Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uyym_ekonomikasy1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
31.01.2020
Размер:
60.51 Кб
Скачать

2. Инвестициялардың түрлері мен жіктелуі.

Инвестициялар – инвесторлардың өзіндік мақсаттарына қол жеткізу үшін түрлі объектілерге (құралдарға) түрлі формада қандай да бір мерзімге мақсатты түрде салынған капитал.

Инвестициялар түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

Капитал салу объектілеріне байланысты нақты және қаржылық инвестициялар ажыратылады. Нақты инвестиция экономикалық субъектілердің қызметін жүзеге асырумен, олардың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешумен байланысты материалдық және материалдық емес активтерге салынған қаражаттар.

Өз кезегінде нақты инвестициялар материалдық (заттай) және материалдық емес (потенциалды) активтерге бағытталған инвестицияларға бөлінеді.

Қаржылық инвестиция – қаржылық құралдарға, көп жағдайда үлестік және қарыздық құнды қағаздарға инвестицияланған қаражат.

Қаржылық инвестициялар спекулятивті сипатқа ие болуы не ұзақ мерзімдік салым жасауға бағытталуы мүмкін.

Инвестордың инвестициялау үдерісіне қатысуына байланысты тікелей және жанама инвестициялар ажыратылады. Тікелей инвестиция – инвестициялау объектісіне кез келген формада (нақты мүліктік инвестиция, жарғылық капиталға қаражат салу) инвестордың тікелей қатысуымен салынған капитал. Тікелей инвестиция капитал салынған объектідегі инвестордың меншік құқығын, үлесін көрсетеді. Жанама инвестиция инвестициялау объектісіне институционалдық инвесторлар арқылы, мысалы, зейнетақы қорлары, инвестициялық пайлық қорлар арқылы салынған капитал.

Экономикалық әдебиет беттерінде инвестицияларды инвестициялау мақсатына байланысты да тікелей және портфельдік инвестицияларға ажырату жиі кездеседі. Тікелей инвестиция кәсіпорынның жарғылық капиталына тікелей салынған, сол субъектіні басқаруға белсенді түрде қатысуға мүмкіндік беретін инвестициялар. ҚР Заңнамасы бойынша тікелей (ірі) инвестор болып инвестицияланған кәсіпорынның дауыс беруші акцияларының 10%–дан кем емес бөлігін иемденген инвестор саналады. Еуропалық Одақ елдерінде бұл талаптың шамасы 20-25% аралығында ауытқиды. Портфельдік инвестициялар инвестор капиталын диверсификациялау мақсатымен түрлі инвестиция объектілеріне, негізінен қаржылық құралдарға салынған капитал. Ол кәсіпорынды басқару үдерісіне белсенді қатысуға мүмкіндік бермейді. Оның мақсаты – активтердің ұтымды үйлесімін қамтамасыз ету арқылы тәуекел деңгейін төмендету мен табыстылықты жоғарылату.

Инвестиция салу объектісіне байланысты инвестициялар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі инвестиция – өз кәсіпорнының материалдық және материалдық емес сипаттағы активтеріне бағытталған салымдар, ал сыртқы инвестиция – басқа кәсіпорындардың нақты активтеріне не басқа эмитенттердің қаржылық құралдарына бағытталған капитал.

Ұдайы өндіріс үдерісіне қатысуына байланысты инвестициялар белсенді (активті) және пассивті инвестициялар болып бөлінеді. Өндірісті кеңейтуге, жаңа өндіріс орнын ашуға, жаңа технология мен техникаға жұмсалған капитал – белсенді инвестиция, ал өндірістің бұрынғы күйін сақтап тұруға жұмсалған капитал – пассивті инвестиция.

Инвестициялау мерзімі бойынша қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-3 жыл) және ұзақ мерзімді (3 жылдан артық) инвестициялар ажыратылады.

Инвестицияланатын қаражаттың меншік формасына байланысты жеке, мемлекеттік, шетелдік және аралас инвестициялар ажыратылады.

14-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]