
- •Валюталық операциялар
- •151. Валюталық курс. Валюталық курсқа әсер етуші факторлар. Валюталық курс режимдері.
- •152. Валюталық нарық және оның түрлері.
- •153. «Спот» жағдайындағы шетелдік валюта саудасы.
- •154. Жедел валюталық мәмілелер. "Аутрайт" курсы.
- •155. Своп шетелдік валютамен мәмілесі.
- •156. Валюталық арбитраж.
155. Своп шетелдік валютамен мәмілесі.
СВОП мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
Своп (ағыл. swap – айырбас) – белгілі бір мерзім өткеннен кейін қайта ауырбастау міндеттемесін ала отырып, ұлттық валютаны шетел валютасына айырбастау операциясы.
Мемлекеттердің алтынмен төлеген жарнасы қайта жаңартылатын үш айлық «своп» келісімімен рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды ЭКЮ-ге сатып, үш айдан кейін оны кері сатып алу үшін қарсы келісім жүргізумен үйлестіріледі.
Фовардтық мәмілелер:
а) «аутрайт»-форвардттар
б) валюталық своптар
Своп – болашақтағы ақша ағымдарын айырбастау туралы келісім. Своптардың көп түрі бар. Инвестициялық талдауда пайыздық своптар және акцияларға своптар қарастырылады.
Пайыздық своптар. Мысалы, А компаниясы тіркелген табысы бар облигацияларға ие, ал Б компаниясы қалқымалы табысы бар облигацияларға ие. А компаниясы пайыздық ставкалардың өсімін болжайды, Б компаниясы, керісінше, олардың төмендеуін болжайды. Бұл бірінші компания (өз болжауында) төмен табыс алады дегенді білдіреді. Екінші компания да табыстардың төмендеуін болжайды. Осылай, олардың әрқайсысы өз облигацияларын сатып, басқаларын сатып алуды қалайды. Активтерді стау-сатып алу жоғары трансакциялық шығындармен қатар жүреді. Оның орнына болашақ пайыздық төлемдерді айырбастау арзан болады. Осындай айырбастау сәйкес келісім-шартты қамтамасыз ететін банк арқылы жүргізіледі.
Пайыздық своптың бір вариантын қарастырайық. Тіркелген ставка 6,4%-ға тең, ал пайыздар жарты жылда төленеді және своп келісім-шарты екі жылға жасалған деп алайық. Облигацияның номиналы – 200 мың теңге. Қалқымалы ставка ретінде ЛИБОР ставкасын қарастырайық.
156. Валюталық арбитраж.
Арбитраж дегеніміз бағалардың айырмасында тәуекелсіз табыс алу мүмкіндігі
Берілген жағдайда акцияға опцион коллды жаздырып алуға болады және алынған ақшаның бөлігіне нарықта акцияны сатып алуға болады. Қалған бөлік арбитражердің таза табысын құрайды.
Фъючерстік нарықтағы алыпсатарларды тегінде үш типке бөледі:
арбитраж, спот нарығы мен фъючерстер араларындағы бағалар тепе-теңдігінің бір сәтке өзгеруінен пайда табуды көздеу. Мұның өзі көп тәуекелділкті қажетсінбейтінжағдай;
спердтар саудасы: әртүрлі фъючерстік мәмілелердің баға айырмашылығынан түсетін пайда;
Ашық позициялар: пайыздық қойылымдардың немесе валюта бағамдарының абсолютті өзгеруінен пайда табу мақсатында фъючерстік мәмілелерді сату немесе сатып алу.