Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_Ekonomicheskaya_chast.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
59.41 Кб
Скачать

4.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамалары

2004 жылдың 24 ақпаннан ҚР қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы ҚР заңында қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы келесі негізгі түсініктер енгізілді:

Зиянды өндірістік фактор – қызметкерлердің сырқаттануын немесе еңбек ету қабілетінің төмендеуін тудыратын әсері бар өндірістік фактор;

қауіпті (аса қауіпті) еңбек ету жағдайлары – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкерлердің сырқаттануына немесе еңбек ету қабілетінің төмендеуіне алып келетін еңбек ету жағдайы;

еңбек гигенасы – қызметкерлердің денсаулығын сақтауға, өндіріс ортасы мен еңбек ету процесінің қолайсыз әсерін алдын алуға арналған санитарлы-гигиеналық шаралар мен құралдар комплексі;

қауіпсіздік және еңбек қорғау мониторингі – өндірісте қауіпсіздік және еңбек қорғаудың күйін бақылап отыратын жүйе, сонымен қатар республикадағы қауіпсіздік және еңбек қорғауға баға беру мен оның күйін болжау;

зиянды өндірістік фактор – қызметкердің уақытша немесе тұрақты еңбек ету қабілетінен айырылуға (еңбек жарақатына немесе кәсіби сырқатқа) немесе өлімге алып келетін әсері бар өндірістік фактор;

зиянды (аса зиянды) еңбек ету жағдайлары – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері еңбек қорғау ережелерін сақтамағандықтан қызметкердің денсаулығының нашарлауына, жарақатқа немесе оның өліміне алып келетін еңбек ету жағдайы;

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың топтары:

Физикалық:

- Жұмыс аймақтарындағы тозаңдылық, газдылық

- Шулау деңгейінің жоғарылығы

- Желі кернеуінің жоғары деңгейлігі

- Жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтығы

Химимялық:- Қоздыратын заттар

Биологиялық: - макро және микроағза

Психофизиологиялық:- Физикалық шамадан тыс жүктеу

- Жүйкелік-эмоциялық жүктеу ( зерделі шамадан тыс тырысу, жалығу, жұмыстың бірқалыптығы, эмоциялық жүктеулер)

ПЭВМ жұмыс кезінде келесі қауіпті және зиянды факторлар ықпал етуі мүмкін:

- электромагнитті сәулелену деңгейінің жоғары болуы;

- ультракөгілдір сәулелену деңгейінің жоғары болуы;

- инфрақызыл сәулелену деңгейінің жоғары болуы;

- статикалық электр қуаты деңгейінің жоғары болуы;

- жұмыс аймағының ауасындағы оң аэроиондарды қамтуының жоғары болуы;

- шулау деңгейінің жоғары болуы;

- тура шағылудың жоғарғы деңгейі;

- көз жетер жерде жарықтың біртекті емес бөлінуі;

- көздің қысымы;

- зейіннің қысымы;

- эмоциялық жүктеулер;

- ұзақ статикалық жүктеулер;

- еңбектің біртектілігі;

- мәліметтердің көп көлемі;

- жұмыс аймағы ауасының құрамында микроағзалардың, көміртектің қос тотығуының, озонның, аммиактың, фенолдың, формальдегидтің және поливинилхлоридті бифенилдердің көп мөлшері;

- жұмыс аймағы ауасының құрамында теріс аэроиндардың аз мөлшерде болуы;

- зейіннің қысымы;

-интеллектуалды жүктеулер.

Қазіргі уақытта елімізде орнатылған қорғаудың ұйымдастырылған шаралары мен техникалық құралдар комплексі және ПЭВМ жинақталған озық жұмыс жасау тәжірбиесі арқылы қызметкерлерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды болдырмауда үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.

ЭЕМ операторлары, деректер дайындау операторлары шулау деңгейінің жоғарылығы, сыртқы ортаның температурасы жоғарылығы, жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтығы, электрлік ток, статикалық электрлік және т.б.физикалық қауіпті және зиянды факторлар әсерлерімен әлі де кездесіп тұрады. Сонымен қатар, оларға зейіндік көп күш жұмсау,көру және есту анализаторларының, еңбектің бірқалыптығы, эмоциялық жүктеулер сияқты психофизикалық факторлар әсер етеді. Аталған жағымсыз факторлар әсері дамыған шаршағандық салдарынан пайда болған жұмысқа қабілеттеліктің төмендеуіне алып келеді. Мысалы, қатты шулау түстік сигналдарды ажыратуда қиындықтар тудырады, түстерді қабылдау жылдамдығын, көру өткірлігін, көрудің бейімделуін төмендетеді, визуалды мәліметтерді қабылдау жылдамдығын төмендетеді, еңбек өнімділігін 5-12% азайтады. Дыбыстық қысым деңгейі 90дБ болатын шулаудың ұзақ әсері еңбек өнімділігін 30-60 % төмендетеді.

Адамның әртүрлі жағымсыз факторлардың құрамдастырылған әсері бар аймақта ұзақ мерзімде болуы кәсіптік сырқатты тудыруы мүмкін.

Зиянды заттар адам ағзасына тыныс алу жолдарымен, терісі және тамақ арқылы енуі мүмкін. Бұл заттардың көбісі адам ағзасына уланғыш әсер беретіндіктен, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қатарына жатқызылады. Олардың әсері нәтижелерінен адамда қауіптігі әсер ұзақтығына, концентрациясына, заттектің түріне тәуелді болатын, улану - сырқаттану жағдайына алып келеді. ПЭВМ ғимаратының және контроллерлердің өндіріс орындарынан салыстырмалы алыс орналасуы арқасында, бөлмелерде тұрмыстық шаңнан басқа әртүрлі уланған және уланбаған газдардың қоспалары болмайды.

4.3 Микроклиматтық жағдайлар және вентиляция

Микроклимат – жабық бөлмелерде жағымсыз сыртқы әсерлерден қорғау мақсатында, жасанды түрде құрылған климаттық жағдайлар.

Температура. Операторлық бөлмелерде санитарлы нормалар бойынша температура сәйкес қысқы және жазғы уақытта плюс 15°С-тан төмен және 23°С-тан жоғары болмауы керек.

Көпшілік адамдарға ыңғайлы жағдайлар 21°С температурасымен және 30 % - 70 % ылғалдықпен анықталады.

Ылғалдылық. Ауа ылғалдылығы ағзаның жылу реттеуіне ықпал етеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының оптималды мәні 40-60 % аралығында және желдету жүйелері мен вентиляция әдістері арқылы алынады.

Вентиляция. Ауа қозғалысы ағзаның жылу реттеуіне маңызды болып келеді.Ауа қозғалысы кезінде температура өзгерісі болмаса да, конвекция жолымен адам терісі бетінен жылуберілісінің кенет жоғарылауы тері температурасын төмендетіп, оператордың жұмыс істеу қабілетін арттырады. Операторлық бөлмелерге ұсынылған ауа қозғалысы жалдамдығы 0,25-0,5 м/с.

Операторлық бөлмелердегі микроклиматтық параметрлері:

– температура tқ=20°С, tж=28°С;

– ылғалдылық қ=50 % ж=60 %;

– ауа жылдамдығы V=0-0,1 м/с, мұндағы қ және ж индекстері қысқы және жазғы өлшемдер мәнін көрсетеді.

Бөлмеде аралас вентиляция (табиғи және механикалық), сонымен қатар салқындату жүйелері болуы керек. Табиғи вентиляция кезінде ауа алмасу бөлме ішіндегі және сыртындағы ауа температуралары арасындағы айырмашылық арқасында және жел қозғалысы нәтижесінен іске асады. Бөлме ішіндегі және сыртындағы ауа температуралары арасындағы айырмашылық және тығыздықтар айырмашылықтары бөлме ішіне суық ауаның енуі мен жылы ауаның ығыстырылуын тудырады. Жел қозғалысы арқасында ғимараттың ық жағында ішінен жылы немесе лас ауаны соруды іске асыратын қысымның төмендеуі орын алады; ғимараттың жел жағында артық қысым пайда болады және сорылған ауа орнына ішке таза ауа кіреді. Вентиляциялық сорылу құрылғылардың жұмысы үлкен дәрежеде оларды желдетуге тәуелді.

Табиғи вентиляция ұйымдасқан және ұйымдаспаған болуы мүмкін.

Ұйымдаспаған вентиляция кезінде ауаның кіруі және кетуі тығыз емес орналасу мен сыртқы қоршаулардың қуыстары арқылы, терезелер, желкөздер, арнайы ойықтар (желдету) арқылы іске асады. Ұйымдасқан вентиляция аэрация мен дефлекторлар арқылы орындалады.

Механикалық вентиляция жүйелерінде ауа қозғалысы вентиляторлармен іске асады.

Желдеткіштер белгілі бір қысымды тудыратын және 12 кПА аспайтын вентиляциялық желілерде қысым жоғалту кезінде ауа алмасуын жасайтын ауа үрлегіш машиналар. Желдеткіш түрі мен нөмірін таңдау кезінде желдеткіш жоғарырақ ПӘК, салыстырмалы үлкен емес айналу жылдамдығының болуы керектігін, сонымен қатар доңғалағының айналу жиілігі электроқозғалтқышпен бір валда байланыс жасауға мүмкіндік беруі қажет екенін негізге алу керек.

Ауаны тазарту (кондиционирование) – адамдарға немесе технологиялық процестің қалыпты өтуі үшін қолайлы болатын сыртқы жағдайларға тәуелсіз, белгілі бір бағдарлама арқылы өзгеріп отыратын температура, ылғалдылық,тазалық және ауа алмасу жылдамдығын құру және автоматты реттеу. Сондықтан ауаны тазарту вентиляция арқылы құрылмайтын қолайлы санитарлы-гигиеналық жағдайлар жасауға немесе технологиялық процестің құрама бөлігі ретінде қолданылады.

Ауаны тазарту жүйелері жыл бойы немесе жазғы уақытта жұмыс жасай алады, соңғы жағдайында салқындату-кептіргіш функциясын атқарады.

Ауа тазартқыш - автоматты реттеу құрылғылары көмегімен ғимартта ауа ортасының белгіленген параметрлерін ұстап тұратын вентиляционды қондырғы.

Ауаны тазарту – вентиляцияға қарағанада бір уақытылы және пайдалынылмалы шығындарды көбірек талап етеді, бірақ бұл шығындар еңбектің тез өнімділігі мен сырқаттанудың төмендеуі есебінен өтелінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]