
- •1.Меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар пәні
- •1.Субъективтік меншік құқығы
- •2.Азаматтардың меншік құқығының субъектілері
- •Емтихан билеті № 3
- •1.Объективтік меншік құқығы
- •2. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері
- •Емтихан билеті № 4
- •1.Субъективтік меншік құқығы
- •2.Азаматтардың меншік құқығының объектілері
- •3.Пайдалану құқығы
- •1. Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге асырылуы
- •3. Заттың қирауы және жойылуы
- •3. Жерге меншік құқығының түсінігі.
- •7 Билет
- •2. Реквизиция
- •3.Жай серіктестіктің ортақ меншігі
- •8 Билет
- •Емтихан билеті № 9
- •1.Шаруашылық серіктестіктің ортақ меншігі
- •2. Өңдірістік кооперативтің меншік құқығы
- •3. Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттар
- •2.Ортақ меншіктің түрлері
- •3.Олжа ұғымы
- •2. Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы пайда болатын кез(238-бап)
- •2.(Шаруа фермер) қожалығының ортақ меншігінің құқықтық ерекшеліктері.
- •II. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру
- •III. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету
- •I.Банкрот деп тану
- •II. Акционерлік қоғамды басқару
- •III. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару
- •Емтихан билеті № 19
- •Емтихан билеті № 20
- •Емтихан билеті № 21
- •Емтихан билеті № 22
Емтихан билеті № 19
Меншік құқығының нысаны мен түрлері. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында:« Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады,» - деп жазылған. Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанында – жеке (191бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәріптейді. Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса ( тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi. Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.
2. Жер учаскесі ұғымы мен белгілері. жер учаскесі - Жер Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі. Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттiк меншiкте болады. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн. жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы. жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.
3. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері мен әдістері. АК-нің 249-бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi. 1. Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады. 2. Мүлiктi меншiк иесiнен мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берiлмейдi, бұған мына реттер:1) меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен;2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған;3) реквизицияланған;4) тәркiлеген;5) жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi мәжбүрлеп иеліктен шығарған;6) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қойған;7) мемлекет меншігіне алып қойған реттер кірмейді.3. Мемлекеттік меншіктегі мүлік:1) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіндекөзделген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен;2) мемлекеттік меншік объектілерін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын төлеуге (қалыптастыруға немесе ұлғайтуға) беру арқылы;3) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де жағдайларда иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі.3-1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi.