- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі
- •Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
- •Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
- •Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
- •Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
- •Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
- •Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
- •Зейнетақыдан ұстап қалу
- •Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
- •Жасына байланысты зейнетақылар
- •Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері
- •Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары
- •Жәрдемақы тағайындалатын кезең
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
- •Мүгедектік топтары
- •Мүгедектердің санаттары
- •Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
- •Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
- •Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі
- •Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
- •Жәрдемақылардың түрлері
- •Жәрдемақылардың мөлшері
- •Жәрдемақыларды төлеу көздері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі
- •Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі
- •Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
- •Уақытша жарамсыздық қағазы
- •Өндірістік жарақат
- •Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
- •Жәрдемақының мөлшері
- •Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- •Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
- •Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
- •Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
Орталықтан зейнетақы төлемдері өткен ай үшін төленеді. Зейнетақының мөлшері өзгеруі мүмкін. Зейнетақы мөлшерінің көтерілуіне құқық туындаған жағдайда немесе оның мөлшерін азайтуға әкелетін жағдайлар туындаған жағдайда, сонымен қатар оның мөлшерін жоғарылату не азайту туралы шешім қабылданған жағдайда зейнетақының жаңа мөлшерін төлеу зейнеткерге зейнетақының мөлшерін көбейту туралы арызына барлық қажетті құжаттарды ұсына отырып берген айынан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді.
Зейнеткер уақтылы алмаған зейнетақы бүкіл өткен уақыт үшін, алайда зейнетақы алу үшін жолданғаннан 3 жыл бұрынғы уақытқа ғана төленеді.
Егер зейнетақы әлеуметтік қамсыздандыру органдарының кінәсі бойынша уақтылы төленбеген болса, онда ол бүкіл өткен уақыт үшін қандай да бір мерзіммен шектелместен төленеді.
Зейнеткер қайтыс болған жағдайда оның өліміне орай алынбаған зейнетақы төлемдері зейнеткердің мұрагерлеріне жалпы негіздер бойынша төленеді.
Егер зейнеткер әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде (қарттар үйінде) тұратын болса, онда оған тағайындалған зейнетақының 25%-дық бөлігі төленеді.
Зейнетақылық қамсыздандыру құқығы келесі тұлғаларға тиесілі:
- Қазақстан Республикасының азаматтарына;
- азаматтығы жоқ тұлғаларға;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтарға (арнайы халықаралық келісімдер болған жағдайда);
- отбасына (асыраушысынан айырылған жағдайда).
Орталықтан зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады.
8-ТАРАУ
Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде зейнеткерлердің қатарында ең көп бөлігін жасына байланысты еңбек зейнетақысын алу құқығына ие тұлғалар әрқашан құраған. Барлық елдерде зейнеткерлердің бұл санаты зейнеткерлердің жалпы санының 80%-ын құрайды.
Еңбек зейнетақысының мөлшері толық еңбек стажы болған жағдайда орташа республикалық жалақының 60%-ын құрауы тиіс (еркектер үшін 25 жыл еңбек стажы, ал әйелдер үшін – 20 жыл еңбек стажы).
Зейнетақының дәл осындай мөлшері зейнеткерлер үшін жақсы өмірді қамтамасыз ете алады.
Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
Зейнетақыларды тағайындауды, олардың мөлшерін қайта есептеуді және төлеуді зейнеткерлердің тұрғылықты жерлеріндегі әлеуметтік қамсыздандыру органдары жүзеге асырады. Зейнеткер тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда оның жаңа тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін төлеу зейнетақылық істің және тіркеу туралы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Зейнетақыларды тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімі, зейнетақыны тағайындауға, оның мөлшерін қайта есептеуге, зейнетақының бір түрінен екіншісіне ауысуға қатысты жолдану тәртібі, зейнетақы құжаттарын толтыру заңдарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Зейнеткердің қалауы бойынша зейнетақы зейнеткердің есепшотына ауыстырылуы мүмкін немесе заңдарда белгіленген тәртіпте берілетін сенімхат бойынша төленуі мүмкін. Зейнеткердің зейнетақы алатын жері жыл сайын расталатын болса, мерзімі бір жылдан асатын сенімхат бойынша зейнетақы төлеу сенімхаттың әрекет ететін бүкіл мерзімінде жүзеге асырылады.
