
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
- •Әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің жүйесі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастары Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түсінігі
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың элементтері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру саласының құқықтық қатынастардың түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың объектілері
- •Еңбек стажы Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер
- •Зейнетақылар: жалпы сипаттама Зейнетақылар. Жалпы сипаттама. Түрлері.Тағайындау тәртібі
- •Зейнетақы төлемдерін төлеудің жалпы ережелері
- •Еңбек зейнетақылары Еңбек зейнетақыларының түсінігі
- •Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі
- •Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері
- •Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері
- •Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру
- •Зейнетақыдан ұстап қалу
- •Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату
- •Жасына байланысты зейнетақылар
- •Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
- •Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері
- •Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары
- •Жәрдемақы тағайындалатын кезең
- •Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Мүгедектігіне байланысты зейнетақы Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарттары
- •Мүгедектік топтары
- •Мүгедектердің санаттары
- •Мүгедектігі бойынша зейнетақының мөлшері
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
- •Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
- •Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
- •Әлеуметтік зейнетақылар Әлеуметтік зейнетақының түсінігі
- •Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрдемақылар Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
- •Жәрдемақылардың түрлері
- •Жәрдемақылардың мөлшері
- •Жәрдемақыларды төлеу көздері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының түсінігі
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері
- •Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы төлеудің жалпы тәртібі
- •Бала тууға байланысты жәрдемақы Бала тууға байланысты жәрдемақы түсінігі
- •Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар Еңбекке уақытша жарамсыздықтың жағдайлары
- •Уақытша жарамсыздық қағазы
- •Өндірістік жарақат
- •Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері
- •Жәрдемақының мөлшері
- •Еңбекке уақытша жарамсызыдығына байланысты жәрдемақы келесі жағдайларда төленбейді:
- •Еңбек жарақаты салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы
- •Әлеуметтік жәрдемақылардың басқа түрлері
- •Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылар Әлеуметтік қамсыздандыруға өтемақылар мен жәрдемақылардың түсінігі
- •Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар
- •Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жеңілдіктердің түсінігі және олардың түрлері
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың түсінігі
- •Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, пәні, функциялары және түрлері Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық – адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі. Бұл құқық 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы декларациясының 26-бабында, 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық актінің 11-бабында және өзге де халықаралық актілерде бекітілген.
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
«Әлеуметтік қамсыздандыру» түсінігін әртүрлі мағынада қолдануға болады.
Біріншіден, әлеуметтік қамсыздандыру ретінде әкімшілік-биліктік қатынастардың ерекше нысаны түсініледі.
Екіншіден – бұл мемлекеттің функциясы.
Үшіншіден, азаматтарды қартаюына, асыраушысынан айырылуына, еңбекке қабілетінен айырылуына және т.б. жағдайларға байланысты материалдық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде.
Төртіншіден, құқық саласы ретінде.
Бесіншіден, азаматтардың құқығы ретінде.
Әлеуметтік қамсыздандыруда материалдық игіліктер қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің және арнайы қорлардың есебінен әлеуметтік нормаларда белгіленген жағдайларда бөлінеді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
Ақша құралдарының қайнар көзіне қарамастан, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:
- ақша төлемдері (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар, материалдық көмек және т.б.);
- заттай көмек (дәрі-дәрмек, азық-түлік, мүгедектер үшін техникалық көмек құралдары);
- қызмет көрсету және жеңілдіктер (қарттар және мүгедектердің үй-интернаттарына, балалар үйіне орналастыру, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және т.б.)
- мүгедектердің емделуіне, сауығуымен және денсаулығын жақсартумен (станционарда, үйден қатынап емдеу санаторийларда, қарттар мен мүгедектер үшін арналған үй- интернаттарда), емдеу орнына баруымен және қатынауымен байланысты қосымша шығындарын өтеу, жұмыссыздарды қайта оқыту (қайта дайындықтан өткізу);
- азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің бір жолғы ақшалай және ақшалай емес түрлері.
Әлеуметтік қамсыздандырудың субъектілеріне келесідей түрлерге бөлуге болады:
Еңбекке қабілеттілігі жоқ жастағы азаматтар:
Зейнеткерлер, солардың ішінде мүгедектер және жалғызбасты тұлғалар;
Балалар, солардың ішінде жасөспірімдер.
Еңбекке қабілетті жастағы азаматтар:
Жұмыссыздар;
Уақытша жұмыссыздар:
Мүгедектер;
Көпбалалы отбасылар;
Тұрмыстық жағдайы төмен тұлғалар.
Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
Әлеуметтік қамсыздандырудың мәні келесі функциялардан көрініс табады:
-саяси; -экономикалық;
-әлеуметтік;
-еңбек;
-демократиялық;
-сауықтыру.
Әлеуметтік қамсыздандырудың саяси функциясы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудан және халықтың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы қоғамдағы әлеуметтік иеленісті әлсіретуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық функциясы жасына, еңбекке қабілеттілігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табысының орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетудан көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзінің жәрдем көрсетуіне мұхтажазаматтар санаттарына оларға қосымша қаржы бөлу жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуынан көрініс табады. Олардың даму деңгейіне әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің барлық буындары тәуелді болады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдық мәртебесінқалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасаудан көрініс табады. Бұл аталған тұлғалардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың демографиялық функциясы елдің халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні болып азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қызметтер көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар табылады. Олар мыналарды қамтиды:
азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастарды;
заттай нысанда көмек көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар, яғни тегін немесе жеңілдікті бағамен берілетін нақты тауарлармен, қызметтермен қамтамасыз ету;
процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қоғамдық қатынастар.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастар өз мәні бойынша әкімшілік-биліктік қатынастар болып табылады. Олардың 5 тәсілін бөліп қарастыруға болады:
тегін, әрбір азаматтың бөлінетін, алайда мемлекет белгілеген әлеуметтік нормативтің шегінде қоғамның саналы қажеттіліктеріне және экономикалық мүмкіндіктеріне сай иеліктерге қатысты теңдей құқықтарына негізделеді. Мысалы, отбасының жан басына шаққан табысына сәйкес медициналық қызмет көрсету, өтемақылар төлеу кезінде, бірақ кез келген жағдайда мұндай көмек еңбек қызметімен немесе зейнетақы жарналарын төлекмен байланысты болмайды;
бұрынғы немес ағымдағы еңбек шығындарын, өндірістің, материалдық қамсыздандырудың қажеттіктерін ескере отырып теңестірілмейтін, бірақ нормаланған сипаттағы;
құнды ішінара төлеумен байланысты жеңілдетілген жағдайдағы. Мысалы, дәрі-дәрмектерді, санаторийларға жолдамаларды жеңілдетілген бағамен сату;
ақы үшін;
еңбектің саны мен сапасына қарай.
Байқағанымыздай, бұл қатынастар әртекті және құқықтық реттеудің әртүрлі әдістерін талап етеді. Қызметті ақылы түрде көрсету қағидасына негізделген қатынастар азаматтық құқықтың реттеу саласын қамтиды. Оларға үшінші тәсілдің ақылыққа негізделетін қатынастары да жатады. Қатынастардың бесінші түрі еңбек құқының саласына жатады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың негізгі түрі болып, жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетақылық қатынастар табылады. Зейнетақылық құқықтық қатынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды:
жасына байланысты зейнетақыларды;
мүгедектігі бойынша зейнетақыларды;
еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақыларды;
әлеуметтік зейнетақыларды.
Жәрдемақы алуға қатысты құқықтық қатынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды:
еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыларды;
жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды;
қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде қызметкерлердің денсаулығына келтірілгензиянды өтеумен байланысты жәрдемақыларды;
жұмыссыздарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті;
бала туумен байланысты бір жолғы жәрдемақыны.
Өтемақы алуға қатысты құқықтық қатынастар келесідей өтемақыларды төлеумен байланысты туындайды:
18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы, І-топ мүгедегін, 80 жастан асқан қартты күтуші еңбекке қабілетті азаматтарға берілетін өтемақылар.
Заттай нысанда көмек көрсетуге қатысты құқықтық қатынастарға мыналар негіз болады:
Тегін немесе жеңілдікпентерілетін тауарлар және көрсетілетін қызмет түрлері;
Медициналық көмек;
Дәрі-дәрмектер;
Санаторийлық-курорттық емделу;
Баларды балалар мекемелеріне орналастыру;
Мүгедектерге берілетін көлік құралдар;
Кәсіби оқыту және қайта дайындықтан өткізу;
Өзге де жеңілдіктер.
Процедуралық сипаттағы құқықтық қатынастар келесідей зады мәнге ие әрекеттерді жасаумен байланысты туындайды:
Оларсыз материалдық қатынастар туындамайтын заңды фактілерді белгілеу (мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақыны тағайындау үшін мүгедектік фактісін анықтау қажет, ал еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты зейнетақыны тайғайындау үшін еңбекке жарамсыздық фактісін анықтау қажет және т.б.);
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқықты жүзеге асыру, яғни әлеуметтік қамсыздандырудың кез келген түрін тағайындау кезінде.
Іс жүргізушілік сипаттағы құқықтық қатынастар осы салада туындайтын дауларды қараумен және лауазымды тұлғалардың немесе мемлекеттік органның шешімін әкімшілік не сот тәртібіне шағымдаумен байланысты. Бұл даулар әртүрлі мәселелер бойынша туындауы мүмкін: қандай да бір әлеуметтік қамсыздандыру түрін тағайындаудан бас тартуға қатысты немесе оның мөлшерін ақшалай нысанда анықтау кезінде, мүгедектің себептерін не тобын, жнңілдіктерге құқықтарды анықтау кезінде және т.б.
Әлеуметтік қамсыздандырудың пәнінде, негізгі, зейнетақылық қатынастармен қатар туынды, процедуралық қатынастарды да бөліп қарастыруға болады. Оларға Зейнетақы қорын қалыптастыруға және пайдалануға қатысты қатынастар, әртүрлі жәрдемақыларды төлеуге қатысты қатынастар, азаматтарға медициналық және санаторийлық-курорттық көмек көрсетуге қатысты қатынастар, соғыс және еңбек ардагерлеріне мемлекеттік қайнар көздер есебінен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге қатысты қатынастар жатады.
Бұл құқықтық қатынастардың барлығының жиынтығы әлеуметтік қамсыздандырудың пәнін құрайды.
Әлеуметтік қамсыздандырудың тиісті түрлері болып мыналар табылады:
1. зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар;
2. заттай көмек көрсету;
3. процедуралық немесе іс жүргізушілік сипаттағы көмек.
Зейнетақының түрлері:
Жасына байланысты;
Мүгедектік бойынша;
Еңбек сіңірген жылдары үшін;
Асыраушысынан айырылуына байланысты;
Әлеуметтік зейнетақылар.