Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uyym_ekonomikasy1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
60.51 Кб
Скачать

2. Кәсіпорындағы кесімді еңбекақы төлеу жүйесі

Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек мөлшері жұмыскердің өндірген өнімі (атқарған жұмыс көлемі) болып табылады, еңбекақы келісілген бағамдау бойынша өндірілген өнімнің көлемі мен сапасына тікелей тэуелді болады.

Тура кесімді жүйе бойынша еңбекақы төлеуді дүрыс қолданудың негізгі шарттары келесілер:

1. Жүмыскердің өндіріске қосқан еңбек үлесінің молшері мен сапасын мүмкіндігінше дэл есептеуді қамтамасыз ететін техникалық негізделген өндіру мен уақыт мөлшерлерінің бо- луы жэне олардың дұрыс қолданылуы.

2. Тарифтік-мамандық анықтамаларына сәйкес жұмыс- тың дұрыс тарифтелуі.

3. Нақты атқарылған жұмысқа қосып жазуға жол бермей- тін жұмыс көлемін дэл есептеу жүйесі.

4. Ақаулы өнім үшін төлем жүргізуге жол бермеу мақ- сатында орындалатын жұмыстардың сапасын қатаң қада- ғалау.

5. Мүмкіндігінше бос тұрулар мен өндірістен тыс шығын- дарды болдырмау, бүкіл жұмыс ауысымы ішінде толық жұмыспен жүктелуін қамтамасыз ету.

Кесімді еңбекақы төлеуде жүмыскердің еңбекақысы ке- лесі формула бойынша анықталады:

ЕА = Қ хӨ,

кеа ч>к​7

мұнда: ЕАкеа- жұмыскердің кесімді еңбекақысы (теңге);

Қ^к— өнім бірлігінің кесімді бағамы (теңге);

Ө - шығарылған онім көлемі.

Өнім бірлігінің кесімді бағамы мына түрде анықталады: Қ, = Т хМ немесе Қ, = Т : М ,

Ч)К​ТМ​у​ч>к​ТМ​ө’

мүнда: Ттм - уақыт бірлігіне сәйкес разрядты тарифтік мөлшері (теңге/сағат, теңге/дана);

Му - уақыт мөлшері (сағат);

Мө - өндіру мөлшері (дана, т, кг).

Кесімді еңбекақы нысанына келесі жүйелер кіреді: тіке- лей кесімді, жанама кесімді, кесімді-үдемелі, аккордты-ке- сімді және кесімді-сыйақылы.

Еңбекақы жеке немесе топтық көрсеткіштер бойынша есептелуіне байланысты әрбір жүйе де жеке немесе бригада- лық болуы мүмкін. Кесімді-сыйақылы жүйеде еңбекақы ке- лесі түрде есептеледі:

ЕАет = Қ. х Ө.х (1 + (р + К х п): 100,

мүнда: ЕА^ - жұмыскердің еңбекақысы;

Қ; - і-ші өнім түрінің күны;

Ө; - і-ші түрлі өңделген өнім саны, табиғи бірлікпен;

К - сыйақы шарттары мен көрсеткіштің эрбір пайызын асыра орындағаны үшін берілетін сыйақы мөлшері (%);

р -тарифтік мөлшерге сыйақының пайыздық

қатынастағы мөлшері;

п - сыйақы көрсеткіштерін асыра орындау пайызы.

Берілген еңбекақы төлеу жүйесінде жұмыскердің еңбекақысы нақты өндірілген өнім көлеміне кесімді не- гізгі (тікелей) бағамға сәйкес есептелген еңбекақысы мен өндірістік тапсырманы немесе сапалық көрсеткіштерін асы- ра орындағаны үшін қосымша сыйақыдан қүралады. Өндіріс ерекшеліктері мен орындалатын тапсырманың сипатына қа- рай жеке сыйақы молшері мен көрсеткіштері анықталады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыскерге сыйақы белгілеу шарттарының ішінде кеңінен қолданылатыны ке- лесілер:

- өнім шығару ?%іен еңбек онімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларды орындау жэне асыра орындау;

- техникалық пегізделген өндіріс мөлшерлері бойынша жұмыс жасау;

- өнімді дайындау күрделілігін кеңейту;

- ақаулықты төмендету;

өнімді бірінші ұсыныспен тапсыру.

9-билет

1. Шығындардың жалпы және салыстырмалы тиімділігі

Жалпы да, салыстырмалы да тиімділік салыстырмалы шаманы - нэтиженің, оны болдырған шығындарға қатынасын білдіреді. Жалпы тиімділік күрделі салымдар мен жаңа техниканың әрбір нысанасы бойынша жеке есептелуі мүмкін. Ол шығындарды жүмсаудың нәти- жесінде алынатын қайтарымның (нэтиженің) жалпы шамасын сипаттайды. Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік немесе шаруашылық міндетті шешудің екі немесе одан көп нүсқаларынан біреуін таңдау барысында есептелінеді. Ол бірінші нүсқаның екіншісімен салыстырғандағы экономика- лық артықшылықтарын сипаттайды.

Жалпы тиімділік жағынан есептеуде шаруашылықты жос- парлау үдерісі бойынша бөлінген жоспарлы күрделі салым- дарды жүмсау арқасында алынатын нәтижені сипаттау үшін, сонымен қатар жүмсалған шығындардың нақгы экономикалық тиімділігін бағалау үшін жасаған дүрыс болып табылады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділігін есептеуде жо- баларды жоспарлау жэне жобалау кезеңдерінде, оларды іске асыруға болатын нүсқаларын салыстыру кезінде жасалына- ды. Нүсқа таңдап алынғаннан кейін, оның жалпы тиімділігін анықтауға болады. Жалпы тиімділіктің шамасы салыстыр- малы тиімділікті есептеу кезінде таңдап алынған нүсқаның пайдалылығына байланысты.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық тәжірибесінде эко- номикалық тиімділіктің айқындалуының эр түрлі нысанда- ры кездеседі. Еңбек үдерісінің сипатына байланысты өндіріс тиімділігі техника-экономикалық жэне әлеуметтік-экономика- лық тиімділік түрінде болуы мүмкін. Тиімділіктің техникалық жэне экономикалық қырлары өндірістің негізгі факторлары- ның дамуын жэне оларды пайдаланудың нәтижелілігін си- паттайды. Әлеуметтік тиімділік нақты әлеуметтік міндеттер- ді (мысалы, еңбек жағдайларын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, өмір сапасын жақсарту жэне т.б.) шешеді. Әдетте элеуметтік нэтижелер экономикалық нәтижелермен тығыз бай- ланысты болады, себебі материалдық өндірістің дамуы қандай да бір серпілістіктің негізін қүрайды. Пайдалану салаларына қатысты тиімділіктің жергілікті жэне жеке сияқты түрлеріне бөледі. Жергілікті тиімділік халық шаруашылығының жеке бөлімдері бойынша (кәсіпорын, өнеркэсіптік кешен, сала, аймақ) анықталады. Жеке тиімділік өндіріс үдерісінде шы- ғындар мен ресурстардың жеке түрлерін (еңбек күшінің, негізгі жэне айналмалы қорлардың, табиғи ресурстардың және т.б.) пайдаланудың нәтижелілігін көрсетеді. Анықтау нысандары бойынша тиімділіктің келесі түрлері бөлінеді: қызмет істеп жатқан өндірістің тиімділігі; техникалық қайта қаруланудың, қайта қүрудың, кеңейтудің жэне жаңа қүрылыстың тиімділігі; күрделі салымдар мен жаңа техниканың тиімділігі; сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тиімділігі; қоршаған ортаны қор- ғаудың тиімділігі жэне т.б. Теориялық көзқарастан тиімділіктің барлық осы түрлері өндіріске жүмсалған бір мезгілді салым- дар ретінде қарастырылады жэне оларды өлшеу әрекеттегі өндірістің экономикалық тиімділігін анықтаудың ережелеріне негізделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]