
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі
- •Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
- •Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
- •Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
- •Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
- •Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
- •Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
- •Зейнетақыдан ұстап қалу
- •Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
- •Жасына байланысты зейнетақылар
- •Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері
- •Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары
- •Жәрдемақы тағайындалатын кезең
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
- •Мүгедектік топтары
- •Мүгедектердің санаттары
- •Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
- •Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
- •Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі
- •Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
- •Жәрдемақылардың түрлері
- •Жәрдемақылардың мөлшері
- •Жәрдемақыларды төлеу көздері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі
- •Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі
- •Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
- •Уақытша жарамсыздық қағазы
- •Өндірістік жарақат
- •Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
- •Жәрдемақының мөлшері
- •Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- •Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
- •Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
- •Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Жасына байланысты зейнетақылар
h4>Жасына байланысты зейнетақының түсінігі
Жасына байланысты зейнетақы ретінде азаматтардың белгілі бір жасқа толған кезде және онда қажетті еңбек стажы болған жағдайда алатын зейнетақыны атайды.
Зейнетақылық жасқа толу азаматқа жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тоқтату құқығын береді, ал мемлекетте мұндай азаматты өмір сүру құралы – жасына байланысты зейнетақымен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.
Сонымен, жасына байланысты еңбек зейнетақысына екі белгі тән: зейнетақылық жасқа толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы. Бұл ретте еңбек зейнетақысын тағайындағаннан кейін көптеген зейнеткерлердің өзінің еңбекке қабілетін сақтап, еңбек қызметін әрі қарай жалғастыруына рұқсат беріледі. Яғни, оларға одан кейінгі бүкіл өміріне төленетін зейнетақы тағайындалады: олар жұмыс істеп жүрген кезге де, жұмыс істей алмайтын кезге де.
Жасына байланысты еңбек зейнетақысы – бұл зейнетақылық жасқа толған және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажына ие тұлғалар үшін өмір сүрудің негізгі көзі болып табылатын, өмір бойы ай сайын төленетін ақшалай төлем.
Жасына байланысты зейнетақылардын түрлері. Жасына байланысты зейнетақылар еңбек жағдайларына, еңбек стажының ұзақтығына және бірқатар өзге де жағдайларға қарай өз ішінде түрлерге бөлінеді.
Мұндай түрлерге мыналар жатады:
· жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы;
· жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы;
· арнайы заңды негіздерге негізделген жасына байланысты зейнетақы.
Жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін, жоғарыда атап өткеніміздей, белгілі бір жасқа толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы қажет.
Жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы еңбек стажының жалпы ұзақтығы болған жағдайда немесе жасқа да, еңбек стажының ұзақтығына да талаптар бір мезетте төмендетілген жағдайда зейнетке заңда көзделгеннен ертерек шығуға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген зейнетақылық қамсыздандыру құқығын бес және одан да көп балаларды туған және оларға 8 жасқа толғанға дейін күтім жасаған көпбалалы аналар иеленеді. Бұл ретте аталған құқық тек туған балаларға қатысты ғана туындайды. Асырап алған балалар туған балаларға теңестіріледі. Ал өгей ұлдар мен өгей қыздар туған балаларға теңестірілмейді.
Жасына байланысты зейнетақыларды тағайындау үшін арнайы заңды негіздер азаматтардың кейбір санаттарына, мысалы Чернобыль апатынан, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бағытталған.
<
Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
Орталықтан жасына байланысты зейнетақылар толық көлемде келесідей жасқа толған кезде және келесідей жағдайлар болған жағдайда тағайындалады:</h4>
1) 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап – еркектерге 61 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
2) 1998 жылғы 1 шілдеден бастап – еркектерге 61,5 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56,5 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
3) 1999 жылғы 1 шілдеден бастап – еркектерге 62 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 57 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
4) 2000 жылғы 1 шілдеден бастап – еркектерге 62,5 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 57,5 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;
5) 2001 жылғы 1 шілдеден бастап – еркектерге 63 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 58 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда.
Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері жоғарыда аталған азаматтардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.