Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтік қамсыздандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
119.94 Кб
Скачать

Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі

«Зейнетақы» сөзінің орысша баламасы «пенсия» сөзі төлем деген мағынаны білдіреді. С.И. Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «зейнетақы» сөзіне мынадай анықтама берілген: «еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және т.б. байланысты ақшалай ақысыздандыру».

Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жоғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және т.б. себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады.

Сонымен, зейнетақы – бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.

Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:

1. еңбек зейнетақылары;

2. әлеуметтік зейнетақылар.

Еңбек зейнетақылары, өз кезегінде, келесі түрлерге бөлінеді:

- жасына байланысты зейнетақылар;

- мүгедектігі бойынша зейнетақылар;

- еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;

- асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.

Жасына байланысты еңбек зейнетақысы және мүгедектігі бойынша еңбек зейнетақысы екі бөліктен тұрады: негізгі және жинақтаушы.

Еңбек зейнетақысы – бұл азаматтарға жалақасын немесе өзге де табысын өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормаларымен анықталады.

Жоғарыда аталған азаматтардың отбасыларының еңбекке жарамсыз мүшелері заңдарда көзделген жағдайларда асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысына құқықты иеленеді.

Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар да зейнетақы алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әртүрлі зейнетақылар алуға құқығы бар азаматтарға олардың таңдауы бойынша бір зейнетақы тағайындалады.

Зейнетақыларды тағайындау тәртібі. Жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар осы тұлға белгіленген жасқа толған кезде және еңбек стажы (жалпы немесе арнайы) болған жағдайда, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда тағайындалады.

Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады.

Әдетте, әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда, зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерінде белгіленеді.

Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға беріледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды.