
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі
- •Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
- •Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
- •Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
- •Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
- •Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
- •Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
- •Зейнетақыдан ұстап қалу
- •Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
- •Жасына байланысты зейнетақылар
- •Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері
- •Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары
- •Жәрдемақы тағайындалатын кезең
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
- •Мүгедектік топтары
- •Мүгедектердің санаттары
- •Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
- •Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
- •Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі
- •Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
- •Жәрдемақылардың түрлері
- •Жәрдемақылардың мөлшері
- •Жәрдемақыларды төлеу көздері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі
- •Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі
- •Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
- •Уақытша жарамсыздық қағазы
- •Өндірістік жарақат
- •Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
- •Жәрдемақының мөлшері
- •Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- •Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
- •Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
- •Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
Өтемақылар – бұл азаматтарға олардың жалақысы немесе өмір сүрудің өзге де көзінің бар-жоқтығына қарамастан, заңдарда көзделген жағдайларда қосымша материалдық көмек көрсету үшін тағайындалатын ақшалай төлемдер. Өтемақыларды әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша ретінде қарастырған жөн.
Өтемақыларға мыналар жатады:
- еңбекке жарамсыз азаматтарды күтуді жүзеге асыратын тұлғаларға берілетін өтемақылар;
- отбасылық типтегі балалар үйіндегі балаларға берілетін өтемақылар;
- бастауыш және орта арнайы оқытумен айналысатын мемлекеттік мекемелерде оқитындардың тамақтануына берілетін өтемақылар.
Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
Өмірде еңбекке жарамды азаматтардың емдеу мекемесінің қорытындысы бойынша тұрақты түрде бөтеннің көмегін қажет ететін І топ мүгедегін немесе қарт адамды немесе 80 жастан асқан қарт адамды, сонымен қатар 18 жасқа толмаған мүгедек-баланы күтуіне байланысты жұмыс істемейтін кездері болады. Мұндай азаматтарға төлеу тәртібі заңдарда анықталған өтемақылық төлемдер төленеді.
Аталған өтемақылар еңбекке жарамсыз азаматтар санаттарының зейнетақыларына қосу арқылы жүргізіледі, бұлар еңбекке жарамсыз азаматтарды іс жүзінде күтуші, жұмыс істемейтін еңбекке қабілетті тұлғаға олардың туыстық қатынастарына және бірге тұру-тұрмауына қарамастан төленеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
Жеңілдіктер – бұл азаматтардың жекелеген санаттары немесе отбасыларына, қандай да бір қолайсыз салдар мен жағдайлардың нәтижесінде ерекше әлеуметтік қорғауды қажет еткен жағдайда қоғам тарапынан көрсетілетін артықшылықтар немесе көмек беру болып табылады.
Жеңілдіктер туралы сөз қозғай отырып, ескеріп өтетін бір жайт, олардың келесі түрлерін ажырата білген жөн: әлеуметтік негіздер және себептер бойынша берілетін әлеуметтік жеңілдіктер (әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, кәрілік, науқастану, көп балалық, мүгедектік және т.б.) және өзге де жағдайлардың негізінде (қызмет түрі, қызметтік жағдай – судьялар, депутаттар, әскери қызметшілер және т.б.) берілетін жеңілдіктер.
Әлеуметтік жеңілдіктер екі негіз бойынша беріледі:
1) әлеуметтік жағдайдың нашарлығы (бұларға ардагерлер, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар және т.б. жатады);
2) Отан алдындағы ерен еңбегі үшін (Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, Халық Қаhарманы, Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары және т.б.). Кейде аталған екі негіз де бір тұлғаға тиесілі болуы мүмкін.
Жеңілдіктерді нысаны бойынша материалдық және материалдық емес деп бөлуге болады. Материалдық сипаттағы жеңілдіктердің мәні мынада: жеңілдікті алушы қандай да бір тауар не қызмет үшін жалпы төлемді төлеуден босатылады немесе оларды арнайы, жеңілдетілген баға бойынша төлейді. Материалдық емес сипаттағы жеңілдіктер кезектілікті қажет ететін жерлерде кезексіз немесе алғашқы кезектілік құқығын пайдаланудан немесе қандай да бір құқықты пайдаланудағы артықшылықты мүмкіндіктен көрініс табады.
Жеңілдіктерді мазмұны бойынша келесі түрлерге бөлуге болады:
- қоғамдық, көлікте, темір жол, су және ауа көлігінде жүруге қатысты жеңілдіктер;
- тұрғын үйге, коммуналдық төлемдерді және жанармайды төлеуге қатысты жеңілдіктер;
- тұрғын үймен қамсыздандыруға қатысты жеңілдіктер;
- тұрғын үй құрылысын жүргізуге қатысты несиені жеңілдетілген жағдайларда алу құқығы;
- телефонды орнатуға және оны пайдалануға қатысты жеңілдіктер;
- санаторийлық-курорттық емделуге жолдама алуға қатысты жеңілдіктер;
- медициналық және әлеуметтік көмекті, дәрі-дәрмектерді алуға қатысты жеңілдіктер;
- көлік құралдарымен қамсыздандыру, сонымен қатар оларды күту және қызмет көрсету;
- әртүрлі кооперативтерге (тұрғын үй, саяжай, бау-бақша және т.б. кооперативтері) енудегі артықшылықты құқық;
- өзге де жеңілдіктер.
20- ТАРАУ