- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі
- •Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
- •Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
- •Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
- •Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
- •Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
- •Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
- •Зейнетақыдан ұстап қалу
- •Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
- •Жасына байланысты зейнетақылар
- •Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері
- •Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары
- •Жәрдемақы тағайындалатын кезең
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
- •Мүгедектік топтары
- •Мүгедектердің санаттары
- •Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
- •Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
- •Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі
- •Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
- •Жәрдемақылардың түрлері
- •Жәрдемақылардың мөлшері
- •Жәрдемақыларды төлеу көздері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі
- •Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі
- •Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
- •Уақытша жарамсыздық қағазы
- •Өндірістік жарақат
- •Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
- •Жәрдемақының мөлшері
- •Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- •Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
- •Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
- •Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
Егер қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен тұлға кәсіпорынның өндірістік қызметімен байланысты болса және оның оқиға болған жерде болуы еңбек міндеттерін орындаумен байланысты болса, онда мұндай қайғылы оқиға өндірісте орын алды деп саналады.
Егер еңбек жарақаты жұмыс берушінің қалыпты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуі (еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария ережелерін сақтамау және т.б.) салдарынан орын алса, онда бұл еңбек жарақаты жұмыс берушінің кінәсінан туындады деп саналады.
Өндірістегі барлық қайғылы оқиғалар есепке алынып, тергелуі тиіс.
Тергеудің мақсаттарының бірі болып зәбір шеккен тұлғаны еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақымен қамсыздандыру, сонымен қатар денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу табылады. Алайда, тәжірибеде қайғылы оқиғаны тергеу кезінде әртүрлі қиындықтар жиі орын алып жатады. Мысалы, «жұмысқа бару және одан келу жолы» ретінде жұмыс орнына бару немесе жұмыстан келу жаяу немесе көліктің кез келген түрінде қозғалуды білдіреді. Мұндай жағдайда жолдың бағыты емес, жұмысқа бару, не одан қайту фактісінің ғана заңды мәні болады.
Жұмыс берушінің келтірілген зиян үшін жауапкершілігінің және оның кінәсінің дәлелі болып құжаттар мен куә көрсетулері, соның ішінде, мыналар табылуы мүмкін:
- өндірістегі қайғылы оқиға туралы акт;
- соттың үкімі, шешімі, прокурордың, анықтама және алдын-ала тергеу органының қаулысы;
- еңбекті қорғау жағдайына және еңбек туралы заңдардың сақталуына қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын еңбек инспекторының немесе өзге де лауазымды тұлғалардың (органдардың) денсаулыққа келтірілген зиянның себептері туралы қорытындысы;
- кәсіптік ауру туралы медициналық қорытынды;
- кінәлі тұлғаларға әкімшілік немесе тәртіптік шаралар тағайындау туралы шешім;
- әлеуметтік сақтандыру органының жұмыс берушінің қызметкерге немесе жұмысшыға еңбек жарақатына орай еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төлеуге шығындарды өтеуі туралы қаулысы.
Кәсіпорындар өндірісте зардап шеккен қызметкерлерге немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда осы құқықты иеленуші тұлғаларға келтірген зиян үшін материалдық жауапкершілікте болады.
18-ТАРАУ
Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
Атаулы әлеуметтік көмек. Бұл – жұмыссыздарға арналған арнайы әлеуметтік көмек. Бұл төлемдер жұмыссыз деп тіркелген, отбасының адам басына шаққандағы табысы белгіленген мөлшерден аспайтын тұлғаларға белгілі бір мерзімде төленетін төлемдер.
Жәрдемақының аталған түрі жұмыссыз, көмекке мұқтаж тұлғаларды материалдық қамсыздандырудың жаңа түрі болып табылады.
Заңдарда жәрдемақының отбасының жалпы табысына тәуелділігі белгіленген. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері және оны алу мүмкіндігінің өзі, отбасының жиынтық табысына және отбасының әрбір мүшесіне тиесілі сомаға тәуелді болады. Бұл ретте жиынтық табысқа барлығы кіреді: тіпті заттай көмек те – балаларға берілетін сыйлық, тегін түскі ас, бау-бақшадан, малдан түсетін табыс және т.б.
Көмек жұмыссыз, бірақ халықты жұмыспен қамсыздандыру туралы уәкілетті органдарда тіркелмеген тұлғаларға тағайындалады. Бұл ретте мына тұлғаларға аталған ереже таралмайды: мүгедектерге және станционарлық емдеуде бір аудан артық болған тұлғаларға, күндізгі оқу бөлімінде оқитын оқушылар мен сстуденттерге, тыңдаушылар мен курсанттарға, соның ішінде магистратура мен аспирантурада оқитындарға, сонымен қатар І және ІІ-топтағы мүгедектерді,80 жастан асқан тұлғаларға, 7 жасқа дейінгі балаларды күтуші азаматтарға.
Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайые төленеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттарды ұсыну арқылы расталып отырады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттер есебінен төленеді.
Жерлеуге берілетін жәрдемақы
Жерлеу – бұл адам қайтыс болған жағдайда оның денесін ұлттық салт-дәстүрге сәйкес жерлеуге қатысты дәстүрлі әрекеттер. Жерлеу мәйітті жерге, суға көму, өртеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Заңдарда көмекке мұқтаж азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек көрсету көзделген. Мұндай жағдайда материалдық көмек жерлеуді жүзеге асырған отбасына немесе тұлғаға көрсетіледі.
Жерлеуді қайтыс болған адамның туыстары немесе өзге де азаматтар жерлеу істері жөніндегі арнайы мекемелердің көмегімен жүзеге асырады. Қайтыс болған адамның туыстары немесе оны жерлеуге ниет білдірген тұлғалар болмаған жағдайда жерлеуді тиісті мекемелер мемлекет есебінен жүзеге асырады.
Қазіргі кезедегі заңдар әрбір адамға ол қайтыс болған жағдайда оның еркін және оның халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ескере отырып жерлеуді кепілдейді.
Жерлеуге қатысты қызмет түрлеріне мыналар кіреді: жерлеу үшін қажет құжаттарды рәсімдеу, жерлеу үшін қажет табытты немесе өзге де заттарды беру және жеткізу, қайтыс болған адамның денесін зиратқа жерлеуге апару.
Мүгедек-балаларды үйде тәрбиелеу үшін де арнайы жәрдемақы көзделген (Алматы қалалық әкімшілігінің 2002 жылғы маусымдағы №3/390 қаулысы). Бұл жәрдемақы мүгедек-бала 18 жасқа толғанға дейін – тоқсан сайын жерглікті бюджет есебінен, отбасының өзге қандай-да бір жәрдемақы алатыны-алмайтынына қарамастан төленеді. Әрбір мүгедек-балаға төленетін жәрдемақының мөлшері – 6,5 айлық есепік көрсеткішті құрайды.
19-ТАРАУ
