Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі

Бұл жәрдемақы бала туған кезде берілетін бір жолғы ақшалай соманы білдіреді. Ол отбасының бала туған кездегі қосымша шығындарын жабуға бағытталған.

Бала тууға және (оны асырап алуға) құқылы тұлғалар

Бала тууға және (оны асырап алуға) байланысты жәрдемақы алу құқығын ата-аналарының немесе олардың орнындағы тұлғалар иеленеді. Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы әрбір балаға бөлек беріледі. Өлі бала туылған жағдайда аталған жәрдемақы тағайындалмайды.

Жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар

Жәрдемақы тағайындау үшін негіз болып келесі құжаттар табылады:

  1. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш;

  2. АХАЖ органдары берген туу туралы куәлік;

  3. Егер ата-аналары жұмыс істесе немесе оқу оқыса, онда жұмыс (оқу) орнынан мұндай жәрдемақының тағайындалмағаны туралы анықтама беріледі.

Ата-анасының орнын алмастырушы тұлғаның бала тууға байланысты жәрдемақы тағайындау туралы өтінішіне балаға қорғаншылық немесе қамқоршылықты тағайындау туралы шешімнің үзіндісі бірге ұсынылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру органдарына бала туған күннен 12 айдың ішінде бала тууға байланысты жәрдемақы тағайындау үшін жолдану қажет.

Бала тууға байланысты жәрдемақының мөлшері

Бала тууға байланысты жәрдемақы мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішке тең келеді.

17-ТАРАУ

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары

Еңбекке уақытша жарамсыздықты қызметкердің науқастануына, еңбек жарақатын алуына орай немесе заңдарда әлеуметтік деп танылған өзге де себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетінің жоғалуына немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмауы ретінде түсінуге болады. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкердің қызметтестерінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау мақсаттарында созылмалы аурулардың, қызметкерде қандай да бір аурудың туындауының немесе дамуының алдын алу.

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар төмендегідей жағдайларда тағайындалады және төленеді:

- еңбекке қабілетін жоғалтумен байланысты ауру (жарақат) орын алған жағдайда;

- жүктілікті жасанды жолмен тоқтатқан кезде;

- отбасының науқастанған мүшелерін күту кезінде;

- карантин кезінде;

- туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен ауыруына орай басқа жұмысқа уақытша ауысу кезінде;

- өзге де жағдайларда.

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылардың түрлері:

- қызметкердің еңбекке қабілетінің жоғалуына не төмендеуі әкеп соққан ауру не жарақат кезіндегі;

- отбасы мүшесінің науқастануы және оны күтуге қажеттік туған кездегі;

- туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен ауыруына орай басқа жұмысқа уақытша ауысу кезіндегі;

- карантин кезіндегі;

- протездік-ортопедтік кәсіпорынға орналастыра отырып протездеу кезіндегі;

- жүктілікті жасанды жолмен тоқтату кезіндегі.