Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілерінің арасында әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін көрсетуге және алуға қатысты заңды баланс туындайды.

Әлеуметтік қамсыздандырудың нақты, белгілі бір түрі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрлерін шартты түрде материалдық және материалдық емес игіліктер немесе объектілер деп бөлуге болады. Оларға мыналар жатады:

  • Зейнетақы – белгілі бір заңды оқиға туындаған кезде немесе тұлға белгіленген жасқа толған кезде азаматтарға мемлекет есебінен Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретінде төленетін ай сайынғы ұзақ мерзімдіақшалай төлем;

  • Жәрдемақылар – уақытша жоғалтылған жалақының орнын толтыру немесе арнайы қолдау көрсету мақсаттарында мемлекеттік қаржы немесе жұмыс берушінің қаржысы есебінен тағайындалатын қысқа мерзімді немесе бір жолғы ақшалай төлемдер;

  • Өтемақылар – азаматтардың әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысты құқығын жүзеге асырумен байланысты шығындарды өтеу мақсаттарындағы ақшалай төлемдер;

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың материалдық емес игіліктері немесе объектілері ретінде әлеуметтік қамсыздандыруда заңды мәнге ие фактілерді санауға болады. Заңдар бұлармен әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түріне құқықты, сонымен қатар шын мәнінде немесе жалған бұзылған, осы себепті қорғалатын құқықтық қатынастарды. Оларға мыналар жатады:

  • Процедуралық құқықтық қатынастардың объектілері – бұл мемлекеттік органдардың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түрін тағайындау туралы шешім қабылдауына қатысты әрекеттер. Бұларсыз материалдық құқықтық қатынастарды, яғни зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақыларды төлеуді немесе өзге де қызметтер көрсетуді не жеңілдіктерді белгілеуді жүзеге асыру мүмкін емес;

  • Процессуалдық құқықтық қатынастардың объектілері – бұл жоғары тұрған органдардың азаматтың заңдарда белгіленген мөлшерде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне қатысты бұзылған құқығын қалпына келтіру жөніндегі шешім қабылдаумен байланысты әрекеттер.

Материалдық құқықтық қатынастардың мазмұны болып азаматтың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне мемлекет белгілеген мерзімдегі және мөлшердегі субъективтік құқықтары және оларға сәйкес мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандырудың осы түрін беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау міндеті табылады. Мысалы, белгілі бір жасқа толған кезде азамат жасына байланысты зейнетақы алуға субъективтік құқығын иеленеді, мемлекеттің осы құқықа сәйкес міндеті болып тұлғаға аталған зейнетақыны беру туралы немесе осындай зейнетақыны төлеуден бас тату туралы шешімін қабылдауы табылады.

Процедуралық құқықтық қатынастардың мазмұны болып азаматтың әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне құқықтың туындауы үшін қажетті заңды фактілерді белгілеуге қатысты субъектівтік құқықтары және мемлекеттің оларға сәйкес мәселені мәні бойынша шешу міндетті, яғни тексеру жүргізу және азаматтың субъективтік құқығын қанағаттандыру не олардан бас тарту туралы шешім қабылдау міндеті табылады. Мысалы, азамат асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға қатысты субъективтік құқыққа ие, мемлекеттің осыған сәйкес міндеті болып азаматқа аталған зейнетақыға құқықты беретін заңды йактінің бар-жоқтығын тексеруі және оған аталған зейнетақыны төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы табылады.

Заңды фактілер. Әлеуметтік қамсыздандырудағы заңды фактілер – бұл құқықтық қатынастардың туындауымен, өзгеруімен немесе тоқтатылуымен байланысты нақты объективтік оқиғалар мен әрекеттер. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болып табылады.

6-ТАРАУ