
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты заң жүзінде реттеудің құралы мен әдістері
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі
- •Казақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызмет (ұғымы, формалары және түрлері)
- •Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектлері Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
- •Кәсікәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кұру тәртібі
- •Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату
- •Кәспкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
- •Мүлік (түсінігі және құрылымы)
- •Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттас реттеу әдістері мен бағыттары
- •Кәсіпкерлікқызметсаласындағы мемлекеттік бақылау
- •Кәсіпкерлік шарт Кәсіпкерлік шарт түсінігі
- •Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтер
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
- •Кәсіпкерлік қызмет саласьіндағы жауапкершілік
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары
- •Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы
- •Тауар биржалары
- •Қор биржалары
- •Валюта биржалары
- •Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының инвестиция заңдары жүйесі
- •Инвестициялар ұғымы және түрлері
- •Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу Банк қызметін құқықтық реттеу
- •Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар жүйесі Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері және олардың жіктелуі
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы
- •Биржалық мәмілелер
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады. Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі көшпілік (қоғамдық) мүдделерді қорғау қажеттілігінен туады, себебі тек мемлекет қана өз органдары атынан қоғамдық мүдделерді қорғай алады және қорғауға тиіс.
Қоғамдық қатынастар жүйесінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетгі мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар тұтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы және т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-құқықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-кұқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.
Қолданыстағы жеке кәсіпкерлік туралы зандарда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары ретінде: 1) жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу; 2) мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын жеке кәсіпкерлікті әкімшілік басқаруды енгізу жолымен қорғау («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 4-бабы) шаралары аталған. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік әкімшілік басқару мақсаттарына қатысты айтатын болсақ, онда оларға: жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және сататын адамдардың өмірі мен денсаулығына арналған өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүлкін қорғау, қоршаған ортаның қауіпсіздігін және және ҚР ұлттық қауіпсіздігін қорғау; алдап-арбау практикасының алдын алу; табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу; ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жатқызылады.
Мемлекеттік әкімшілік басқару түрлері мыналар:
1) ҚР заңдарының жеке кәсіпкерлік өніміне, үдерістеріне талаптар белгілеуі (мемлекет ҚР заңдары арқылы өнімге, үдерістерге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің барлығы орындауға міндетті талаптар белгілейді);
2) сәйкестігін растау бойынша, тексеру, калибрлік және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеу (сәйкестігін растау бойынша, тексеру, калибрлік және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеу ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі);
3) өнімнің жекелеген түрлерінің ҚР заңдарына сәйкестігін міндетті растау (өнімнің жекелеген түрлерінің, үдерістердің ҚР заңдарына сәйкестігін міндетті растау белгіленеді, егер бұл ҚР техникалық реттеу туралы заңымен белгіленген мақсаттарға жету үшін қажет болса);
4) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау (жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау ҚР заңдарымен өнімге, үрдістерге қойылған талаптардың орындалуы, өнімнің жекелеген түрлерінің, үдерістердің сәйкестігін растау бойынша талаптардың орындалуы мемлекеттік әкімшілік мақсаттары үшін жеткіліксіз болғанда белгіленеді).