Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері

Теорияда құқық қағидалары ретінде құқықтың мәнін және мазмұнын,оның ішкі құрылымы мен дамуын сипаттайтын негізгі идеялар, жетекші бастамалар түсініледі.

Әрекет ету саласы бойынша құқық қағидаларын былай бөлуге болады:

  • Құқық саласының барлығына тән жалпы құқықтық қағидалары;

  • Кейбір салалардың ортақ сипатын көрсететін салааралық қағидалар;

  • Нақты бір саланың ерекшелігін сипаттайтын салалық қағидалар;

  • Саланың жекелеген институттарына қатысты ала ішілік қағидалар.

Жалпы құқықтық қағидаларға мынадай қағидалар жатады: адамдардың құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық болып табылады; адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау – мемлекеттің міндеті; адамның құқықтары мен бостандықтарының танылуы мен кепілденуі; адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары әркімге туғаннан тиесілі болуы және ажыратылмайтындыңы; барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі; ер адам мен әйел адамның теңдігі және құқықтарының жүзеге асырудың теңдей мүмкіндіктері; әркімнің өмір сүру құқығы; әркімнің құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорңғалуының кепілденуі; мемлекеттік билік органдарының немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген мемлекеттік шығынды әркімнің өтеуге құқығы.

Бұл қағидалар әлеуметтік қамсыздандырудың қоғамдық қатынастары, сонымен қатар әлеуметтік өмір саласындағы құқықтық реттеудің мәнін көрсететін жалпы және басты, жетекші идеялар болып табылады, бұлардың кейбіреулері қазақстандық құқықтық жүйесінің даму бағыттарын көрсетеді. Мысалы, халықаралық құқықтың жалпымен танылған нормаларына және қағидаларына сәйкес, әркімге өмір сүруінің жақсы деңгейі кепілденеді. Бұл қағиданы әлеуметтік қамсыздандыру саласында жүзеге асыру – жедел шешуді талап ететін аса күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі.

Салааралық қағидалар өзара байланысты екі (немесе одан да көп) құқық салаларын қамтиды. Бұл, мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, еңбек құқығы, отбасылық құқық. Салааралық қағидалар құқықтың жалпы қағидаларынан толығымен шектеулі болып табылмайды. Керісінше, олар жалпы қағидаларға негізделеді, қандай да бір негізгі идеяларды нақтылайды, құқықтың мазмұнын жалпылап және құқық саласының ерекшелігін ескере отырып көрсетеді.

Салааралық қағидаларға мынадай қағидалар жатады: жұмыссыздықтан қорғану құқығы, денсаулық қорғау құқығы; отбасына, балаларға және аналарға мемлекеттік қолдау көрсету; қарт адамдардың, мүгедектердің әлеуметтік қорғануға құқығы және т.б.

Салалық қағидалар әрбір құқық саласының тек өзіне тән құқықтық қағидаларға негізделетінімен сипатталады. Салалық қағидалар нақты құқық саласының нормаларының мәнін көрсетеді. Олардың негізінде жиынтығында әлеуметтік қамсыздандыру құқығын құрайтын нормалар жасалады және жүзеге асырылады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалық қағидаларына мынадай қағидаларды жатқызуға болады:

  • Жалпыға ортақтық;

  • Міндеттілік;

  • Мемлекеттік бюджет және зейнетақылық қорлар есебінен қаржыландыру;

  • Ақшалай төлемдерді беру негіздерін еңбек жағдайына, табиғи-климаттық жағдайларға, орташа жалақының деңгейіне, еңбек стажының деңгейіне, жасына және т.б. қарай түрлерге бөлу;

  • Әмбебаптық;

  • Кешендік.

Салаішілік қағидалар—бұл құқық саласының жекелеген институттарының қағидалары. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы мақсаттылық, қол жетерлік, еріктілік, кәмелетке толмаған тұлғаларға әлеуметтік қызметтерді көрсетудің артықшылығы, құпиялық және т.б. сияқты салаішілік қағидаларды бөліп көрсетуге болады.