Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_sipkerlik__1179__1201__1179_y_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.77 Кб
Скачать

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы

Кәсіпкерлік құқықтың жетілуі сауда құқығының пайда болуына байланыс-ты тарихи қалыптасты. Бастапқыда сауда құқығы Батыс Еуропа мен Азия ара-сындағы сауда-саттықтың дамуында делдалдық қызмет атқарған Италияда пайда болды. ХІ-ХІІІ ғасырларда консулдық соттар шешімдеріне негізделген қарапайым (үлгі боларлық) құқық болып табылатын итальяндық сауда құқығы қалыптасты. Сауда құқығының ары қарай дамуы Италияның сауда-саттық үстемдігін Франция кейіннен Испания, Англия, Голландия сияқты елдер ал-мастырған XV-XVIII ғасырларға жатады. 1673 жылы Францияда Сауда кодексі (Құрлық саудасы туралы ордонанс), ал 1681 ж. тарихқа Кольбер (Людовик XIV билігі кезінде министр лауазымын атқарған, бұл кодекстерді қабыл-дауға негізгі бастамашы болған) ордонанс-тары ретінде енген Теңіз кодексі (Теңіз саудасы туралы ордонанс) қабылда-нады. Демек, әуел баста сауда заң-дары, ал тек 130 жыл өткен соң ғана азаматтық заңдар бір жүйеге келтірілген (кодификацияланған). Францияның 1804 жылғы Азаматтық кодексі (Напале-онның Азаматтық кодексі деген атаумен танымал) және Францияның 1807 жылғы Сауда кодексі азаматтық және сауда құқығы дуализмінің, яғни жеке құқық дуализмінің негізін қалады.

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қазіргі заманға ұғымы

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқыққа қатысты оның мәні және құқықтық табиғатын түсіну үшін, негізгі үш көзқарасты бөліп айтуға болады:

Сонымен, бірінші көзқарасқа сәйкес, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық тақырыбының мазмұны мен әдістерінің айтарлықтай өзгергенін түсінеді. Сойтіп, В.С. Мартемьяновтың пікірі бойынша кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық саласына тауарларды , жұмыстарды және қызметтерді өндіру үшін азаматтардың меншігін сату барысында пайда болған қатынастар көшті, сонымен қатар субъектілердің – тшаруашылық қатынастарына қатысушылар-дың (бұлар жеке тұлғалар – кәсіпкерлер де, ал заңды тұлғалар – кәсіпорын-дар, ұйыидар, заңды тұлғалар бірлестіктері, сонымен бірге өз органдары атынан мемлекет те болып табылады, яғни нарық мүдделері мен қажеттілік-тері бойынша жеке пайда табу мақсатын көздеп, кәсіби шеберлікпен әрекет ететін субъектілер) саны өскен.

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықты зерттеудегі екінші бағыт кәсіпкер-лік (шаруашылық) заңының белгілі тұтастығын тануғанегізделген. Осыған байланысты Ю.Г.Басин кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық азаматтық құқықытың қосымша саласы, ал кәсіпкерлік (шаруашылық) заң заңның кешенді саласы ретінде әрекет етеді дегенді айтады.

Үшінші бағыттың өкілдері (мысалы, Н.Ю.Круглова, П.Г.Лахно, С.П.Морозов) кәсіпкерлік құқық – бұл жеке құқықтық және әр түрлі салалар-ға жататын (азаматтық құқық, әкімшілік құқық, халықаралық құқық, қаржы құқығы және т.б.) көпшілік құқықтық нормаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы дегенді мақұлдайды.

Сөйтіп, кәсіпкерлік құқық – құқықтың әртүрлі салалары нормаларын біріктіретін жан-жақты саласы.

Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: шетелдік заң әдебиетінде шаруашылық құқығын кең мағынасында түсінуді жақтайтындар оған шаруашылық қызметін іске асыру барысында пайда болатын қатынас-тарды реттейтін құқықтың әртүрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, ұаржы, еңбек, халықаралық, қылмыстық және т.б.) нормаларын сығызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]