Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері

Орталықтан толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен төленеді.

Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек стажының әр жылға шаққанда ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.

Зейнетақы төлемдері әскери қызметтегі, ішкі істер органдарындағы және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегі қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін екі процентке, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентке көбейтіледі.

Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының жалпы мөлшерін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды.

13-ТАРАУ

Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі

Әлеуметтік зейнетақылар – бұл еңбек зейнетақысын алуға құқығы жоқ тұлғалардың өмір сүруінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік бюджеттен төленетін ай сайынғы ұзақ мерзімдік төлемдер.

Әлеуметтік зейнетақы зейнетақылардың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілденген түрі болып табылады. Әлеуметтік зейнетақыны енгізудің негізгі мақсаты еңбек стажының жоқтығына байланысты еңбек зейнетақысына құқықты иеленбеген тұлғаларды мемлекетпен кепілденген ең төменгі ақшалай көмекпен қамсыздандыру болып табылады.

Әлеуметтік зейнетақыларды берудің құқықтық режимі зейнетақы алушылардың санатына қарай, субъективтік белгіге қарай түрлерге бөлінеді: зейнетақы жасындағы тұлғалар, барлық топтағы мүгедектер,туғанынан мүгедек жандар, сонымен қатар еңбек зейнетақысын алу құқығын қандай да бір себептермен иеленбеген өзге де тұлғалар.

Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар

Әлеуметтік зейнетақы алу құқығын келесі еңбекке жарамсыз тұлғалар иеленеді:

  1. Мүгедектер, мүгедек балалар, туғаннан мүгедек жандар;

  2. Ата-анасының біреуінен не екуінен де айырылған 18 жасқа толмаған балалар;

  3. Еңбек стажының болмауына байланысты еңбек зейнетақысын алу құқығын иеленбеген тұлғалар.

Әлеуметтік зейнетақының мөлшері. Еңбек зейнетақысымен салыстырғанда әлеуметтік зейнетақы жалақыдан есептелмейді, бұл зейнетақы еңбекке жарамыз азаматтардың әртүрлі санаты үшін түрліше қатаң бекітілген сомада тағайындалады.

Әлеуметтік зейнетақының мөлшері өмір сүру дейгейінің ең төменгі мөлшерінің кем дегенде 80% - ын құрауы тиіс. Бұл зейнетақыны зейнетақылық жасқа толғанғ бірақ қандай да бір себептермен жұмыс істемеген не қажетті еңбек стажын иеленбеген және зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ тұлғалар алуы тиіс. Әлеуметтік зейнетақы мұрагерлік жолмен берілмейді.

14-ТАРАУ

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері

Зейнетақылар азаматтарға не заңдарда белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.

Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін кездері болады.

Жәрдемақылар заңдарда көзделген жағдайларда беріледі. Олар, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғаларға негізінен бюджеттік қаражат есебінен немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен беріледі.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы жәрдемақылар – бұл заңдарда көзделген жағдайларда берілетін, азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету сипатына ие мерзімдік ақшалай әлеуметтік төлемдер.

Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған кезде мемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.