Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының бүкіл кезеңіне жалақының 100 проценті мөлшерінде төленеді. Жәрдемақының мөлшері жинақталып есептеледі және әйелдерге босанғанға дейін іс жүзінде пайдаланған күндердің санына қарамастан толық көлемде (яғни, 126 күнтізбелік күн үшін) төленеді.

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар тағайындау және төлеу үшін негіз болып, белгіленген тәртіпте берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы табылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық қағазын жоғалтып алған жағдайда, жәрдемақы оның кһшірмесі бойынша беріледі.

Жәрдемақы төлеу мерзімі

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар еңбек демалысының бүкіл уақытына беріледі. Жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының күндері, босанғаннан кейінгі еңбек демалысының күндерімен бірге жинақталып есептеле отырып, 126 күнтізбелік күнді құрайды және бұл кездегі төленетін жәрдемақы біржолғы болып табылады. Ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы 140 күнтізбелік күн үшін төленеді.

Баласы үш жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын алған және осы кезеңде жұмысқа шықпаған әйелдер болған жағдайда, оларға босануына және жүктілігіне байланысты жәрдемақы төленбейді. Егер бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге арналған еңбек демалысы аяқталған жағдайда жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыны алу құқығы туындаса, онда жәрдемақы жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы аяқталған бірінші күннен бастап төленеді.

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі

Әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысы, әйелдерге кеңес беру немесе өзге де емдеу мекемелері белгіленген тәртіпте беретін еңбекке уақытша жарамсыз қағазының негізінде беріледі. Жалпы, ереже бойынша аурухана қағазы жүктіліктің 28-аптасынан бастап беріледі. Әйелдердің кейбір санаттары үшін (мысалы, көпбалалы жүктілік және т.б.) аурухана қағазы аталған мерзімнен ертерек берілуі мүмкін.

Аурухана қағазы бір мезетте 126 апта ( босанғанға дейінгі 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейінгі 56 күнтізбелік күн). Ауыр босанған жағдайда 14 күнтізбелік күндік ұзақтықты көдейтін қосымша аурухана қағазы беріледі.

Әйел адам жүктіліктің 30-аптасына дейін босанып, тірі бала туған жағдайда әйелді босандырған емдеу мекемесі жүктілігіне және босануына байланысты жарасыздық қағазын 126 күнтізбелік күнде береді.

Әйел адам баланы күтуге байланысты еңбек демалысында немесе жалақысы сақталмайтын қосымша еңбек демалысында болған кезеңде, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысы туындаған жағдайда еңбекке жарамсыздық қағазы жалпы негіздер бойынша беріледі.

Ұйымның жұмысы уақытша тоқтаған кезде, өндірістің уақытша қысқартылуына орай жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына еріксіз шыққан кезде, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысы туындаған кезде, әйелдерге жүктілігіне жіне босануына байланысты жәрдемақы аталған кезең туындағанға дейін жалақыдан есептеледі және жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысы кезеңіндегі бүкіл күндер үшін толық көлемде төленеді.

Егер әйел адамның кінәлігі анықталса, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы қамауда, сот-медициналық сраптамада болған кездері үшін, сонымен қатар, соттың ұйғарымы бойынша мәжбүрлі түрде емдеуде болған кездері үшін төленбейді.

Қызметтен босатудың дұрыстығы туралы дау кезінде, қызметкер жұмысқа қайта алынса, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы оған құқық туындаған бірінші күннен бастап төленеді.

16-ТАРАУ