Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика-математика факультеті

Информатика кафедрасы

ОҚУ-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША

ЕСЕПТЕР

МАМАНДЫҒЫ: Механика

БІЛІМГЕР:Көкталов М.А

ОҚУ-ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІ: Кабдрахова С.С.

Алматы, 2013

Мазмұны

І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

ІІ. Есептер:

  1. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесінің шешімін табу Гаусс алгоритмі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  2. у=f(x) функциясының графигін сызу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  3. Cызықтық емес теңдеулерді шешудің кесіндіні қақ бөлу әдісі . . . . . . . . .

  4. Cызықтық емес теңдеулерді шешудің жанамалар әдісі . . . . . . . . . . . . . . .

  5. Анықталған интегралды жуықтап есептеудің тіктөртбұрыштар әдісі . .

  6. Анықталған интегралды жуықтап есептеудің трапециялар әдісі . . . . . . .

  7. Анықталған интегралды жуықтап есептеудің Симпсон әдісі . . . . . . . . .

  8. Гаусс-Жордан алгоритмі (кері матрица табу) . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  9. Кірістірілген циклдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

156 (а) (С.А.Абрамов). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  1. Матрицалық есепте кірістірілген циклдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

199(С.А.Абрамов). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

283(а) (С.А.Абрамов). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  1. Есеп шығару жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

334(а) (С.А.Абрамов). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  1. Матрицаларды құру және өңдеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

369 (С.А.Абрамов). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

710 (С.А.Абрамов). .

  1. Символдық типті массивтер. Жол және оған қолданылатын өрнектер . . . . String 11 (М.Э.Абрамян ).. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  2. Файлдармен жұмыс істеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . File 11 (М.Э.Абрамян ). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  3. Матрицаларды қөбейту

  4. . .Матрицаларды өңдеу . .

ІІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

КІРІСПЕ

Оқу практикасы мамандарды дайындау деңгейін анықтайтын оқу процесінің негізгі бөлігі болып саналады, сонымен қоса қазіргі уақытттағы бағдарламалық қамтамассыздандыруды өңдеу мен құруда және жобалауда, оларды сәйкесінше қолдануда есептерді өз бетінше шеше алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Оқу практикасы 1 курста факультетте компьютерлік класта өткізіледі.

Оқу практикасының мақсаты семестр аралығында өтілген әртүрлі бағдарламалау тілінен берілген тақырыптарды, сонымен қатар қарастырылмаған тақырыптарды бекіту мақсатында есептер шығарады.

Оқу практикасының міндеті:

- оқу барысында бағдарламалаудан алған білімдерін бекіту;

- бағдарламалау бойынша тереңдетілген білім алу;

- бағдарламалаудағы әртүрлі есеп алгоритмдерін меңгеру;

- бағдарламалаудағы әр түрлі есептерді түрлі бағдарламалау тілдерінде шеше білуді үйрету.

Практика оқытушы мен студенттің жеке жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Әрбір студент оқытушыдан кеңес ала отырып, жеке тапсырмалар орындайды. Оқытушы қажетінше керекті теориялық материалдарды береді, берілген материал бойынша студент өзіне тиесілі тапсырманы орындайды. Студент есепті шешу барысында, яғни алгоритм құру және бағдарламалауды есептеуде оқытушыдан кеңес алуына болады.

1. Оқу практикасын ұйымдастыру.

Практика факультеттің компьютерлік кластарында өткізіледі. Практикаға жетекшілік етуді университет тарапынан кафедра бекіткен оқытушылар орындайды.

2. Студенттерді практикаға жіберу

Студенттерді оқу практикасына университеттің ректоры бекіткен бұйрыққа сәйкес жіберіледі. Жіберер алдында практика жетекшілері студенттермен жиналыс өткізеді, яғни оқу практикасын өту ережелерін түсіндіреді, практика мақсатын, міндетін көрсетеді, практиканың өту әдістерін түсіндіреді және қажетті құжаттарды береді (оқу практикасының бағдарламасын, оқу практикасы есебінің формасын, практика кезінде орындайтын жеке тапсырмалар).

Кафедра тарапынан бекітілген практика жетекшісі студенттерді жүйелі түрде бақылап отыруы керек, практиканың өтуіне байланысты кемшіліктерді реттеп отыруы тиіс, студенттердің бағдарламаны уақытылы орындамағандығын және жеке тапсырмаларды орындауларын бақылап отыруы керек, есепті сапалы және уақытылы дайындауларын қадағалап отыруы керек, және де практика аяқталғаннан кейін оны кафедра алдында өз ойымен практика өткен жердегі өзінің кемшіліктерін және ұсыныстарын, ойларын жеткізе білуі қажет.

Практика өтетін жерге студент бағыттау парағында көрсетілген мерзім бойынша тура келуі керек. Практиканы өту барысында студент ішкі ережелерді қатаң сақтауы керек.

Жалпы практиканың өтуін «Информатика» кафедрасының меңгерушісі қадағалайды.

3. Оқу практикасы кезіндегі студенттің міндеті

Студент қатаң түрде факультеттің ішкі ережелерін және еңбек қауіпсіздігін сақтау керек және жетекшісінің тапсырмаларын орындау керек.

Студент берілген уақыт ішінде жеке тапсырмаларды орындау қажет.

Оқу практикасы кезінде студенттер күнделікті жасаған жұмыстарын, өзінің бақылауларын және технологиялық үрдістердің нәтижесін, қорытындыларын және ұсыныстарын жазып отыратын күнделік жүргізеді. Орындалған жұмыс қорытындысы бойынша және күнделіктегі мәліметтер бойынша студент өткен оқу практикасының негізгі кезеңдері көрсетілген жазбаша түрде есеп жазуы керек.

Өткен практика қорытындысы бойынша факультет тарапынан бекітілген жетекші әрбір практиканттың күнделігін және есебін растайды.

Практика аяқталғаннан кейін студент кафедраға факультет тарапынан бекітілген жетекшісінің пікірі және кафедра тарапынан бекітілген жетекшісінің қолы бар өткен практикасының нәтижесін жазбаша есеп түрінде тапсыруы міндетті. Одан кейін студент кафедрада кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия алдында есебін қорғайды.

4. Оқу практикасының құжаттары

Практиканың соңғы екі күні ішінде студент кафедраға келесі құжаттарды тапсыруы тиіс: оқу практикасының күнделігі және есебі. Бұл құжаттар факультет жетекшісімен қол қойылып, мөр басылады.

Күнделік студенттің практикаға келгендігін дәлелдейтін және бағдарламаны орындағандығын сипаттайтын негізгі құжат. Күнделіктегі мәліметтер бойынша практика туралы есеп жазылады. Күнделікке күнделікті студент қайда, қашан және қандай жұмысты орындағандығы, жетекшісінің бағасы, кемшіліктер және ұсыныстар туралы жазба жазылады.

Практика туралы есеп қорытындылайтын құжат және орындалған жұмыстың ғылыми-практикалық өзіндік жұмыс екендігін көрсетеді. Есеп мәтінінің мазмұны бағдарламадағы сұрақтарға сәйкес және қатесіз әрі безендірілген болуы қажет.

Есеп қорытындысымен және ұсыныспен аяқталуы керек. Есептің жалпы көлемі қол жазбамен 30 беттен аспауы тиіс. Практиканың өткендігі туралы құжаттар (күнделік және практика есебі) практиканың соңғы екі күнінде тапсырылуы тиіс.

Студенттің есебі оқу практикасының нәтижесі бағаланатын комиссия отырысында тыңдалады. «Қанағаттанарлықсыз» баға алу немесе есеп тапсырмаған жағдайда қайтадан оқу практикасын өтуге тура келеді.

Студент практикаға дұрыс қатыспаған, ержелерді бұзған жағдайда немесе практика бағдарламасы бойынша сынақ кезінде толық дайындығы болмаған жағдайда ережелерді бұзу сипаттамасына қарай 2-ші жылға қалдырылады немесе студент қатарынан шығарылады.

Студенттердің практикадан өту нәтижесінің бағасы теориялық курс бойынша емтихан бағасымен бірдей бағаланады және стипендия тағайындауда ескеріледі.