
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі
- •Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
- •Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
- •Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
- •Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
- •Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
- •Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
- •Зейнетақыдан ұстап қалу
- •Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
- •Жасына байланысты зейнетақылар
- •Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері
- •Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары
- •Жәрдемақы тағайындалатын кезең
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
- •Мүгедектік топтары
- •Мүгедектердің санаттары
- •Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
- •Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
- •Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі
- •Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
- •Жәрдемақылардың түрлері
- •Жәрдемақылардың мөлшері
- •Жәрдемақыларды төлеу көздері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі
- •Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі
- •Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
- •Уақытша жарамсыздық қағазы
- •Өндірістік жарақат
- •Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
- •Жәрдемақының мөлшері
- •Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- •Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
- •Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
- •Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Жәрдемақылардың түрлері
Жәрдемақылардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жәрдемақылардың бірінші тобының негізіне еңбекке уақытша жарамсыздық жатқызылған. Оларға мыналар жатады: ауырған жағдайдағы, отбасының науқстанған мүшесін күту қажеттігімен байланысты, туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен науқастануға байланысты, басқа жұмысқа ауысумен байланысты, протездік-ортопедтік стационарға жатқыза отырып, протездеумен байланысты жәрдемақылар.
Жәрдемақылардың екінші тобына бала туумен және кәмелетке толмаған балалармен байланысты жәрдемақылар жатады. Бала туу, балалар мен аналарға материалдық қолдау көрсету қажеттігін туғызады.Мұндай жағдайға қатысты жәрдемақылар алуан түрлі болып келеді: жүктілігіне және бала тууға байланысты жәрдемақылар, бала туу кезіндегі бір жолғы жәрдемақылар және т.б.;
Жәрдемақылардың үшінші тобына жалақыдан айырылған кездегі кезеңге өмір сүру көзін қамтамасыз етуі тиіс жәрдемақылар жатады. Олардың негізі болып, азаматтарға тәуелсіз жағдайлардан орын алған жұмыссыздық табылады.
Жәрдемақылардың төртінші тобына ерекше жағдайларда – отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда, оны жерлеу қажеттігі туған кезде, табиғи апаттар орын алғанда және т.б. кездерде отбасына материалдық қолдау көрсету мақсатында берілетін жәрдемақылар жатады.
Жәрдемақылардың маңызды белгісі болып, оларды төлеудің ұзақтығы да табылады. Жәрдемақылар осы белгісі бойынша бір жолғы, мерзімдік және ай сайынғы.
1) Бір жолғы төлемдерге бала туған кезде, оралмандарға берілетін, жерлеуге және т.б. қатысты берілетін жәрдемақылар жатады. Олар әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарда көзделген жағдайлар орын алғанда, азаматтардың қосымша шығындарын өтеу үшін арналған;
2) Мерзімдік жәрдемақыларға белгілі бір уақытта төленетін жәрдемақылар жатады (мысалы, ауырған кезде, жүктілігіне және босануына байланысты және т.б. жағдайларда төленетін жәрдемақылар). Мерзімдік жәрдемақылардың мақсаты болып, заңдарда көзделген жағдайлар орын алған жағдайда, жалақыдан айырылу кезінде, оны толығымен немесе ішінара орнын толтыру табылады. Мерзімдік жәрдемақылардың біржолғы жәрдемақылардан айырмашылығы – олар уақытта белгілі бір ұзақтыққа ие болады, алайда олар ай сайынғы жәрдемақыларға айналмайды;
3) Ай сайынғы жәрдемақылар ұзақ уақыт бойы, белгілі бір уақыт ішінде тұрақты түрде төленеді. Бұл жәрдемқыларды төлеудің ұзақтығы заңдарда анықталған және жәрдемақы түріне тәуелді болады. Аталған жәрдемақылардың қатарына мүгедек баланы 16 жасқа дейін күтуге, оқушыларды 23 жасқа дейін күтуге қатысты және т.б. жәрдемақылар жатады.
Жәрдемақылар, сонымен қатар, жәрдемақының қандай да бір түрі төленетін тұлғалар шеңбері бойынша да түрлерге бөлінеді. Жәрдемақылар осы белгісі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
1) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы;
2) жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы;
3) бала туған кезде берілетін жәрдемақы;
4) жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы;
5) балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақы;
6) оралмандарға берілетін жәрдемақы;
7) қолайсыз аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақы;
8) азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін өзге де жәрдемақылар.