Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.ответы по вал.опер..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
77.31 Кб
Скачать

153. «Спот» жағдайындағы шетелдік валюта саудасы.

СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар

1997 жылдың iшкi валюталық нарықтағы валюталық айырбастау операцияларының ерекшелiгi операциялық тәжiрибеге СПОТ операциялары сияқты құралдарды енгiзу болды.Мұндай операциялар АҚШ долларына және Қазақстан теңгесi бойынша қысқа мерзiмдiк өтiмдiлiктi көтерудегi банктiк тұтынуды қанағаттандыруға мүмкiндiк бердi.

Бұл кезде биржа нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың көтерiлмеуi және валюта бағамының сәйкес түрде өзгермеуi тиiс iшкi рыноктар 10 СПОТ операциясы жүргiзiлдi.

Биржадан тыс валюта нарығының дамуына қарай, биржадағы сауда – саттық көлемдерi азайды валюталық операциялардың едәуiр бөлiгi биржадан тыс нарықтың үлесiнде. Биржалық көлемдер динамикасындағы мерзiмдiк факторды атап өту керек.

Фьючерстiк контрактiлар шетелдiк валютаның сауда-саттғынан кейiн 1,2 және 3 айға (СПОТ) шарты бойынша жасалады.

Кассалық келісімдер немесе дереу орындалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге асырылады. Спот бағамы операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай кассалық келісімдер валютаны дереу алу үшін ғана емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алыпсатарлық операцияларды жүргізу үшін қолданылады.

Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша валбтаны сату, сатып алу және оны контрагент– банктердің келісім жасалған күннің ертеңінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі «валюталандыру күні» деп аталады. Мұның өзін келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.

154. Жедел валюталық мәмілелер. "Аутрайт" курсы.

Аутрайт келісім шарттар (outright) бұл «спот» келісім шартының валюталау күнінен өзгеше бірлі жарым конверсиондық операциясы немесе мерзімдік келісім шартының курсында сый ақылар және женілдіктер көзделген келісім шарт.

Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы нарығы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуімен байланысты республикамыздағы мерзімдік сауда бірте-бірте кеңейіп келеді және оның дамуына бірқатар факторлар әсер етуде:

  • Мерзімдік келісімдер нарығы әртүрлі өнімдерді өндірушілер мен тұтынушыларды тауарды өткізуде немесе сатып алуда баға тәуекелдігін кемітуге мүмкіндік береді;

  • Экспорттаушылар мен импорттаушыларды валюта бағамының шайқалу себебінен туындайтын тәуекелділіктен қорғайды немесе оның әсерін азайтады. Мерзімдік келісімдер шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы болып отыр;

  • Мерзімдік келісімдер нарығының өзі нарықтық экономиканы тұрақтандырушы механизмге айналып отыр, соның ішінде қаржы-қаражат секторының да бірқалыпты жұмыс істеуіне игі әсерін тигізіп, қаржы активтері иелеріне құндық бағамдарды қамсыздандыруға, ал кредиторларға пайыздық қойылымның өзгеруін қамсыздандыруға едәуір жәрдем жасайды. Мерзімдік келісім – шарттардың түрлері:

  • Форвардтық келісімдер нарығы;

  • Фъючерстер нарығы;

  • Опциондар нарығы.

Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді.

Аутрайт келісім шарттар (outright) бұл «спот» келісім шартының валюталау күнінен өзгеше бірлі жарым конверсиондық операциясы немесе мерзімдік келісім шартының курсында сый ақылар және женілдіктер көзделген келісім шарт.