Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.ответы по вал.опер..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
77.31 Кб
Скачать

Валюталық операциялар

151. Валюталық курс. Валюталық курсқа әсер етуші факторлар. Валюталық курс режимдері.

Валюталық бағамның құндық негiзгi валютаның сатып алу қабiлетi болып табылады. Бұл экономикалық категория тауар өндiрiсiмен және тауар өндiрушiлерiмен дүниежүзiлiк нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi. Құн тауар өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс және айырбас процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген. Тауарлардың және қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық баған көмегiмен ұлттық бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде белгiлi бiр елде қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы жұмсаудың тиiмдiлiк дәрежесi анықталады.

Нарықта нақты валюталық бағам қалыптасады. Ол экономикалық жағдайының, ақша айналысының, қаржының, несиенiң және белгiлi бiр валютаға сенiм дәрежесiнiң көрсеткiшi. Валюттық бағамды мемлекеттiк реттеу валюта-экономикалық саясат мiндеттерiне сүене отырып, оны жоғарылатуға және төмендеуге бағытталған. Осы мақсатпен валюталық саясат жүргiзiледi.

Номиналды валюта бағамы елдiң нақ осы уақыттағы жүрiп жатқан валютаның айырбас бағамын көрсетедi.

Сатып алу күшi (еррр) тұрақты паритетiн қуаттап тұратын валюта бағамы нақты валюта бағамымен табиғаты (шығу тегi) бiрдей.

Баға қатынасы негiзiнде есептелген нақты валюта бағамынан басқа осы көрсеткiштi басқа негiзбен қолдануға болады.

Қазiргi жағдайда валюта бағамы кез-келген нарықтық баға сияқты сұраныс пен ұсыныс әсерiмен құрылады. Соңғыларын тепе-теңестiру валюта нарығында нарықтық валюта бағамының тепе-теңдiк деңгейiнiң орнығуына алып келедi. Бұл негiзгi (фундаментальдi) тепе-теңдiк деп аталады.

Валюта бағамының қалыптасуы - көп факторлы процесс. Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететiн факторларға мыналар:

  • инфляция қарқыны;

  • процент мөлшерiнiң деңгейi;

  • бағалы қағаздардың табыстылық деңгейi;

  • төлем балансының жағдайы.

Бұл факторлар елдiң экономикалық жағдайын бiлдiретiн факторлар.

Төлем балансы - елдiң дүниежүзiлiк байланысының құндық көрiнiсi.

Төлем балансының тұрақсыздығы сәйкес валютаға сұраныс пен ұсыныстың секiрмелi өзгеруiне әкелiп соғады. Қазiргi уақытта төлем балансына капиталдың халықаралық қозғалысының әсерi өсiп отырғандықтан, оның әсерi валюталық бағамға да өседi. Оларға келесі факторларды жатқызамыз:

  • әртүрлi елдердегi проценттiк ставка айырмашылығы.

  • проценттiк ставканың өзгеруi капиталдың халықаралық қозғалысына әсер етедi.

  • проценттiк ставкалар валюталық нарық және қарыз каппиталы нарығының операцияларына әсер етедi.

  • валюталық нарық және спекулятивтiк валюталық операциялар қызметi.

белгiлi бiр валютаның евронарықта және халықаралық есеп айырысуларда қолдану дәрежесi.

Сондықтан мұнайға бағаның өсуi мемлекеттердiң қарыздары бойынша төлемдердiң өсуi доллардың сатып алу қабылетi төмендеген кезде де, оның курсының өсуiне мүмкiндiк туғызады.

  • Валюталардың бағамдық ара-қатынасына, сонымен қатар халықаралық төлемдердiң тездетiлуi немесе тұрып қалуы әсер етедi. Ұлттық валюта бағаны төмендеп кетуi мүмкiн деген оймен импортерлар контрагенттерге шетел валютадағы төлемдi тездетедi. Шетел валютасының бағаны жоғарлап кеткен жағдайда импортер зиян шегуi мүмкiн.

  • Ұлттық валюта тұрақталған жағдайда керiсiнше шетел валютадағы төлемдердi кiдiртуге ұмтылады. Мұндай тәжiрибе “лидз энд лэгз деп аталады” және валюта бағамына төлем балансына әсер етедi.

  • Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықта валютаға деген сенiм дәрежесi. Ол елдегi экономикалық және саяси жағдайларға, сонымен қатар валюттық бағамға әсер ететiн жоғарыда аталып өткен факторларға байланысты. Дилерлер экономикалық өсу қарқынын инфляцияның, валютаның сатыпи алу қабiлетiн валюталарға сұраныс пен ұсыныс арақатынасын ескерiп қана қоймай, олардың қозғалу келешегiн де ескертедi. Кейбiр жағдайда сауда нәтижелерiнiң жариялануын күтуде валюталардың сұранысына, ұсынысына және бағамына әсер етедi.

  • Валюттық саясат. Валюттық бағамды нарықтық және мемлекеттiк реттеу ара-қатынасы оның динамикасына әсер етедi. Валюттық нарықтық валютаға сұраныс пен ұсыныс механизмi арқылы валюттық бағамның қалыптасуы әдетте курстың ара-қатынасының тез өзгеруiмен қабаттаса жүредi.

Валюталық бағам төмендегідей қажеттіліктерді өтейді:

  • товар, қызмет саудасында, капитал және несие қозғалысында валютаны өзара айырбастаған экспорттаушы түскен штелдік валютаны ұлттық валютаға айырбастайды, себебі шетелдік валюта берілген ел территориясында заңды тұтыну және сатып алушы құрал ретінде қолданылмайды;

  • импорттаушы ұлттық валютаны шетелдік валютаға, шетелде сатып алынған товарлар үшін төлеу үшін ауыстырады.

  • Сонымен бірге әлемдік және ұлттық рыноктардағы бағаларды, әртүрлі елдердің ұлттық және шетелдік валюталарында есептелген құнды көрсеткіштерін салыстыруға қажет;

  • банктер мен фирмалардың шетелдік валютадағы счеттарын қайта бағалау үшін қажеттілік туады.

Валюталық бағамның бес жүйесі бар:

  • еркін жүзу /қалқу/,

  • басқарылатын жүзу /қалқу/,

  • тұрақты курс, /монопольды, кесілген/

  • мақсатты аймақ,

  • валюталық курстардың аралас жүйесі.

Еркiн қалқу жуйесiндегi валюта бағамы нарықтық ұсыныс пен сұраныстың әсерiнен қалыптасады. Бұл жерде валюталық форекстiк нарық нағыз нарық моделiне жақындатылған: қатысушылардың көлемi сұраныс жағында да үлкен жүйедегi кез-келген ақпарат лезде жеткiзiледi және нарықтың барлық қатысушыларына қол жетерлiк, орталық банктердiң бұрламаушы ролi әлсiз және тұрақты емес.

Басқарылатын қалқу жүесiнде валюта бағамына сұраныс пен ұсыныстан басқа, орталық банктер де үлкен әсерiн тигiзедi, сондай-ақ, әр түрлi уақытша (мерзiмдiк) нарықтық бұрмалаулар.

Бекiтiлген бағамдар /тұрақты курс/ жүесiне Бреттон-Вудтiк валюта жүйесi (1944-1971ж.ж) мысал бола алады.Онда барлық валюталардың бағамы долларға ауытқу шегi +/-1%-пен бекiтiленген, ал доллар бағамы алтынға мықты байланысты болды:алтынның 1 троялық унциясына=35 доллар.

Мақсатты аймақтар жүйесi бекiтiлген валюттық курстар идеясын дамытады.Одан басқа бұл түрге Европа валюта жүйесiнiң қатысушы елдерiн валюта бағамдарының жұмыс iстеу режимiн жатқызуға болады.

Гибридтi валюталық /валюталық курстардың аралас жүйесі/ бағамдар жүйесiмне қазiргi валюталық жуйе мысал болады. Онда валюта бағамының еркiн қалқуын iске асыратын, тұрақтылық аумағы бар елдер.