Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары

«Мүгедектік» сөзінің орысша баламасы «инвалидность» сөзі латынның «invalidus» сөзінен туындаған және «әлсіз, күші жоқ» деген мағынаны білдіреді.

Медицина өкілдерінің пікірінше, созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан адам толығымен немесе ішінара еңбекке жарамсыз болуы мүмкін, яғни жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде адам өзінің еңбек, кәсіби міндеттерін орындай алмайды. Мұндай жағдайларда медицина органдары тұлғаға мүгедектікті тағайындайды.

Мүгедектікті белгілеу үшін негіздер болып мыналар табылады:

1) аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктердің салдарынан ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы,

2) өмір сүру қабілетінің толығымен немесе ішінара бұзылуы, яғни қабілеттердің немесе еңбекпен айналысу мүмкіндіктерінің шектелуі, сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, қарым-қатынасқа түсу, оқу, өзіне-өзі бақылау жасау, кеңістікте қозғалу және т.б. қабілеттерін жоғалту немесе бұл қабілеттердің шектелуі;

3) әлеуметтік қамсыздандыру шараларын алудың қажеттігі.

Мүгедектік топтары

Еңбекке қабілетін жоғалтуының және өмір сүруін шектеуінің дәрежелеріне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.

Мүгедектік тобын белгілеу еңбекке қабілетін жоғалтудың дәрежесіне байланысты.

Мүгедектіктің І тобын белгілеу үшін негіз болып жалпы аурудың, жарақаттың немесе туа біткен кемшіліктердің салдарынан еңбекке қабілеттің айқын және тұрақты түрде бұзылуы және бұлар кәсіптік еңбекті тоқтату немесе еңбек жағдайларын елеулі түрде өзгерту қажеттігіне алып келген жағдай, сонымен қатар дербес жүріп-тұру, қозғалу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, өзінің жүріс-тұрысына бақылау жасау, адамдармен қарым-қатынастарға түсу мүмкіндігінің болмауы және басқа адамдардың көмегін, күтімін, қадағалауын қажет ететін жағдайлар табылады.

Мүгедектіктің ІІ тобын белгілеу үшін негіз болып аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктердің салдарынан еңбекке қабілеттің айқын бұзылуы және бұлардың дербес еңбек ету, қозғалу, оқу, адамдармен қарым-қатынасқа түсу, өзіне-өзі бақылау жасау және т.б. мүмкіндіктерді қиындатуы, алайда соған қарамастан бөтен көмекті, күтімді және қадағалауды қажет етпейтін жағдайлар табылады.

Мүгедектіктің ІІІ тобы аурудың, жарақаттың немесе кемшіліктердің салдарынан ағза функцияларының бұзылуына орай өмір сүру қабілеті шектелген тұлғалар үшін тағайындалады. Аталған жағдайлар мұндай тұлғалардың еңбекке қабілетін елеулі түрде шектесе де, олар одан әрі еңбек ете алады. Жұмыс берушілер ІІІ топ мүгедектері болып табылатын тұлғаларды денсаулық жағдайына қарай жеңіл жұмысқа немесе көлемі аз жұмысқа не жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмысқа ауыстыруға міндетті.

Мүгедектердің санаттары

Мүгедектігі бойынша зейнетақы алу құқығын еңбекке жарамсыз болған барлық азаматтар иеленеді. Заңдарда оны тағайындаудың тек бір ғана негізі – мүгедектік белгіленген.

Заңдардағы ережелер бойынша мүгедектің себептеріне қарай мүгедектік бойынша зейнетақының және оны алуға құқылы тұлғалардың келесі түрлері бар:

а) жалпы аурудың, еңбек жарақатының немесе кәсіптік аурудың салдарынан орын алған мүгедектік бойынша зейнетақы;

ә) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;

б) туғаннан мүгедек жандар;

в) әскери қызметті өтеу барысында орын алған жарақат, контузия, жазым, науқастың салдарынан мүгедектігі туындаған мерзімді қызметті атқаратын әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектер; ядролық объектілердің, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердің не ядролық объектілердегі апатты жағдайлардың салдарын жою кезінде мүгедектігі туындаған тұлғалар;

г) әскери қызметшілер (мерзімді қызметті атқаратын әскери қызметшілерден басқасы), ішкі істер органдары мен ҚР бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басқарушы және қатардағы құрамындағы қызметшілері – әскери қызметтегі міндеттерді орындауға қатысы жоқ қайғылы оқиғаның немесе әскери және қызметтік борышты орындауға қатысы жоқ аурудың салдарынан орын алған жарақаттың нәтижесінде мүгедектікке ұшырағанда;

ғ) әскери қызметшілер (мерзімді қызметті атқаратын әскери қызметішлерден басқасы), ішкі істер органдары мен ҚР бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басқарушы және қатардағы құрамындағы қызметшілері – әскери қызметтегі міндеттерді орындау кезінде немесе әскери және қызметтік борышты орындау кезінде орын алған жарақаттың, контузияның, аурудың нәтижесінде мүгедектікке ұшырағанда;

д) төтенше экологиялық жағдайлардың, соның ішінде ядролық жарылыстарды өткізу не оларды сынақтан өткізу кезінде радиациялық әсер етудің салдарынан мүгедек болғандар – себепті байланыс анықталған жағдайда.

Мүгедектік еңбек жарақатынан туындады деп, мына жағдайларда саналады:

- еңбек міндеттерін орындау кезінде, сонымен қатар ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің мүддесіне байланысты қандай да бір әрекеттер жасаған кезде;

- жұмысқа бара жатқан немесе жұмыстан қайтып келе жатқан жолда;

- жұмыс уақыты барысында кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның аумағында немесе өзге де жұмыс орнында, сонымен қатар жұмысқа дейін не одан кейін;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде;

- өмірді сақтауға, мемлекеттік, ұжымдық немесе жеке меншікті қорғау кезінде, сонымен қатар құқықтық тәртіпті сақтау кезінде;

- өндірістік тәжірибеден, өндірістік оқудан өту кезінде немесе тәжірибе сабақтары уақытында.

Еңбек жарақаты салдарынан мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындау үшін негізгі құжат болып қайғылы оқиға туралы акт немесе өзге де ресми құжат табылады, бұл құжатта еңбек жарақатының жұмыспен байланыстылығы көрсетілуі тиіс.

Кәсіптік ауру еңбек жарақатына теңестіріледі. Кәсіптік ауру ретінде осы кәсіпке тән еңбек жағдайларының, зиянды өндірістік факторлардың адам ағзасына зиянды әсер ету салдарынан туындаған ауру танылады. Еңбек жарақатына қарағанда, кәсіптік ауру осы кәсіпке тән зиянды факторлардың жүйелі түрде және ұзақ әсер етуінің нәтижесінде баяу, біртіндеп, байқалмай дамиды.

Мүгедек тұлғада еңбек стажы болмаған кезде оған мүгедектігі бойынша әлеуметтік зейнетақы тағайындалады. Мұндай жағдайда мүгедекте жинақталған зейнетақы қаражаты болса (олар жасына байланысты зейнетақының жинақтаушы бөлігі ретінде танылады), жасына байланысты зейнетақының жинақтаушы бөлігі бұл тұлғаға, заңдарда белгіленген жасқа толған кезде, ал туғанынан ІІ және ІІІ топ мүгедектері үшін – зейнетақы жасына қарамастан тағайындалады.