Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_sipkerlik__1179__1201__1179_y_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.77 Кб
Скачать

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тек кәспкерлік қана емес, азаматтық құқықтық да маңызды ұстаным-дарының бірі болып табылады. Сонымен, азаматтық заңның негізгі бастауларына жатқызылатындар:

- азаматтық кұқықтарды кедергісіз жүзеге асыру қажеттігі;

- бұзылған құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету. Азаматтық құқықтарды сот, төрелік сот, аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттердің жолын кесу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілдін не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарьшда көзделтен өзге де әдістермен жүзеге асырады ((ҚР АК 9-бабының 1-тармағы).

Азаматтық құқықтарды қорғаудың барлық осы тәсілдерін азаматтық айналымдардың кез келген қатысушысы, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері де жүзеге асыра алады (сондықган да оларды кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың жалпы тәсілдеріне жатқызуға болады). Одан өзге, ҚР АК 10-бабының 3-тармағында заңдарда тыйым салынбаған қызметпен айналысатын кәсіпкерлердің құқықгарын қорғаудың арнайы амалдары бекітілген, оларға мыналар жатады:

1) лицензия берілетін ідызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіндігі арқылы;

2) экономиканың барлық салаларындағы кәсіпкерліктің барлық түрін бір ғана тіркеуші органда тіркеудің барынша қарапайым өз бетімен жүргізетін тәртібімен;

3) кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік органдар жүргізетін тексе-рулерді заң құжаттарымен шектеу арқылы;

4) кәсіпкерлік қызметті заң құжаттарында көзделген негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша ғана мәжбүрлеп тоқтату арқылы;

5) жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынған, экспорт немесе импорт үшін тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыстар, тауарлардың түрлері мен қызметтер тізбесін заң құжаттарында белгілеу арқылы;

6) мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге тұлғалар мен ұйымдарды кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз кедергі жасағаны үшін, олардьщ алдындағы заңдарда белгіленген мүліктік жауапкершілікке тарту арқылы;

6-1) атқарушы бақылау жэне қадағалау органдарына кэсіпкерлік субъектілерімен осы органдардың қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау мэнінде шарттық қатынастарға кіруге тыйым салу арқылы;

  1. зандарда көзделген басқа да амалдар.

КӘСІПКЕРЛІК (ШАРУАШЫЛЫҚ) ҚҰҚЫҚТЫҢ

ЕРЕКШЕ БӨЛІМІ

БИРЖА ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Биржа және биржа сауда-саттығы түсінігі мен

негізгі белгілері. Биржа түрлерін жіктеу

Биржа - бұл биржа сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін кұрылған заңды тұлға. Биржа сауда-саттығы - ол өнімді (бағалы қағаздарды, валюта және басқадай құндылықтарды) айырбастау және сату саласы.

Биржалар капиталдың бастапқы жинақталу заманында пайда болған. Алғашқы биржалар тауарлық болған: XV ғасырда Венецияның, Генуяның, Флоренцияның және Италияның және басқа да сауда-саттық қалаларының базарлары мен сауда биржалары кеңінен танымал болды, ал XVI ғасырда оларға Нидерландының, Францияның, Англияның ірі тауар биржалары қосылды. Тауар биржалары Антверпенде (1531 ж.), Леонда (1545 ж.), Тулузда (1549 ж.), Лондонда (1556 ж.), Амстердамда (1608 ж.) құрылды. Ресейде алғашқы биржа Петр I бұйрығымен 1703 жылы (Санкт-Петербор тауар биржасы), Жапонияда алғашқы күрішпен сауда жасау биржасы 1730 жылы, АҚШ-та 1792 жылы Нью-Йорк биржасы, ал 1848 жылы Чикаго тауар биржасы (оның үстіне АҚШ-тың ең көне биржасы Нью-Йорк биржасы емес, XVIII ғасырда үзіліспен болса да, 1754 жылдан жұмыс істейтін Филадельфия қор биржасы саналады) пайда болды.

Кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретіндегі биржаны сипаттайтын белгілер төмендегілер болып табылады:

1) белгілі бір биржа тауарымен сауда-саттық (биржа тауары болып белгілі бір түрдегі жэне сападага айналымнан алынбаған, оның ішінде экспортқа шығаруға рұқсат берілген (квота және лицензия), биржалық сауда-саттыққа белгіленген тәртіппен көрсетілген тауарға биржа берген стандартты шарт және коносамент саналады);

2) жария және көпшілік сауда-саттық өткізу (қалауы бойынша барлық адамдар жасалған мәмілелер мен қалыптасқан бағалар туралы ақпарат ала алады);

3) сауда-саттықты алдын ала белгіленген және белгілі бір уақытта жүргізу;

4) биржа сауда-саттығын өткізу ережелерін белгілеу.

Қандай мақсатта құрылуына байланысты биржалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді. Өз қызметінің басты мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін және оны кұрылтайшылар арасында бөлісетін биржа коммерциялық ұйым болып табылады, ал коммерциялық емес биржалар құрылтайшылардың мүшелік жарналары есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда, негізінен, биржалар коммерциялық емес ұйымдар болып құрылуда, өйткені биржаның коммерциялық емес атауы оның мәртебесін айтарлықтай көтереді.

Биржалық сауда-саттыққа келушілерге рұқсат етуге байланысты биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Тарихи тұрғыдан алғанда, алғашында ашық - жиынға келушілердің барлығы үшін қолжетерлік, сатушы мен сатып алушы делдалсыз-ақ сату-сатып алу шартьш жасай алатын биржалар пайда болады. Қазіргі заманғы биржалар, әдетте, жабық болып келеді, яғни сауда-саттыққа тек қана осы биржада тіркелген биржа делдалдары (брокерлер, дилерлер) қатыса алады (басқа адамдар биржада тек солардың көмегімен тиісті шарт жасасу негізінде тауарын сата алады немесе тауар сатып алады). Сонымен қатар ашық биржалардың мынандай: мүлтіксіз ашық биржалар (оларда контрагенттерді делдалдар қызметін пайдалануға ешкім міндеттемейді, ал биржаға келген кез келген адам мәміле жасай алады) және аралас тұрпатты биржалар (оларда сатушылармен және сатып алушылармен

істейді) деп аталатын түрлері де кездеседі.

Жасалатын биржа мәмілелерінің басым түріне байланысты биржалар нақты тауар биржалары (қолма-қол биржа) және фьючерлік биржалар деп ажыратылады. Бастапқыда нақты тауармен сауда-саттық жасайтын (биржа мәмілесі міндетті түрде кейіннен тауар беруге жалғасады) қолма-қол биржа пайда болды. Бүгінгі күні фьючерлік биржалар кең таралған, яғни кейіннен тауар берілмей-ақ сауда-саттық жасауға рұқсат етіледі; мұндай сауда-саттықтың негізгі мақсаты -шартты қайта сатқаннан (мәмілені тоқтатқаннан) кейін шарт жасасқан заттың бағасының мүмкін болатын өзгерісінен түсетін айырымды алу, сонымен бірге қолма-қол тауармен жасалған мәмілені оған қойылған бағаның қолайсыз өзгеруінен сақтандыру (хеджерлеу - сақтандыру мақсатында уақытша мәміле жасау) болып табылады.

Биржа тауарының түрлеріне қарай олар: тауар, қор және валюта биржалары деп бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]