Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_sipkerlik__1179__1201__1179_y_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.77 Кб
Скачать

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері

Сауда құқығы ешқашан Қазақстанның құқық жүйесінде (атап атқанда, Ресей империясына кіру кезеңінде) оқшау өмір сүрмегенін есепке ала отыр-ып, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың дамуында негізгі екі кезеңді бөліп атауға болады.

Бірінші кезең – бұл экономиканың жеке және мемлекеттік секторлары-ның қатар өмір сүруімен және экономиканың (социалистік) жаңа тұрпатын құқықтық реттеу қажеттілігімен, сонымен қатар социалистік құқық жүйесі және социалистік заңдар негіздерін құрумен сипатталады.

ХХ ғасырдың 20-30ж.ж. басталып, ал содан кейін жиырма-отыз жыл үзілістен кейін, ХХ ғ. 60-80 ж.ж. ол құқықтың дербес саласы ретіндегі шаруа-шылық құқығын құрумен аяқталды. Бұл кезеңде шаруашылық құқығы соци-алистік құқық жүйесінде жетекші орындардың бірін иеленген-ді.

Шаруашылық құқығы теориясын зерттеуге Л.И.Абалкин, Г.Л.Знамен-ский, В.В.Лаптев, В.К.Мамутов, М.Г.Масевич, В.А.Рахмилович, М.К.Сулей-менов, И.А.Танчук, Р.О.Халфин сияқты белгілі ғалымдар өздерінің маңызды монографиялық еңбектерін арнады. Шаруашылық жүргізудің әдістерін жетіл-діру, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, өнім сапасын көтеру, ғылы-ми-техникалық ынтымақтастық пен сыртқы экономикалық қызметті өркенде-ту мәселелері алдыңғы жоспарға шыққан ХХ ғасырдың 80 жылдарының екін-ші жартысында басталған «қайта құру» дегеннің табысты жүзеге асуын дәл осы шаруашылық құқығы қамтамасыз етуге тиіс болды. Алайда бұл идеялар-дың іске асуына тағдыр жазбапты, өйткені КСРО ыдырап, жаңа тәуелсіз мем-лекеттердің құрылу үдерісі басталды.

Екінші кезең – бұл шаруашылық құқығының іс жүзінде Қазақстан Рес-публикасының тәуелсіздік алған сәтінен басталып, осы уақытқа дейін жалға-сып келе жатқан кәсіпкерлік құқыққа айналу кезеңі. Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 11-індегі «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы туралы» Заңы Қазақстанның кәсіпкерлік қызмет туралы арнай заңының тууына және кәсіпкерлік құқықтың қалыптасуына бастама болды.

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері

Дәстүрлі түрде кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық құралының құрамы-на қатынастардың үш тобы жатқызылады:

1)кәсіпкерлік мүліктік (деңгейлес қатынастар);

2) кәсіпкерлік басқару (сатылас қатынастар);

3) кәсіпкерлік фирмаішілік (корпорациялық қатынастар).

Қатынастардың бірінші тобына кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру барысында пайда болатын қатынастар, оның ішінде кәсіпкер өз қызметін іске асыру кезінде пайда болған коммерциялық қатынастар ғана емес, сонымен бірге коммерциялық емес қатынастар да, оның ішінде заңды тұлғаларды құру және тарату бойынша ұымдастырушылық-мүліктік қатынас-тар; кәсіпкерлік қатынастарға түскен комерциялық емес ұйымдардың (мыса-лы, биржалар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық қорлар және т.б.) ұйымдас-тырылуы мен қызметі бойынша қатынастар кіреді.

Қатынастардың екінші тобына кәсіпкерлік (шаруашылық) қызмет субъектілері және мемлекеттік немесе соған өкілетті басқа да органдар арасында қалыптасқан кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметті ұйымдастыруға (реттеуге) байланысты қатынастар құрайды. Мұндай қатынастар көпшілік-құқықтық болып табылады.

Қатынастардың үшінші тобына деңгейлесе де, сатыласа да қалыптаса беретін шаруашылықішілік немесе корпорациялық деп аталатын қатынастар кіреді. Мұндай қатынастар бір кәсіпорын шегіндегі оның бөлімшелері ара-сында, сонымен қатар солар және тұтас кәсіпорын арасында пайда болады.

Сөтіп, кәсіпкерлік қатынастарды қоғамның қатынастардың басқа түрлерінен ерекшелендіріп тұратын белгілер төмендегілер болып табылады:

  1. кәсіпкерлік қатынастар кәсіпкерлік қызметпен байланысты, өйткені оны іске асыру барысында туады;

  2. бұл қатынастардың тікелей қатысушысы болып кәсіпкер немесе басқадай шаруашылық жүргізуші субъект саналады.

Құқықтық реттеу әдісі – бұл құқықтық қатынастар қатысушыларына құқықтық ықпал ететін тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы болып табылады.

Кәсіпкерлік құқық ұстанымдарының қатарына өзінің тікелей мәнін құқықтық нормаларда таба алмаған, бірақ азаматтық заңның бар жүйесін кемсітетін төмендегідей азаматтық-құқықтық ұстанымдарды да жатқызуға болады:

  1. тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді еркін ауыстыру ұстанымы (ішкі шекара дегенді білмейтін, тауарлардың, жұмыстардың қызметтердің, қаржы қаражаттарының, шығармашылық қызмет нәтижелерінің және т.б. алмасуы еркіндігі бір мемлекет аумағында да, әртүрлі мемлкеттер арасында да шектемейтін біртұтас нарық, біртұтас экономикалық кеңістік ережелеріне негізделген):

  2. кәсіпкерлік қатынастар қатысушылары ретіндегі тұтынушылар құқықтарын қорғау ұстанымы (тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді);

  3. кредит берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ұстанымы (кредит берушіні қорғау борышкерге өзіне қабылдаған міндеттерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін барлық қолайсыз зардаптарды жүктеуден, сонымен қатар кредит берушіні міндеттерді кездейсоқ орындамау қаупінен және борышкердің кінәсін дәлелдеу қиындығынан босатудан көрінеді);

  4. азаматтық құқықтардың қорғалуы ұстанымы (азаматтық құқықтардың қорғалуының дара сипатында, жеңіліс тапқан жақ үшін қорғау органын және азаматтық құқықтарды қорғау тәсілін таңдау еркіндігінде, сонымен қатар жеңілген жақтың бұзылған құқын қорғауға арыздануға немесе арызданбауға өз бетінше шешім қабылдауында көрініс тапқан).

Жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның қорғауды қамтамасыз ету мен шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымы Қазақстан Республикасы-ның Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде және басқа да кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормативтік актлерде бекітілген.