
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі
- •Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
- •Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
- •Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
- •Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
- •Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
- •Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
- •Зейнетақыдан ұстап қалу
- •Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
- •Жасына байланысты зейнетақылар
- •Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері
- •Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары
- •Жәрдемақы тағайындалатын кезең
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
- •Мүгедектік топтары
- •Мүгедектердің санаттары
- •Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
- •Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
- •Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі
- •Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
- •Жәрдемақылардың түрлері
- •Жәрдемақылардың мөлшері
- •Жәрдемақыларды төлеу көздері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі
- •Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі
- •Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
- •Уақытша жарамсыздық қағазы
- •Өндірістік жарақат
- •Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
- •Жәрдемақының мөлшері
- •Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- •Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
- •Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
- •Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
Еңбек зейнетақысы зейнетақының көрсетілген түріне өтініш берген күннен бастап, бірақ ол осы зейнетақыны алуға құқық туындағаннан соң ғана тағайындалады.
Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.
Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
Еңбек зейнетақылары келесі мерзімдерге тағайындалады:
1) жасына байланысты еңбек зейнетақысы – өмір бойына;
2) мүгедектігіне байланысты еңбек зейнетақысы – мүгедек деп тану мерзіміне;
3) асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысы – бұл зейнетақыны алушы еңбекке жарамсыз болған бүкіл кезеңге.
Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
Зейнетақыларды төлеу келесі жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) егер зейнеткер зейнетақыны қатарынан алты ай алмаса – зейнетақыны алмаған бүкіл кезеңге, аталған мерзім өткен айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;
2) егер мүгедек белгіленген мерзімде қайта куәландырудан өтуге келмесе – зейнетақыны төлеу тоқтатылады, ал бұл тұлғаны қайтадан мүгедек деп таныған жағдайда зейнетақы тоқтатылған күннен бастап, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге төленеді.
Қайта куәландырудан өту мерзімдерін себепті жағдайлармен өткізіп алған жағдайда, зейнетақыны төлеу қайта куәландырудан өту күнінен бастап, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге төленеді.
Егер мүгедекке зейнетақы төлеу еңбекке қабілетінің қалпына келуіне немесе қайта куәландыруға себепсіз жағдайлармен келмеуіне байланысты тоқтатылса, онда кейін бұл тұлғаны мүгедек деп таныған жағдайда, зейнетақы төлеуді тоқтатқан күннен 5 жыл уақыт аспаса, зейнетақы төлеу мүгедектікті белгілеген күннен бастап қалпына келтіріледі.
Зейнетақыдан ұстап қалу
Зейнеткерлердің басым көпшілігі үшін зейнетақы өмір сүрудің негізгі, кейде жалғыз көзі болып табылады. Сол себепті, зейнетақыдан ұстап қалу тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана орын алуы мүмкін.
Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жасалуы мүмкін.
Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиіс сомадан жасалады. Бұл ретте зейнетақыдан ұстап қалудың шектері белгіленген. Зейнетақыдан төленуге тиісті соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды.
Зейнетақыдан ұстап қалу мыналарға бағытталуы мүмкін: отбасы мүшелерін бағуға (алименттер), кәсіпорынның немесе ұйымның мүлкін ұрлағаннан келтірілген зияндарды өтеуге, артық алынған жалақыны қайтаруға және т.б. Басқаша зейнетақыдан ұстап қалуға жол берілмейді.
Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
Еңбек зейнетақысын төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) зейнеткер қайтыс болған жағдайда, сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша оны қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп жариялаған жағдайда – зейнеткер қайтыс болған немесе оны қайтыс болды, не хабар-ошарсыз кетті деп жариялау туралы шешім күшіне енген айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;
2) зейнеткер өзіне тағайындалған еңбек зейнетақысын алу құқығын жоғалтқан жағдайда, аталған зейнетақыны алу үшін ұсынылған мәліметтердің шынайылығын жоққа шығаратын мән-жайлар немесе құжаттар табылған жағдайда – мән-жайлар немесе құжаттар табылған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;
3) тұлғаны мүгедек деп танудың мерзімі өткен жағдайда;
4) асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алушы тұлғаның еңбекке қабілетті болуы – еңбекке қабілеттілік туындаған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;
5) қайтыс болған асыраушы тұлғаның 8 жасқа толмаған балаларына, аға-інілеріне, апа-қарындастарына немесе немерелеріне күтім жасауына байланысты асыраушысынан айырылуы жөніндегі зейнетақы алуға құқылы тұлғалардың жұмысқа орналасуы;
6) қайтыс болған асыраушының балалары 18 жасқа толған соң, оқитындары – 23 жасқа толған соң – кәмелеттік жасқа немесе 23 жасқа толған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап.
9-ТАРАУ