестициялардың нысаны саналады. Осы белгіні негізге ала отырып, инвестициялар нақты және қаржылық, немесе төте және қоржындық, немесе бір мезгілде екеуі де болуы мүмкін.
Нақты инвестициялар — ол нақты активке салынған инвестициялар немесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге, құрал-жабдықтарды ауыстыруға және т.б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін.
Қаржылық инвестициялар - ол бағалы қағаздарға салынған салымдар (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпорациялық бағалы қағаздарға және т.с.с).
Инвестициялық тәуелдік деп инвестициялық салымнан түсетін пайданың абсалюттік немесе салыстырмалы шамасы күтілгеннен аз болып шығуы түсініледі немесе, басқа сөздермен айтқанда, тәуекелді қаламаған нәтижелердің орын алу мүмкіндігі дегенді білдіреді.