Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Жәрдемақылардың мөлшері

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарында жәрдемақылардың мөлшерін анықтаудың бірыңғай тәртібі анықталмаған, сол себепті жәрдемақылардың мөлшерін анықтау үшін бірнеше тәсілдер көзделген.

1-тәсіл – жәрдемақының мөлшерін негіздік сомада анықтау. Бұл тәсілмен, негізінен, уақытша жоғалтылған жалақыны өтеуге бағытталған және табыстың өзге көздерімен бірге төленетін жәрдемақылардың мөлшері анықталады (мысалы, бала тууға байланысты, жүктілігіне және босануына байланысты және т.б. жәрдемақылар).

Жәрдемақының мөлшерін анықтау үшін негіздік сома ретінде айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады. Мысалы, бала туған кездегі жәрдемақының мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

2-тәсіл – жәрдемақының мөлшерін өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне немесе кедейліктің шегіне қарай анықтау.

3-тәсіл – бұл жәрдемақының мөлшерін оны алушының жалақысына қарай анықтау. Осы тәсіл арқылы жәрдемақы алушының уақытша жоғалтылған жалақысын толығымен немесе ішінара өтеуі тиіс жәрдемақылардың мөлшері анықталады. Мысалы, жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, жәрдемақылар орташа айлық жалақы есебінде төленеді.

Жәрдемақыларды төлеу көздері

Әлеуметтік жәрдемақылар міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға жататын тұлғалардың негізгі жұмыс орны бойынша, келесі кезектілікпен төленеді:

- мемлекеттік мекемелермен – тиісті ерекшеліктер бойынша, бұл ретте есеп беру кезеңінен есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, осы кезеңге тағайындалған еңбекке уақытша жарамсыздығына, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылардың сомасына (еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 % мөлшерінде) азайтылады;

- өзге жұмыс берушілермен – өз қаражаты есебінен, яғни жиынтық жылдық табысы салық төлеушілердің уақытша жарамсыздыққа, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды (еңбекке ақы төлеу қорының 1,5 % мөлшерінде) төлеуге кеткен шығындарының сомасына дейін азайтылады.

15-ТАРАУ

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар – азаматтарға бала туған кезде берілетін жәрдемақылардың бір түрі, әйелге жүктілігі және босануы бойынша, еңбек демалысы кезінде төленетін ақшалай соманы білдіреді.

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды алу құқығын, жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған барлық әйелдер ұйымда істеген жұмысының ұзақтығына қарамастан иеленеді.

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу, Жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының бүкіл кезеңіне төленеді. Әйелдерге жүктілік және босануы бойынша, босанғанға дейін ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйыда жұмыста істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушінің қаражат есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны басанғанға дейін нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан оған толық беріледі.

Босанғанға дейінгі еңбек демалысының басталу күнін дәрігер анықтайды. Босанғанға дейін еңбек демалысы заңдарда көрсетілген мерзімнен алып кетуі де не оған жетпеуі де мүкін. Мұндай жағдайларда жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының дұрыс анықталмаған мерзімі ұзартылмайды, себебі бұл демалысты есептеу босанғанға дейінгі күндері пайдаланған-пайдаланбағанына қарамастан жинақтап жүргізіледі.

Босанғаннан кейінгі еңбек демалысының мақсаты – ананың денсаулығы мен күшін қалпына келтіру және жаңа туған нәрестеге күтім жасау. Сондықтан, мұндай еңбек демалысы тек бала туған әйелдерге ғана емес, сонымен қатар жаңа туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдер мен еркектерге де беріледі. Мұндай жағдайда жаңа туған нәрестелердің тікелей перзентханадан асырап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейін кезеңге демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдемақы төленеді. Босанғаннан кейінгі еңбек демалысына шығу құқығын, жаңа туған нәрестесі қайтыс болған әйелдер де иеленеді. Егер жүктілік кезеңінде әйелде түсік болса, онда бұл әйелге еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты еңбек демалысы беріледі.

Жүктілікті жасанды жолмен тоқтатуға қатысты, жәрдемақы уақытша еңбекке жарамсыз болған алғашқы 2 күн үшін төленеді.