Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос по языку ответ 25.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44.64 Кб
Скачать

1.«Қазақстан спортшылары» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Сәлем, Илья

-Қалайсың, Самат?

-Бүгін Қазақстан спортшыларына арналған кешке барасың ба?

-Қолым бос, барсақ барайық. Кімдер туралы айтады екен?

-Әрине, спорттың әр түрінің атақтылары туралы. Мысалы: бокстан Б.Саттарханов, Е.Ыбырайымов және жүгіруден О.Шишигина туралы айтатын болар.

-Кеттік, қызықты болатынына сенімдімін.

2.«Болашақ» бағдарламасы тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне барынша мән беріледі, ол 2008 жылдан бері негізгі шарттың бірі болып енгізілді. Үміткерлер 150 сұрақтың 90-на дұрыс жауап беруі тиіс. Бүгінгі күні "Болашақ" бағдарламасы бойынша 949 стипендиат шет елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда. Болашақ бағдарламасы бойынша шетелде білім алу үшін елдер тізіміне: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Франция, Чехия,Швеция, Швецария, Жапония сынды елдер кіреді.

3.«Сен» есімдігін септеңіз.

А.с. сен

Ж.с. сенде

І.с. сенің

Ш.с. сенен

Б.с. саған

К.с. сенімен

Т.с. сені

12-билет

1.«Менің болашақ мамандығым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Балам, 9-сыныпты аяқтап қалдың. Қай мамандыққа тапсырмақсың?

-Мама, мен программист болғым келеді.

-Неліктен?

-Компьютермен жұмыс істеу маған ұнайды.

-Жарайды, таңдау өзіңде.Сәттілік.

-Рахмет, мама.

2.Дене мүшелері туралы әңгімелеңіз.Адамның дене мүшелеріне: бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық және т.б.жатады. Жалпы «адам қаңқасы» дейміз. Басқа: бет, көз, құлақ, тіл, тіс, маңдай, ауыз, мұрын, шеке, иек, қас, ерін, таңдай жатады. Әр дене мүшенің өз қызметтері бар. Біз барлық дене мүшелерімізді таза ұстауымыз керек.

3.Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз. Қайсібірі бұралаңдап жүріп атқылайды, екіншісі танктің артына тасаланады. Оның ұсынған қолын Тайман қысты да, Саша сәлемін алмастан теріс айналып кетті. Отауға жеткен соң, шешесі мен Шынар отауға кіріп кетті.

13-билет

1.«Менің досым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Сәлем, Аня, қалың қалай?

-Сәлем, Айгерим, жақсы. Не жаналық?

-Сенің Мұқанов көшесінде тұратын құрбыңды көрдім. Аты кім еді?

-Аааа, Настяны ма?

-Иа. Саған сәлем айтты. Жақсы қыз сияқты иа?

- Иә, өте қарапайым,тәрбиелі, сабақты да жақсы оқиды. Екеуіміз 1-сыныптан танимыз.

-Дұрыс екен, жарайды мен сабаққа барайын.

-Айтқаныңа рахмет, сау бол.

2.«Қыз Жібек» фильмі туралы әңгімелеңіз. Режиссер Сұлтан Ғ.Мүсiреповтiң «Қыз Жiбек» сценарийi бойынша кино түсірді. Бұл фильм ұлт мәдениетiн өте биiк деңгейге көтердi. "Қыз Жiбек" күнi кешегi махаббат аңызы. "Қыз Жiбек" - ұлтымыздың жан-дүниесiндегi тазалық, мөлдiрлiк, инабаттылық, шыншылдық туралы әфсана! Фильмде басты рөлдерді: Жібекті – Меруерт Өтекешова, ал ғашығы Төлегенді – Құман Тастанбеков ойнаған.

3.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Күн сәулесі Ажардың бетіне терезеден дірілдей түсіп тұрды.

14-билет