- •Валюталық операциялар
- •151. Валюталық курс. Валюталық курсқа әсер етуші факторлар. Валюталық курс режимдері.
- •152. Валюталық нарық және оның түрлері.
- •153. «Спот» жағдайындағы шетелдік валюта саудасы.
- •154. Жедел валюталық мәмілелер. "Аутрайт" курсы.
- •155. Своп шетелдік валютамен мәмілесі.
- •156. Валюталық арбитраж.
152. Валюталық нарық және оның түрлері.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн валюталвқ түсiм алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме компанияларынан алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргiзуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.
Валюталық нарық қаржы нарығының құрамдас бөлiгi болып табылады.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктер функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айрысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететiн валюталық операциялардың жиынтығын бiлдiредi.
Институционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық – Үкiметтiң, банктердiң, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлiк конторалардың және шетелдiк банктердiң жиынтығы.
Ұйымдастырылу – техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктердi халықаралық есеп айырысу барысында өзара байланыстыратын басқа да коммуникациялық жүйелер жиынтығын бiлдiредi.
Валюталық нарық- бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық болып табылады.
Яғни, валюталық нарықтар - сұраныс пен ұсыныс негiзiнде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргiзiлетiн ресми орталықты сипаттайды.
Валюталық нарықтар есептіліктің өзіңдік ерекшілігі - барлық елдерге тән төлем қаражатының болмауында. Сондықтан сырқы сауда, қызметтердің, инвестициялармен есептеуде мемлекетаралық төлем ретіңде. Бір валютаның басқа валютаға сату және сатып алу түрінде айырбастау.
Валюталық нарықтар көптеген сипаттамалары бойынша жіктеуге болады:
Таралу сомасы бойынша
Валюталық шектеулерге қатынасы бойынша
Валюталық курстын түрі бойынша
Ұйымдастырылу дәрежесі бойынша
Операция түрі бойынша
Валюталық нарықтар белгiлерiне қарай келесiдей түрде жiктеледi:
Орналасу аумағына қарай: халық аралық; iшкi; аумақтық;
Валюталық шектеуге қатысты: еркiн нарық; еркiн емес.
Қолданылу түрiне қарай: бiр ғана режимдi; қос режимдi.
Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты –еркiн емес нарық деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркiн валюталық нарық деп атауға болады.
Кәзіргі валюталық нарықтар валюталық операциялардың көлемi, сипатына және пайдаланатын түріне қарай байланысты үшке бөлiнедi.
халықаралық;
аумақтық;
ұлттық (жергiлiктi, ішкі)
Аумақтық (территориялық) сипаты бойынша келесідеей ірі рыноктарды бөліп көрсетуге болады: Европалық, Солт. Американдық, алыс шығыс.
Халықаралық валюталық нарық - бұл кабелдік және спутниктік байланыс жүйесімен тығыз байланысты әлемді аймақтық валюталық нарықтың тізбегі. Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк қаржы орталықтарында орналасқан. Оның iшiнде, Хондайдағы, Нью-Йорктегi, Франкфуртна-Майнедегi, Париждегi, Цюрихтегi, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонконгтағы iрi валюталық нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгiлi бiр еркiн алмастырылады, мысалы: Сингапур –доллары, Сауд-риалы, Кувейт –динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттерiне валюталық қызметiн түсiндiредi.
Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық нарықтартар бірнеше елдердің ұлттық нарықтарының біругуінен түрады, мысалы Европа Одағының валюта нарықтары. Аймақтық валюталық нарық- бұл халықаралық және ұлттық нарықтардың ішінде қызмет жасайды. М: АҚШ-та Чикаголық валюталық фьючерстік нарық қызмет жасайды. Ал Нью-йорк әлемдік айырбас (конверсиондық) мәмілелер рыногы бар және де депозит операциялар нарығы фьючерстік нарық бар.
Аймақтық нарықтартардың әр түрлі сағат белдеулерде орналасуына байланысты валюталық нарықтар тәулік бойы жұмыс жасайды.
Ішкі валюталық нарықтар - бұл бір мемлеккеттің валюталық нарығы яғни ұлттық валюта қызмет көрсететің ұлттық валюталық рынок. Сонымен қатар ішкі валюталық нарық белгілі мемлекет территориясында банктердің клиенттерге қызмет көрсету, яғни олардың қатарына жеке тұлғалар, компаниялар болуы мүмкін. Мұнда банктер халықаралық операцияларды жүргізуге мамандалмаған. Сонымен қоса ішкі ұлттық рыноктың операцияларына компаниялар арасындағы және жеке тұлғалар арасында және де валюталық биржасында жүргізілетің операцияларды жатқызады.
Аймақтық және жергiлiктi нарықтарда белгiлi бiр конвертирленетiн валюталармен операциялар жүргiзiледi. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б.
