
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
- •Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, формалары және түрлері)
- •Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
- •Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
- •Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
- •Мүлік (түсінігі және құрылымы)
- •Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттас реттеу әдістері мен бағыттары
- •Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
- •Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
- •Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
- •Кәсіпкерлік қызмет саласьіндағы жауапкершілік
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары
- •Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы
- •Тауар биржалары
- •Қор биржалары
- •Валюта биржалары
- •Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
- •Инвестициялар ұғымы және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Банк қызметін құқықтық реттеу
- •Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және олардың жіктелуі
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы
- •Биржалық мәмілелер
Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
Бақылау - экономиканы және кәсіпкерлік қызметп мемлекеттік реттеу құралдарының бірі. Мемлекеттік бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асьфатындықгай, оны мемлекеттік билік жүргізу формаларының бірі деп қарастырған жөн.
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкер-лік қызметпен айналысу барысында нормативтік актілер талап-тарын сақтауын тексеру және қадағалау болып табылады.
ҚР-да жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау жасау төмен-дегідей:
1) заңдылық;
2) жеке кэсіпкерлік субъектісі адалдығыньщ презумпциясы (адал деп санау ұстанымы);
3) жариялылық;
4) заң жэне сот алдында барлықтарының тең екендігі;
5) тексеру жүргізу кезінде жеке кэсіпкерлік субъектісінің жріыс режимін бұзуына жол бермеу;
6) мемлекеттік органдардың лауазымды т^лғаларының кәсіпқой-лығы жэне біліктілігі;
7) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының лауазым-дық міндеттерін орындамағаны немесе қанағаттанғысыз дэрежеде орындағаны және өздерінің құзыреттерін асыра пайдаланғаны үпгін жауапкершілік ұстанымдарына негізделеді.
Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
Нарықтық экономика жағдайында кэсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара қатынастарын реттеудің негізгі құралы шарт болып табылады. Экономикалық айналымның басты құқықтық формасы жэне тараптардың құқықтарын, олардың жауапкершілігін айқындайтын дәл соның өзі болады.
Кәсіпкерлік шарттың түсінігі жэне мәні туралы мәселе, бірінші кезекте, шартты түсінудің бұрыннан бар тәсілдеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл мәселеге қатысты тәсілдердің алуан түрлілігі римдік кұқықтан бастау алады, ал оның ережелеріне сәйкес шартты құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздемесі, сол негіздемеден шығатын құкыктық қатынастың өзі немесе тиісті құқықтық қатынас қабылдайтын форма ретінде қарастыруға болады.
Шарт жайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойына сіңірген: шарт ретінде екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оныц барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тіркейтін кесім және басқалары түсініледі. Айтылғандарды есепке ала отырып, көпұғымды түсінік ретінде шартты тараптардың келісгмі, заңдыц факт және солардан туған құқықтық катынас деп қарастыру ең қолайлы тәсіл болып табылады.
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
Кәсіпкерлік шарттардың тек өздеріне тән бірқатар ерекшеліктері бар.
Кеңестік шаруашылъщ құқық теоретиктерінің бірі А.Г.Быковтың пікірі бойынша, шаруашылық шарттың өзгеше белгілері: арнайы субъектілік құрам; шаруашылық шартпен қоғамдық қатынастардың ерекше саласын жанама түрге келтіру; шаруашылық шарттың жоспарлы сипаты больш табылған. Әрине, қазіргі заман жағдайында бұрыннан келе жатқан шарттарды жоспарлы және жоспарлы емес деп бөлу енді қолданыс таппайды. Е.А.Суханов әділдікпен атап кеткендей, қалыпты, азаматтъщ шарттан айырмашылыгы тек оның қатысушылары бір-бірімен ештеңеге келісе алмай, жоспарлау-реттеу органдарының нұсқаулары бойынша шарт тараптары болып жарияланған шаруашылық шарт құрылысы енді келмеске кетті. Бірақ соған қарамастан, шаруашылық шарттың басқадай белгілері нарықтық қатынастар жағдайында да өзектілігін жойған жоқ.
Шартты кәсіпкерлік деп тану үшін айтарлықтай маңызы жоқ тағы бір белгі - бұл шарттың қайтарымдық сипаты больш саналады, өйткені басты және айқындаушы белгі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалатын шарттың кәсіпкерлік мақсаты, ал ол кәсіпкерлік қызметтің қайтарымдық сипатын да, басңадай белгілерін де алдын ала айқындайды.
Сонымен, кәсіпкерлік шарттың басты және айқындаушы белгісі екеу: 1) айрықша субъектілік құрам (тараптар немесе тарап-тардың біреуі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табьшады); 2) шарт жасасудың мақсаты (шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалады, сол себепті кәсіпкерліктің барлық белгілеріне сай болады).
Кәсіпкерлік шарт қызметтеріне мыналар жатады:
1) кәсілкерлік қызмет субъектілері арасьгада заңдық маңызы бар байланыстар орнату қызметі;
2) келісімге қатысушылардың өзара байланысты қызметінің мазмұнын (яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретіндегі тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерін) анықтау қызметі;
3) кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру қызметі (кәсіпкерлік қызмет субъектілері шарт жасаса отырып, оның формасын, шарттарын, түрін, тараптардың кұқықгары мен міндеттемелерін және т.б. өз қалаулары бойынша айқындауға құқылы);
4) келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету қызметі (міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің қосымша тәсілдерін белгілеу жолымен және т.б.). Бұл қызметгер барлық кәсіпкерлік шарттарға тән, ортақ қызметтер болып табылады (әдебиетте кәсіпкерлік шарттармен орындалатын қызметтерге қатысты басқа да пікірлер бар болса да, мысалы, мынадай: коммерциялық ұйымның ішкі қатынастарын оңтайландыру қызметі, сонымен қатар өтемдік және жазалау қызметтері).