Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptary_Menshik_1179_1201_1179_y_1171_y_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.88 Кб
Скачать

2.(Шаруа фермер) қожалығының ортақ меншігінің құқықтық ерекшеліктері.

Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді, ауыл шаруашылық өнімін өндіруімен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатуымен және өткізуімен тығыз байланысты отбасылық еңбек бірлестігі шаруа /фермер/ қожалығы деп танылады.

Шаруа /фермер/ қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, бірлескен меншік құқында болады және оның мүшелеріне тиесілі болады. Шаруа /фермер/ қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігіндегі оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскесіндегі шегелер, шаруашылық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен құс шаруашылық және техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайман және басқа мүлік болып табылады. Шаруа /фермер/ қожалығының бірлескен меншігінің туындауының алдын-ала жағдайы бұл осындай шаруашылық құру болып табылады. Бұлар құрылды деп танылады, жер пайдалану құқығын немесе жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізген сәттен бастап, егер де, шаруа /фермер/ қожалығы жалданбалы /аренда/ жер учаскесінде жүргізілсе, арендалық шарт жасасқан кезден бастап, құрылды деп табылады. Шаруа /фермер/ қожалығының қызметі арқылы алынған өнімдер, жемістер және пайдалар шаруа /фермер/ қожалығының ортақ мүлігі болып табылады, және арасындағы келісім артық пайдаланады. Шаруа /фермер/ қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған жемісі, өніммен табыс шаруа /фермер/ қожалығы мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік мүлкі болып табылады, және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланады. Егер де келісімге келе алмаған жағдайда сотпен шешіледі. Шаруа /фермер/ қожалығының мүддесіне байланысты мәмілелерді, кімнің атына тіркелген қожалығы сол, яғни оның басшысы жасайды. Сонымен, шаруа /фермер/ қожалығының басшысы ұйымдармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді және заңмен тиым салынбаған Азаматтық құқықтық мәмлелерді жүзеге асырады. Жер учаскесі және өндіру құралы шаруа /фермер/ қожалығына жататын, егер де қожалықтың бір мүшесі одан шыққан кезде бөлінуге жатпайды. Мүшеліктен шыққан адам, ортақ мүліктегі, ортақ меншігіндегі үлесіне сай ақшалай компенсация құқылы.

Барлық мүшелерінің шығып кетуіне байланысты немесе өзге негіздер бойынша шаруа /фермер/ қожалығы тоқталған жағдайда ортақ мүлік қатысушылары арасында келісім бойынша өздерінің арасында бөлінуі мүмкін.

3.Ортақ меншік құқығын тоқтату. Ортақ меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлестерін бөліп шығару қатысушылардың келісімі арқылы жүргізіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі. Ортақ меншікті бөлу кезінде барлық қатысушылардың құқығы тоқтатылады, ал әлдекімге үлесті бөліп шығару үшін ортақ меншіктен оның үлесі ғана бөлінеді.Әрбір қатысушы өзінің үлесін ортақ мүліктен бөліп беруді талап ете алады. Мүліктегі үлестерді бөліп беру барлық меншік иелерінің келісімімен шешіледі.Ортақ меншікті бөлу немесе одан үлесті бөліп шығару үшін әрбір қатысушының мүлікті ортақ пайдалану құқығындағы үлесін алдын ала анықтап алу керек. Ал бөлудің негізі мен тәртібі бірлескен қызметтің жекелеген түріне әртүрлі келеді.Жұбайлардың бірлескен қызметі нәтижесінде ортақ меншікке айналған мүлік неке бұзылған кезде бөлінеді, жұбайлардың бірінің міндеттемелігі бойынша н/е жасалған қылмысқа байланысты залалдың орнын толтыру керек болғанда жұбайлардың бірі екіншісіне неке бұзылғанына қарамастан өз үлесін алуға талап қоя алады.Шаруа фермер қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды.Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлікке ортақ меншіктегі өз өз үлесіне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 17

Банкроттық

Банкроттық - соттың шешiмiмен танылған немесе несие берушiлердiң келiсiмi негiзiнде соттан тыс тәртiппен ресми хабарланған борышкердiң оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.

Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi өзiне тиесiлi мүлiк есебiнен қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]