Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың әсерімен туындайды, өзгереді және тоқтатылады. Сол себепті, құқықтық қатынастар ретінде қатынастар қатысушылары арасындағы байланыстар, сонымен қатар, олардың өзара құқықтары мен міндеттері аталады. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық қатынастар болып табылады, себебі олар тиісті заңдардың нормаларын қолдану кезінде туындайды.

Соған қоса, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар іс жүзіндегі қатынастар болып табылады және материалдық, мүліктік қатынастардың санатына жатады. Сондықтан, олар тек құқықтық нормалар емес, сонымен қатар, әлеуметтік қамсыздандыруға құқық беретін немесе бермейтін олармен байланысты материалдық жағдайларға, өмір жағдайларына, заңды фактілерге де тәуелді болады.

Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатыстынастарды құқық нормаларының негізінде туындайтын, ақша төлемдерін төлеуге, қызмет, жеңілдіктер көрсетуге қатысты, мемлекеттік органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен оларға құқылы жеке тұлғалардың арасында туындайтын қатынастар ретінде сипаттауға болады.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың элементтеріне мыналар жатады:

  • құқықтық қатынастардың субъектілері;

  • құқықтық қатынастардың объектілері;

  • құқықтық қатынастардың мазмұны;

  • 15 құқықтық қатынастардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылу негіздері.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлерін екі негіз бойынша түрлерге бөлуге болады: әлеуметтік қамсыздандырудың түріне байланысты және құқықтық қатынастардың әрекет ету мерзімі бойынша.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастар әлеуметтік қамсыздандырудың түріне қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Азаматтарды ақшалай нысанда қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастар. Бұлар – азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етуге қатысты туындайтын құқықтық қатынастар;

  • Азаматтарға заттай нысанда көмек көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастар. Бұл – азаматтарға тегін немесе жеңілдетілген негізде нақты бір тауарлар мен қызметтер түрінде ұсынылатын көмек. Мысалы, жеңілдікпен ұсынылатын дәрі-дәрмектер, дәрілік қызметтер және т.б.

  • Процедуралық немесе процессуалдық сипаттағы көмектер көрсету бойынша құқықтық қатынастар. Бұл – заңды мәні бар фактілерді анықтауға байланысты туындайтын (мысалы, мүгедектік немесе асырауында болу фактісін анықтау) немесе азаматтың әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтарын жүзеге асыруға байланысты (мысалы, құзіретті органдардың жәрдемақы, өтемақы немесе зейнетақыларды төлеу жөніндегі шешім) құқықтық қатынастар.

Құқықтық қатынастар субъектінің - құқыққабілетті азаматтың құзіретті органдарға заңды фактіні анықтау туралы өтініші арқылы немесе бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы шағымы арқылы ерік білдіруі негізінде туындайды. Мұндай жағдайда, екінші субъект – мемлекеттік орган заңды фактіні немесе мәселенің түгелдей заңды құрамын анықтауы және істің мәні бойынша шешім қабылдауы тиіс.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастар әлеуметтік қамсыздандырудың түріне қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Міндеттерді бір мезетте орындағаннан кейін тоқтатылатын қысқа мерзімді құқықтық қатынастар (мысалы, бала туған кезде бір жолғы жәрдемақы төлеу және өзге де біржолғы жәрдемақылар);

  • Уақыттағы күннің мерзімі дәл анықталған құқықтық қатынастар. Бұлар, мысалы, асыраушысынан айырылған жағдайда зейнеатақы төлеу. Мұндай зейнетақы кәмелетке толмаған тұлға 18 жасқа толғанға дейін, ал осы тұлға оқу орнында оқыған жағдайда – 23 жасқа дейін төленеді;

  • Жүзеге асыру мерзімі анықталмаған құқықтық қатынастар. Бұлар – жасына байланысты зейнетақыларды, еңбекке уақытша жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақыларды төлеуге және т.б. қатысты құқықтық қатынастар.