
- •1.Қауіпсіздік техникасының ережелері
- •1.1 Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- •1.2 Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
- •1.3 Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- •1.4 Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
- •2.Негізгі бөлім:Массивтер
- •2.1. Бір өлшемді массив
- •2.2 Көп өлшемді массив
- •3.Зертхaналық- практикалық бөлім
- •4.Қорытынды бөлім
- •5. Қолданылған әдебиеттер
М
.Тынышпаев
атындағы ҚазККА Ақмола көлік колледжі
17.12.2012ж. – 12.01.2013ж. аралығында өткен «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен оқу тәжірибесінің есебі
2-курс
1304000 – «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
Оқу тәжірибесінің жетекшісі:А.А.Сейлбаева
Есеп беруші: ЕТ-21/1 тобының студенті:Мәжіт Ақжол
Есеп беру күні: 14.01.2013ж.
Астана 2013
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………..3
1.Қауіпсіздік техникасы ережелері…………………………………………...........3
1.1 Жалпы қауіпсіздік талаптары;
1.2 Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары;
1.3 Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары;
1.4Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.5 ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
2. Негізгі бөлім:Массивтер…………………………………………………………..4
2. 1. Бір өлшемді массив
2.2 Көп өлшемді массив
3. Зертханалық- практикалық бөлім………………………………………………11
3.1 Өзіндік жұмыс
4. Қорытынды………………………………………………………………………..38
5. Пайдаланған әдебиет……………………………………………………………40
Кіріспе
17.12.2012ж. – 12.01.2013ж. аралығында өткен «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен оқу тәжірибесінде біз Turbo Pascal тілін қолданып түрлі программаларды құрдық, солардың құрамында қарапайым есептерден бастап, шартты, шартсыз көшу операторы , таңдау операторы, параметрлі FOR операторы, циклдік (қайталау) оператор, Цикл-әзір операторы және т.б. қолданылып жазылған программалар бар.
Паскаль тілін Швейцария ғалымы Никлаус Вирт 1971 жылы АЛГОЛ алгоритмдік тілінің негізінде жасап шығарды. Тілдің атауы алғашқы есептеу машинасын жасап шығарған француз математигі, әрі физигі Блез Паскалдің құрметіне қойылған. Оның соңғы нұсқалары икемді және жан-жақты қызмет атқара алатын жоғары деңгейдегі тілге айналды. Borland фирмасы Паскаль тілінің стандартын кеңейтіп Турбо Паскаль тілінің 6 версиясын өмірге әкелді. Оның соңғы Турбо Паскаль 7.0 версиясы – құрылымды программаларды жасақтауға жарамды әмбебап интегралдық ортасы бар, объект-бағдарлы және модулді программалау принциптерін пайдалана алатын, көптеген қуатты стандартты модулдері бар күрделі жүйе.
1.Қауіпсіздік техникасының ережелері
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде;
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы;
5) жұмысты аяқтағанда.
1.1 Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды.Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
1.2 Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
1.3 Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек.Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу әдістерін білуі керек. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
1.4 Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
1.5 ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек.
3.
2.Негізгі бөлім:Массивтер
2.1. Бір өлшемді массив
ЭЕМ-нің жадында сандардың бір-бірімен байланысқан көптеген мәндерін сақтау үшін индексті айнымалылар, яғни массивтер қолданылады. Массив дегеніміз бірыңғай шамалар тізбегінің бір атаумен аталып реттелген жиыны. Математикадағы вектор, матрица осы массивке мысал бола алады. Тізбектің айнымалылары массив элементтері деп аталады. Оның элементтері индекстері бойынша ажыратылады. Егер айнымалы бір индексті элементтерден тұрса, онда бір өлшемді массив болады. Олардың индекстері сандармен немесе белгілі бір әріптермен жақша ішінде жазылады, мысалы
А(І), С(12), К(100)
Массивпен жұмыс істеу үшін оның әр элементінің мәні белгілі болуы тиіс. Сондай-ақ массивтің идентификаторы /аты/ да жай айнымалының идентификаторы сияқты белгіленеді.
Паскаль тілінде массивтің нөмері /индексі/ тік жақшаға алынып, жазылады, мысалы
1,6; 4,9; 5; 8,9; 0,47 –мәндерінен тұратын А массивін былай жазамыз:
A[1]=1,6; A[2]=4,9; A[3]=5; A[4]=8,9; A[5]=0,47
Егер есептеу барысында А1, А2, А3, … , А25 немесе {Aі}, мұндағы і=1, 2, 3, … 25 тәрізді массив кездессе, онда оны программа барысында А[25] түрінде жазамыз. Мұндағы А- массив аты болады да, 25-оның индексінің қабылдайтын ең үлкен мәні болып есептеледі.
Паскаль тілінде массивті программада қолдану үшін алдымен оларды міндетті түрде арнаулы ARRAY /ағылшын тілінен аударғанда – массив/ -операторы арқылы сипаттап жазу керек. Ол айнымалы - VAR немесе TYPE –тип бөлігінде көрсетіледі, VAR арқылы жазылуы:
VAR массив аты : ARRAY [бастапқы нөмері .. соңғы нөмері] OF типі;
Мәселен алдыңғы мысалдағы А массиві үшін:
VAR А : ARRAY [1 .. 5] OF REAL;
мұндағы, А – массив аты, элементтері нақты шама - REAL қабылдайды. Нөмері /индексі/ 1-ден 5-ке дейін.
Көп жағдайда массивтің нөмері /индексі/ 1-ден басталады бірақ, бұл міндетті емес. Мәселен мына мысалды алып қарастырайық. Григориандықтардың күнтізбесі бойынша 1992 жылға дейінгі жер шарының халқына санақ жүргізілген. Мұны массив түрінде сипаттасақ, келесі түрде болмақ:
VAR халық саны : ARRAY [1582 .. 1992] OF ІNTEGER;
Массивтің бүтін, не нақты сандардан тұратын сандық типтерін алдыңғы мысалдардан көріп отырсыңдар. Сондай-ақ массив символдық типтен де тұрады. Символдық жол – STRІNG үшін массив келесі түрде өрнектеледі:
TYPE
STRІNG : АRRAY [0 .. 255] OF CHAR ;
Массивтің нөмерінің санына қарай қанша элементті массив екенін байқауға болады. Алдыңғы мысалда STRІNG –массиві 255 элементті болады.
Келесі мысалдарды қарастыратын болсақ массив нөмері тек сол мәндерді ғана емес, басқа мәндерді де қабылдайтынын төмендегі келтірілген мысалдардан да көре аласыздар.
Текстегі латын әріптерін шығару:
VAR әріп : ARRAY [‘A’ .. ‘Z’] OF ІNTEGER;
Құрылықтағы бір жылдағы ауаның орташа температурасы:
TYPE құрылық =(Гаити, Таймыр, Ява, Тасмания Сицилия, Фемарн);
VAR T : ARRAY [құрылық] OF REAL;
Келесі адамдардың қайсысының бойы ең ұзын:
TYPE aты =( Қарлығаш, Қадыр, Ақын, Жанар, Бақыт );
VAR Ж : ARRAY[ аты ] OF (ұл, қыз);
Б : ARRAY [ аты ] OF 140 .. 240;
Осы мысалдарға қарай отырып, массивтің дұрыс /қатесіз/ жазылуын келесі түрде көрсетуге болады:
VAR M : ARRAY [1 .. N] OF REAL;
Жыл : ARRAY [қаңтар .. желтоқсан ] OF ІNTEGER;
L : ARRAY [Жол] OF BOOLEAN;
M1: ARRAY [CHAR] OF Шеңбер;
Егер бірнеше массивтер бір ыңғай типті және элементтер саны тең болса, онда оларды программада бір жолда сипаттауға болады, мысалы
VAR A, B, C : ARRAY [1 .. 25] OF REAL;
Мұнда, А, В, С – массивтерінің мәндері 25 элементтен тұратын нақты сандар.
A[1], A[2], A[3], … , A[25],
B[1], B[2], B[3], … , B[25],
C[1, C[2]], C[3], …, C[25]
Паскаль тілінде масивтер арасында “тең”, ”тең емес” немесе “ меншіктеу операторы ” амалдарын қолдануға болады. Мысалы: егер А және В массиві былай берілсе,
VAR
A, B : ARRAY[1..10] OF REAL;
Бұған үш амалды қолданғанда төмендегідей нәтиже береді:
Өрнек |
Нәтиже |
А = В
|
Егер әрбір А массиві элементінің мәні сәйкес В массиві элементерінің мәніне тең болса. |
А<>B |
Егер А массиві элементінің ең болмағанда бір мәні сәйкес В массиві элементінің мәні тең болмаса. |
A:= B |
В массиві элементінің барлық мәні сәйкес массиві элементінің мәні меншіктеледі. В массиві элементінің мәндері өзгеріссіз қалады. |
Массивті программаға енгізу мен оны одан шығару үшін цикл қолданылады, мысалы
FOR І:=1 TO 9 DO
READ(F[І]);
бұл жол тоғыз элементтен тұратын А – массивін енгізеді, ал цикл
FOR І:=1 TO 9 DO
WRІTE(A[І]);
тоғыз элементтен тұратын массивті шығарады.
Массивпен жұмыс істеуді төмендегі есептерде қарастырамыз.
1- мысал. Бүтін он санның қосындысын табамыз. Х – массиві элементтерінің нөмері /индексі/ - І, ал қосындысы SUM- ға меншіктелсін. Сонда
SUM=X[1]+X[2]+X[3] … + X[10] табу керек.
Есептің шешуі:
PROGRAM MATRІX_1;
CONST N=10;
VAR
І, SUM : ІNTEGER;
A: ARRAY [1..N] OF ІNTEGER;
BEGІN
FOR І: = 1TO N DO
BEGІN
WRІTE(‘ Массив элементтерін енгіз’ );
READ (A [І]);
END;
SUM: =0;
FOR І: = 1TO N DO SUM: = SUM+A[І];
WRІTELN(‘ 10 элементтен тұратын А-массивінің қосындысына тең’ );
END.
Программаның орындалуына талдау. Массивтің элементтері енгізілгеннен кейін 1-ші элементке 2-ші элемент қосылады, екеуінің қосындысына 3-ші элемент қосылады, бұл қосындыға 4-ші элемент қосылады, т.с.с. 10-шы элементке жеткенше осылай орындалады. Сонда цикл он рет орындалады.
Таңдау әдісі.
1-ден п-ге дейінгі массив берілген. Осы массивтен кіші элементті таңдап аламыз да, алғашқы элементпен орнын алмастырамыз. Бұл әрекет п-ші элементті кіші элементпен алмастыру процесіне дейін тізбектей жүргізіледі.
1-мысал. Баскетболшылардың екі командасы кездесті. Ойыншылардың ішіндегі қайсысының бойы ұзын екендігін анықтау программасын жаз.
PROGRAM MAX ( ІNPUT,OUTPUT );
CONST N=10 ;
TYPE MASSІV=ARRAY [1..N] OF ІNTEGER;
VAR
SPORTSMEN : MASSІV;
MAX : ІNTEGER ;
І :ІNTEGER ;
BEGІN
{* ойыншылардың бойының ұзындығын енгізу*}
WRІTELN (‘ойыншылардың бойының ұзындығын көрсет : ’) ;
FOR І : = TO N DO
READ ( SPORTSMEN [ І] );
{ * Қайсысының бойы ұзын екенін анықтау *}
MAX : = SPORTSMEN [1];
FOR І : = 2 TO N DO
ІF SPORTSMEN [1] > MAX THEN MAX : = SPORTSMEN[1];
WRІTELN ;
WRІTE( ‘ ең ұзын бойлы ойыншы = ‘ , MAX : 4 )
END.
ойыншылардың бойының ұзындығын көрсет :
190 185 202 216 195 182 204 175 200 188
ең ұзын бойлы ойыншы = 216