
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
- •Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, формалары және түрлері)
- •Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
- •Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
- •Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
- •Мүлік (түсінігі және құрылымы)
- •Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттас реттеу әдістері мен бағыттары
- •Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
- •Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
- •Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
- •Кәсіпкерлік қызмет саласьіндағы жауапкершілік
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары
- •Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы
- •Тауар биржалары
- •Қор биржалары
- •Валюта биржалары
- •Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
- •Инвестициялар ұғымы және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Банк қызметін құқықтық реттеу
- •Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және олардың жіктелуі
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы
- •Биржалық мәмілелер
Валюта биржалары
Валюта биржасы – шетелдік валютамен және басқадай валюталық құндылықтармен жария және көпшілікке арналған сауда-саттық түрінде алдын-ала анықталған орында, белгіленген мерзімде және күні бұрын қарастырылған ережелер бойынша жүзеге асырылатын биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған заңды тұлға.
«Валюта» термині мемлекеттер заңды төлем құралы немесе қолма-қол және қолма-қол емес түрдегі банкнот, қазына билеттері және оның ішінде қымбат металдан жасалған (айналыстан алынып тасталтан немесе алынып жатқан, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне ауыстыруға жататын) мәнеттер түріндегі құнның ресми стандарттары деп қабылданған ақша бірліктері, сонымен қатар шоттардағы қаражаттар, оның ішінде халықаралық ақшалай немесе есеп-қисап бірліктеріндегі қаражат деп ұғынылады. «Валюта құндылықтарына» жаткызылғандар:
- шетелдік валюта;
- бағалы қағаздар және нақты құны шетелдік валютамен берілген төлем құжаттары;
- резидент еместер шығарған нақты құны жоқ бағалы қағаздар;
- құйма түріндегі тазартылған алтын;
- ұлттық валюта, бағалы қағаздар және нақты құны ұлттық валютамен белгіленген төлем құжаттары (олар арқылы резиденттер және резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместердің арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылатын);
- резиденттер шығарған нақты құны жоқ, олар арқылы резиденттер және резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместердің арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылатын бағалы қағаздар («Валюталық реттеу туралы» Заңның 1-бабы, 4-тармағы).
Заң шығарушы валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға қойылатын арнайы талаптарды белгілеген. «Валюталық реттеу туралы» Заңның 6-бабы, 1-тармағына сәйкес, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтердің төмендегідей түрлері:
1) қолма-қол шетел валютасы үшін бөлшек сауда жүргізу және қызметтер көрсету;
2) уәкілетті органдардың шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруы ҚР Ұлттық Банкінің лиценциялауына жатады.
Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
ҚР инвестициялык заңының негізін инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды біріктірген және шетелдік және ұлттық инвестициялар үшін ортақ құқықтық режим белгілеген, қызметін Қазақстанда жүзеге асырып жатқан инвесторларға кепілдіктер бере отырып, ҚР инвестициялар туралы заңы құрайды. Атап айтқанда, олар төмендегідей: ҚР аумағындағы инвесторлар қызметін құқықтық корғау кепілдік (инвесторлардың кұкықтары мен мүдделерін ҚР заңдарымен және нормативтік актілерімен, сондай-ақ Қазақстанда бекітілген халықаралык шарттар арқылы толық және сөзсіз корғау; мемлекеттік органның занға сай келмейтін акт шығаруы нәтижесіңде, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде инвесторға келтірілген шығындарды азаматтық занға сәйкес өтеу кұқығы); табыстарды пайдалану кепілдіктері; мемлекет меншігіне алу және иеліктен аңыру (реквизиция) кезінде инвесторлар құқықтарына кепілдіктер беру.