
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі
- •Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
- •Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
- •Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
- •Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
- •Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
- •Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
- •Зейнетақыдан ұстап қалу
- •Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
- •Жасына байланысты зейнетақылар
- •Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері
- •Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары
- •Жәрдемақы тағайындалатын кезең
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
- •Мүгедектік топтары
- •Мүгедектердің санаттары
- •Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
- •Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
- •Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі
- •Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
- •Жәрдемақылардың түрлері
- •Жәрдемақылардың мөлшері
- •Жәрдемақыларды төлеу көздері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі
- •Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі
- •Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
- •Уақытша жарамсыздық қағазы
- •Өндірістік жарақат
- •Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
- •Жәрдемақының мөлшері
- •Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- •Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
- •Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
- •Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар субъектілерінің түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар бір жағынан – азаматтың, екінші жағынан – мемлекеттік органның арасында туындайды. Алайда, жекелеген жағдайларды, мысалы, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы төлеу кезінде құқықтық қатынастар отбасы мен мемлекеттің арасында туындайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері мыналар болып табылады:
Жеке тұлға (немесе отбасы);
Мемлекеттік органдар.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілері болып келесі жеке тұлғалар табылады:
ҚР азаматтары;
Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылық құқықтық қатынастар болған жағдайда – отбасы;
Егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдік азаматтар;
Егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе, ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
Байқағанымыздай, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері болып әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қатынастардың қатысушысы болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне қатысты әлеуметтік-қамсыздандырушылық құқықсубъектілікке ие тұлғалар табылады.
Жеке тұлғалар құқық субъектілігі болған жағдайда ғана әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың қатысушысы бола алады. Олардың құқықсубъектілігі құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктен түрады, бұлардың туындау уақыты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, туғанынан мүгедек болған тұлға 16 жасқа дейін әлеуметтік зейнетақыны беруге қатысты құқықтық қатынастардың субъектісі бола отырып, тек құқық қабілеттілікті иеленеді. Мұндай құқықтық қатынастарға оның атынан ата-аналары, қамқоршысы және қорғаншысы қатысады. Жеке тұлғаны құқық қабілетті және әрекет қабілетті деп таныған жағдайда ғана ол құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады.
ҚР Конституциясына сәйкес барлық азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру саласында құқық қабілетті, яғни әлеуметтік қорғану құқығына ие. Алайда, бұл құқық жаспен, мүгедектікпен, асыраушысынан айырылуымен, еңбекке уақытша жарамсыздығымен байланысты.
Сонымен қатар, құқық қабілеттілікке қатысы бар қосымша жағдайлар да болады. Оларға, мысалы, мыналар жатады: еңбек стажы, ана болуы және өзге де жағдайлар: басқа тұлғаның асырауында болу, еңбекке қабілетінен айырылу.
Аталған жағдайлардың барлығы өз жиынтығында белгілі бір тұлғаны зейнетақының, жәрдемақының және т.б. белгілі бір түрде құқылы деп тануға әкелуі мүмкін. Басқаша айтар болсақ, бұл белгілі бір тұлғаны әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде тану.
Сонымен , құқық қабілеттілік – бұл тұлғаның құқықтық қатынастардың субъектісі болуының және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленуінің мемлекетпен танылған мүмкіндігі.
Заң әдебиетінде әрекет қабілеттілік ретінде тұлғаның өз әрекеттері арқылы құқықтар мен міндеттерді дербес орындау қабілеті танылады. ҚР әрекет қабілеті ретінде соттың белгіленген тәртіп бойынша оны әрекет қабілетсіз деп танылуы туралы шешім шығарылмаған кез келген тұлға танылады. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әрекет қабілеттілікті тұлға құқық қабілеттілікпен бір мезетте, яғни әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастарға түскенде иеленеді.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың тағы бір субъектісі болып мемлекеттік органдар табылады.
Оларға мыналар жатады:
Халықты әлеуметтік қорғау органдары, бұлар жәрдемақыларды, зейнетақыларды төлейді, қызмет көрсетеді және т.б.;
Жекелеген министірліктер мен ведомстволардың арнайы зейнетақы қызметтері (мысалы, ііо, прокуратура, Әділет министрлігі ж»не т.б.);
Зейнетақылық төлемдерді жүзеге асыратын әртүрлі жинақтаушы зейнетақы қорлары;
Халықты жұмыспен қамту органдары. Олардың құзіретіне жәрдемақылар төлеу, адрестік әлеуметтік көмек көрсету, біліктілікті көрсету және жұмыссыздарды қайта дайындау және т.б.;
Денсаулық сақтау органдары, тегін медициналық қызмет көрсетеді;
Халыққа білім беру мекемелері, бұлар ата-аналарының қоғаншылығынан және қамқоршылығынан айырылған балаларды интернаттарға және т.б. балалар мекемелеріне орналастыруға жауап береді.