Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_Ekonomicheskaya_chast.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
59.41 Кб
Скачать

3. Экономикалық бөлім

Отандық МИС енгізу бағасы АҚШ-тан орта есеппен 10 есе аз, және де бұл көрсеткіш тербеліп тұрады. Негізінен, екі төлеу формалары болады: бір жұмыс орнына немесе бір бағдарламалық модульге. МИС жеке фрагментін ғана енгізе алатын кішірек ЛПУ немесе клиникалар үшін жұмыс орны санына қатысты төлем қалау бойынша болып табылады және жүйеге бастапқы шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Әр-түрлі жеңілдік схемаларын жасаушылардың 45% ұсынады, көбінесе таралған нұсқа – жеткізілім көлемі үшін. МИС жеткізушілерінің 35 % ашық баға саясатын ұстанады, соның ішінде 43% өз жүйелерінің құны туралы мәліметтерді сайтта көрсетеді және 44% енгізу санына қатысты бірінші ондыққа кіреді. ЛПУ жетекшісі енгізуге қандай да коммерциялық немесе коммерциялық емес мәліметтер жүйесін таңдаса да оған жиынтық бағасы бірнеше бөліктен тұратынын нақты білуі керек. Бұл аппарыттық бөліктің бағасы, мәліметтер жүйесінің өзінің, оның инсталляциясы және қолданушыларды оқыту, жалпыжүйелік БҚ, жұмыс станциялары мен серверлеріне операционды жүйелерге лицензия, текстті редактор немесе электронды кестелер, серверге қосылу немесе деректер базалары серверлерін қолдану бағалары болып табылады.

Бүл кезде ақпараттық жүйені алуға кететін шығындар барлық материалдық қаржы салуының ең басты бөлігін құрмайтын да жағдайлар болуы мүмкін.

3.1 Жобаланатын спс экономикалық эффективтілігін есептеу

Басқаруды автоматтандыру облысындағы шетел мамандары бағалауы бойынша, ақпараттық технологиялар бағытында жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар жағдайында қызмет ететін жұмыскерлердің атқарған жұмыстарын автоматтандыру конторлық қызметтің жалпы шығындарын 25% азайтады. Алайда, қызметшілердің жұмысын автоматтандыруының негізгі мақсаты әкімшілік шешімдердің сапасын жоғарылату (алынған мәліметтердің сапасын) болып табылады.

СКС-та компьютерлерді қолданудан пайда болатын экономикалық эффективтіліктің басты көзі болып табылады:

● ақпараттар бірлігін өңдеуге кететін шығындарын азайту;

● есептеулердің дәлділігін жоғарылату;

● есептік және басылым жұмыстарын орындаудың жылдамдығын арттыру;

●бөлек деректерді автоматты жинау, есте сақтау және жинақтау қабілеті;

●деректер базасын жүйелік басқару;

●сақталынатын мәліметтер мен мәліметтер сақтау бағасын азайту;

● құжаттарды жүргізудің стандартталуы;

● қажетті деректі іздеуге кеткен уақытты көп мөлшерде азайту;

●деректер қорына рұқсат алуды жақсарту;

● деректер базасына үндеу кезінде есептеу желілерін қолдану мүмкіндігі

ЛВС эффективтілігінің анализі кезінде оларды қолдануының соңғы әсері сатып алу шығындарын өтеу, жөндеу және құралдарды пайдаланумен байланысты ғана емес, бірінші ретте қабылданған шешімдер сапасының қосымшалық жақсаруымен байланысты.

Ақпараттық процесстерді экономикалық эффективтілігі техникалық құралдардың шығындары мен жұмыстарының нәтижелерімен қоса жұмыскерлердің қызмет ақысы арасындағы қатынаспен анықталады. Ақпараттық эффектісінің негізгі құраушылары анықтауға бірнеше тәсілдер реті белгілі. Бұл анықтамаларды негізіне ақпараттық өнімдер түсініктері (мәліметтердың бірнеше түрлері), ақпараттық әсер, шығындарды тоқтату шамалары, ақпараттандырудың қоғамдық қажетті деңгейі және т.б. жатады.

Өңдеуге кететін, жинақтаушыларды сатып алу мен ЛВС жөндеуге шығындар бірдей сипатта болады және әсерді есептеуде қосымша капиталды шығындармен бірге есепке алынады.

Есептеуде ЛВС ендіру моделінің келесі түрі болуы мүмкін – жобаны енгізер алдында автоматтандырылған функциялар бағдарламалаушымен өз қолымен (бұл жағдайда әсер еңбек өнімділігінің жоғарылауымен, бағдарламалаушылар санының азаюымен, бағдарламалаушыларды орналастыруға арналған бөлмелерді жалдауға кететін шығындардың азаюымен іске асырылады; техникалық құралдар комплектін алуға қажетті барлық шығындарды жасау қажет)

Медициналық орталықтар деректрі негізінде МИС өзіндік құны мен өзін өзі өтеушілікті есептеудің нақты мысалын қарастырайық.

Пайдалар түрлері 3.1 кестеде көрсетілген. Сонымен қатар, төлеу құжаттарымен жұмыстары компьютеризациясынан алынған администрацияның пайдасы есепке алынды: аурухананың шығарған есепшотының соммасының 2% өсуі және есепшотты шығарғандағы жасалған қателердің 78% төмендеуі. Соңғы жағдайда, қарсы уәкілдер(сақтандыру компаниялары) наразылықтарын көрсететін есепшоттар негізге алынды. Пайданың әрбір түріне қатысты алнған үнемдеу соммасы 3.2 кестесінде көрсетілген.

Сонымен,ақпараттық жүйені енгізгеннен кейінгі медициналық орталықтың шығындарын үнемдеу соммасы жылына 34,48 млн. тг. құрайды. Есептеулер 10 % тең дисконттау нормасымен жасалынды. МИС құруға негізгі шығындар бастапқы 4 жылда жасалуы болжанған,келесі жылдарда МИС жұмыс жасауын қолдауына қажетті шығындар есепке алынады.

Есептеу нәтижелері 3.3 кестесінде көрсетілген.

Көрсетілгендей, таза дисконтталған пайда оң таңбаға ие, яғни берілген емдеу мекемесінде МИС ендіру жобасы тиімді. Пайда алу индексі бірден көп,бұл көрсеткіш те жобаның тиімділігін көрсетеді. Пайда алудың ішкі нормасы 19% инвесторларды қанағаттандырады. Жоба ақпараттық жүйені қолданысқа енгізгеннен кейін үш жылдан кейін сатылынып алынады.

Кесте 3.1

МИС енгізуден алынған пайданы есептеуге арналған мәліметтер

Пайда түрлері

Үнемдеу бағалары, %

Қажетті мәліметтің сипаттамалары

1

Медбикелердің құжаттармен жұмыс жасау уақытын үнемдеу

11

Бөлім бойынша медбикелердің бір жылғы жалақысы

2

Дәрілік препараттар шығындарына үнемдеу

15

Бір жылда қолданылған дәрілер бағасы

3

Лабораториялық зерттеулерге үнемдеу

11,8

Зертханалардың жылдық жиынтық шығындары

4

Радиологиялық зерттеулерге үнемдеу

14

Радиологиялық зерттеулер жүргізетін бөлімшелердің жылдық жиынтық шығындары

5

Ауруханада жату мерзімінің азаюынан алынған пайда

15

Төсек-күн санына көбейтілген бір төсек-күн бағасы барлық емделушілерге қатысты жылдық соммасында

6

Төлем құжаттарымен жұмысқа кететін шығындарға үнемдеу

63

Пациенттердің емделуіне қатысты төлем құжаттарымен жұмыс жасайтын қызметшілердің жалақысы

Кесте 3.2

МИС енгізуден алынған медициналық орталықтарға қатысты жиынтық үнемдеу

Пайда түрлері

Үнемдеу мөлшері. млн. тг. жылына

1

Медбикелердің құжаттармен жұмыс жасау уақытын үнемдеу

9,9

2

Дәрілік препараттар шығындарына үнемдеу

7,95

3

Лабораториялық зерттеулерге үнемдеу

3,5

4

Радиологиялық зерттеулерге үнемділік

7,84

5

Ауруханада жату мерзімінің азаюынан алынған пайда

Есепке алынбаған

6

Есепшот соммасының өсуі

5,0

7

Есепшотты шығару кезіндегі қателерді азайту

0,39

Барлығы

34,48

Сонымен, барлық көрсеткіштер қарастырылып отырған стационарлық типтегі емдік мекемеде МИС енгізудің экономикалық тиімділігін көрсетіп тұр.

Қарастыруға алынған пайдалар медициналық мекемелердегі емделушілер санына тікелей байланысты болғанымен қоса, МИС енгізу мен қолдауға шығындары үлкен және орташа стационарларда аз айырмашылығы бар болатын маңызды тұрақты құраушысы болуы түрінде білінетін көлем факторы тиімділігін бағалауға көп ықпал ететін, есептеулердің ірі медициналық орталықтарға мысалында жасалғанын ескеру керек.

Кесте 3.3

МИС енгізудің экономикалық тиімділігін есептеудің нәтижелері

Коэффициент атауы

Тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

Таза дисконтталған кіріс, млн. тг..

51,1

Дисконтталу ескерілген өтімділік уақыты, жыл

7

Кірістің ішкі нормасы, %

19

Дисконтталудың кіріс индексі

1,59

Осыдан, ірі медициналық орталықтарында МИС енгізу жобалары көлемдері кішірек емдік мекемелерінде енгізуден тиімдірек болып келеді. Көлем факторының әсері медицинадағы ақпараттық жүйелердің экстенсионалды дамуы арқылы жеңіп отырылады.

4 Еңбек және қауіпсіздік қорғауы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]